Home » Балабақша (page 168)

Балабақша

«Арыстан мен тышқан» ертегісі

Мақсаты:Балаларды ертегіні рөлдерге бөліп сахналауға,ертегінің мазмұнын түсінуге,берілген тапсырмаларды орындауға,балалардың сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту,кішіпейілдікке,батырлыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу.  Қажетті көрнекіліктер:атрибуттар,геометриялық пішіндер,суреттер,сандар,көкөністер мен жемістер. Барысы Шаттық шеңбері: Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық, Жүрекке жылу жинайық, Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық. Сұрақ-жауап.       — Жарайсыңдар,балалар, біз қонақтарға не шаштық? — Күн қайда болады? — Күннің түсі,пішіні қандай? — Мынау не? — Бұл күнге нелер жетіспейді? ...

Толығырақ »

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.Бұл мақалада сананы жаңғырту,ұлттық болмыстан,ұлттық намыстан айырылып қалмай,әлемдік құндылықтармен үйлестіріп,Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер көтеріліп отыр.Ол адами құндылықтар,рухани қазына,жастарды тәрбиелеу,олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға тартып отыр. ...

Толығырақ »

Құстар – көктем жаршысы

Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор болуға үйрету. Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу Баланың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу; Айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой — өрісін жетілдіру. Құстарды қорғауға, аялауға, әдемілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктері: «Құстар біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклеттер, альбом, плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа, табиғат ...

Толығырақ »

Үшбұрыш. Бір – көп. Логикалық тапсырма.

Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру. Міндеттері: таңертең тәулік бойымен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: әже, үлкен және кішкентай үшбұрыштар бейнеленген сурет, түрлі-түсті доптар. Барысы. Тәрбиеші: Балалар, бізге бүгін көп қонақтар келіп ...

Толығырақ »

Спорттық демалыс: Алақай! Ауылдағы атам мен әжемнің үйіне қонаққа барамыз!

Мақсаты: 1.Үй жануарлар және үй құстарымен таныстыру; жануарлардың қимылдарын салып,жаттығуларды орындау. 2.Жылдамдық,ептілік және күштілік қасиеттерін дамыту. 3.Қимыл-қозғалыс ойындарын ойнату арқылы балалардың зейіндерін дамыту. Құрал-жабдықтары: үй жануарлары мен үй құстарының бет-перделері,үнтаспа.  Барысы: Жүргізуші: Міне, жаз да өтті. Кейбір адамдар теңіз жағасында күнге қыздырынды,ал біреулер шетелге барып келді, көпшілігі ауылға барады. Бүгін біз ауылдағы жазғы демалысымыздың қандай болғанын еске түсіреміз. Енді ауылға ...

Толығырақ »

Күшік неге көңілсіз?

Мақсаты: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу, ит – жеті қазынаның бірі екенін айтып түсіндіру. Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу. Балаларға үй жануарларының бірі күшік туралы мағлұмат беріп, әңгімелеу. Оның әдемілігін, сүйкімділігін сезінуге және қайырымдылыққа баурап, жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: демонстрациялық суреттер, жұмсақ ойыншық күшік, слайд, дид/ойындар Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын Музыкамен залға кіреді. Келген қонақтармен амандасу. ...

Толығырақ »

Ұлттық аспаптар

Мақсаты: балалардың қазақтың ұлттық аспаптар жайлы мағлұмат бере отырып, аспаптық музыкаға және ән өнерге деген қызығушылығын ояту, басқа музыкалық аспаптан ұлттық аспаптарды ажырата білу. а) білімділік: әр аспап жайлы түсінік беру, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру; ә) дамытушылық: қазақтың басқа да аспаптарының әр атауларын айтқыза отырып тілдерін, есте сақтау, ырғақты сезу қабілеттерін дамыту; б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық ...

Толығырақ »