Home » Мақалалар (page 8)

Мақалалар

Тәрбиеші — балабақша жүрегі

«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» Мағжан Жұмабаев 5-қазан Ұстаздар күні мерекесіне орай Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №194 бөбекжай-балабақшасында “Тәрбиеші — балабақша жүрегі” атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараны “Күншуақ” тобының балалары мен топ тәрбиешісі Сапаргалиева Алтынай Дюсенгалиевна ұйымдастырып, балабақша ұжымын мерекемен құттықтады. Тәрбиеленушілер ән шырқап, мың бұралып би биледі. Білдіршіндер балабақшаның әр қызметкеріне арнап өлең оқып, құттықтау ...

Толығырақ »

Lesson Study: әріптестік ынтымақтастықта жұмыс жасаудың негізі

Алматы қаласы «№65 мектеп- гимназия» КММ, тарих және құқық пәні мұғалімі Абдиманов Сырым Амиржанович          Білім саласына жаңалықтар ағыны толассыз енген заманда оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыру кәсіби шеберлікті қажет етеді. Басты байлық саналатын білімді үздіксіз жетілдіру арқылы толағай табыстарға қол жеткізуге болады. Күн сайын біз түрлі инновациялық тәсілдерді қолданудамыз. Соның бірі – біз қолданатын, Жапон мектептерінде  мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізі боп ...

Толығырақ »

Парфюмерлік және косметикалық өнімдер.

Парфюмерлік және косметикалық өнімдерді таңдау – қиын міндет, оны шешуге үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Нарықтағы өнім ауқымынан қауіпсіз косметиканы таңдай білу маңызды. Парфюмерлік-косметикалық өнімдер — адамның сыртқы жабындысына (тері, шаш, тырнақ, ерін және т. б.) немесе ауыз қуысының тістері мен шырышты қабығына оларды тазартудың, сыртқы түрін өзгертудің, жағымды иіс берудің жалғыз немесе негізгі мақсатымен тікелей жағуға арналған зат немесе заттар ...

Толығырақ »

Ұлағатты ұстаздар ұстаханасы

Сатаева Бақытгүл Иманғалиқызы,  ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі         Дүниеде сан мамандық бар, десек те ұстаздық – ұлы қызмет. Ұлылығы —  ұрпақ тәрбиелеуде. Осынау киелі мамандықтың иесі бола жүріп, саналы азаматтар тәрбиелеу үшін ұстаздар бар күшін сарқа жұмыс жасауда. Мен қызмет ететін, білім ордасы, ұлағатты ұстаздар ұстаханасы  — Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы №140 ...

Толығырақ »

Қазыналы қариялар

Қариялардың кеудесі – алтын сандық. Ол сандықта атадан балаға жалғасып келе жатқан имандылық, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттері тұнып тұр. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір ...

Толығырақ »

Ұстазым менің, ұстазым…

Адамның адамшылдығы-жақсы ұстаздан болады, — деп, Абай атамыз айтқандай, «Ұстаз — ең қастерлі ұғым». Ұстаз — Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі десем артық айтқаным болмас. Мыңдаған бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, таудай азамат етіп шығаратын ұстаздарға барлық адамзат баласы борыштар деп ойлаймын. Мен ...

Толығырақ »

53 тің ерекшелігі

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Әуезов ауданында орналасқан «№53 бөбекжай-балабақшасыда»  «Полиглот» тақырыбында тәжірибе алмасу  сенмнар өтті. Бүгінгі тәжірибемен бөлісу семинары барысында бүлдіршіндердің үш тілде ойын ойнап, ән айтып, өлең оқығандарына куә болдық. BILIM AINASY Алматы қаласы Елназ Тұрсынғалиқызы және Ақерке Амангелдіқызы

Толығырақ »

«Мен сүйетін мамандық»

«Ұстаз болу – өзіңнің біліміңді ғана емес, жүрегің мен жаныңды шәкіртіңе арнау.» Беньямин Мирко          Ұстаз… Қанша терең мағына, қанша шексіз мейірім мен шыдамдылық, қанша жанкештілік пен адалдық жатыр бұл сөздің астарында. Ұстаздық – жай ғана жұмыс емес, бұл өмірдің мәні, жүректен шыққан шынайы қызмет. Өзгенің өміріне өзгеріс енгізе отырып, оны жақсылыққа жетелеу – әр ұстаздың ұлы ...

Толығырақ »

Көкшетаудағы “Біртұтас тәрбие”

    Көкшетаудан сөйлеп тұрмын 02 Ақмола облысы Білім басқармасына қарасты облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Ләззат Сұрағанқызы таныстырған “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының облыстық әдістеме  жетекшісі Темиргалина Салтанат Гапуровнаға еріп Ақмола облысы, Көкшетау қаласыда орналасқан М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясына бардым. Ол жерде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнаш Кенжинаның жұмыстарымен таныстым. — Айнаш Бурумбайқызы, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын қалай түсінесіз? — «Мың жылдығын ...

Толығырақ »

Кешегіден бүгінге…

Көкшетаудан сөйлеп тұрмын… Ақмола облысының Көкшетау қаласында орналасқан білім басқармасында болдым. Басқарма басшысының есігі жабық, құлыптаулы, мөр басулы екен. Осы есіктің арғы жағында талай кісілермен кездестік. Оның ішінде елге шынайы жанашыры да, жанашырсымағы да болды. Жақсының жақсылығын айтасың- ау, жаманның несін айтарсың. Не болса да ішімізде.  2017-2020 жылдар арасында бұл тұтқаның иесі болған қазіргі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ақмола облысынан ...

Толығырақ »