Тіл – ұлттың ең құнды дүниесі. Тәуелсіздігіміздің тірегі де, жаршысы да – тіл. Олай болса, мемлекетіміздің «Қазақ елі, яғни «Мәңгілік ел» ел боларына сенім білдіру – азаматтық парызымыз. Тарихқа зер салсақ, жатқа жалтақтамай, елдігін сақтап өмір сүру қашан да әр халық үшін арман болған. Сол үшін қан төккен, басты оққа байлаған. Елдің болашағын ойлаған. Аттың жалы, түйенің қомында күн кешсе ...
Толығырақ »Мақалалар
Жақсы адам ғана жақсы ұстаз бола алады…
Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы ...
Толығырақ »ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы – тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Егер ол айналасындағыларға қайырымды, адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілігі мол жан болып, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді. Жақсылық – адамның ойы, ниеті, іс-әрекеті. Жаман пиғылдардан аулақ болып, қай кезде болса да адамға қол ұшын беріп көмектесетін, жанашырлық танытатын адамды жақсы адам ...
Толығырақ »Жеке тұлғаны «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында тәрбиелеу
Қазіргі таңда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсіп жүр. Осы мақсатта біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар екендігін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев паш етті. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Қазақстан Президенті қашанда ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында екенін айтып, ұдайы білім беру саласын қолдап отырады. Ендігі мақсат — ...
Толығырақ »Ана тілім — бабалар мұрасы
«Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» Н.Ә.Назарбаев Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ана тілі – ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Тәуелсіз мемлекеттің ең басты белгісі – оның ана тілі. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі. Тіл ...
Толығырақ »«Мектепке жол» акциясы 2018-2019 оқу жылында
№69 «Бес-кепе» негізгі орта мектебінде «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық жасау баршамыздың міндетіміз деп, мектебімізге демеушілік жасап келген демеушілерімізге алғысымызды айтамыз. Мектебімізге демеушілік жасап келген жандарды атап айтатын болсақ, биыл білім ұяларын бітіріп кеткендеріне 20 жыл өткен түлектер оқушыларымызға оқуға қажетті оқу құралдарын, сөмкелерін ...
Толығырақ »Зерттеу дағдысын дамытудың тиімді жолдары
Соңғы уақытта табысты болу үшін мектеп оқушыларына білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет. Өйткені бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Бүгінгі таңдағы білім беру үрдісінде оқушылардың сабақта үйренетін дағдыларына назар аудару заман талабы. Себебі дұрыс оқып-үйрену және оқушының нақты тұлға болып қалыптасуы үшін оқушылардың сабақты меңгерудегі дағдыларын ...
Толығырақ »Киелі туған жерім
«Туған жерге туыңды тік!» — деп дана халқымыз айтып кеткен еді. Бұл – барша адамның кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншілігінің белгісі болып табылады. Әрбір азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білуі керек. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Мен бүгін «Туған ...
Толығырақ »«Абылайдың қара жолы» экспедициясы жолға шықты
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті қоғам қайраткерлерінің бастамасымен және облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қолдауымен ағымдағы жылдың 17-27 қыркүйек аралығында «Абылай ханның қара жолы» жобасы басталатындығын хабарлаған болатынбыз. Жоба шеңберінде 18-ші ғасырдың «Көкшетау – Ақмола – Ұлытау – Түркістан» бағытымен жүріп өту көзделген. Жалпы жолдың қашықтығы шамамен 3500-3700 шақырымды құрайды деп жоспарлануда. «Абылайдың қара жолы бойымен» жүріп өту ...
Толығырақ »ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
Білер істің басына – жақсы келер қасына Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, демекші, жібектей сусыған өмірде жанымызда жүрген жайдары жандарды айтып неге нұрын тасытпасқа? Отбасың – Отаның болса, қызмет орнымыз да бізге үлкен отбасы секілді. Сол отбасының мәртебесінің биік болуы шебер ұйымдастырушыларына байланысты емес пе? Біздің №3 Аршалы орта мектебінің шебер ұйымдастырушыларының бірі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Туркестанбаева Ақнұр ...
Толығырақ »