Home » Сценарийлер (page 23)

Сценарийлер

Аяулы ұстаз – ардақты ана

Мақсаты: Балаларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Компьютермен гүлдің суретін салдыру, оригами техникасында гүл жасауды үйрету. Көрнекіліктер: Ұстаздар бейнеленген слайд, компьютер және оригамиден жасалған гүлдер. Барысы: Балалар кабинетке кіреді, шеңбер бойына тұрады.

Толығырақ »

«Қазақстан – елім менің» «Атажұрт» тарихи-танымдық интеллектуалдық ойын

Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың дүниетанымын, таным-түсініктерін дамыту; сөйлеу дағдысын дамыту; туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру; туған жер табиғатымен, ел тарихымен таныстыру арқылы отансүйгіштікке, өз елі мен жерін құрметтеуге, қадір тұтуға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру. Көрнекілік: «Атажұрт » жазуы, Қазақстан Республикасының картасы, безендіру құралдары. Қатысушы: 3 «А», «В» сынып оқушылары. Топтардың аттары: «Алаш» тобының эмблемасы ...

Толығырақ »

Заңды білу – заман талабы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; Дамытушылық: оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамыту; Тәрбиелік: адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Сабақтың әдісі: жарыс сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақстан ...

Толығырақ »

«Алтын күз» (ертеңгілік)

Әдемі етіп безендірілген ән бөлмесіне, балалар әдемі әуенмен кіреді. Шаршы шеңбер болып тұрған орындыққа балалар жайғасады. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар! Бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз. Армысыңдар, халайық, Бармысыңдар, халайық! Күзгі тойды қарсы жұп жазбай Келіңдер қарсы алайық. Енді балалардың тақпақтарын тамашалаңыздар. Қуандырып біздерді Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді. Ұшты ...

Толығырақ »

Алтын ұя мектебіме 50 жыл!

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар! Құрметті ұстаздар! «Елу жылда – ел жаңа». 50 жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған бүгінгі мектебіміздің 50 жылдық мерейтойына қош келдіңіздер! Өмір бойы мектебімді жыр етем, Бір өзіңде бақыт, білім — берекем. Шәкірттерің өрістесін, өрлесін, Құтты болсын 50 жылдық бұл мерекең!

Толығырақ »

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен кеңірек таныстыру, әртүрлі ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту, мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.           Зал іші мерекеге сай безендірілген. Көңілді музыка әуенімен балалар залға кіреді. Жүргізуші: Армысыңдар, халайық! Бармысыңдар, халайық! Наурыз тойын жұп жазбай, Жылда қарсы алайық! Мереке Наурыз жыл басы, Наурыз тойы құтты болсын! Дендерің сау болсын! ...

Толығырақ »

Мен өз елімнің патриотымын

Мақсаты: қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы – патриот тәрбиелеу. Міндеттері: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелей отырып, ақпараттық ресурстардан жаңа білім алуына жағдай жасау, зияткерлік қажеттіліктерінің меңгерілуін қамтамасыз ету. Оқушылардың таным белсенділіктерін, зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту. Оқушылардың бойында патриоттық сана ...

Толығырақ »

Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.  Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер. (Әнұран орындалады.)  Жүргізуші: Бірлік пен ынтымағы халықтың — Көгімізде жарасқан жарық күн! Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың, Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! — дей келе, Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке — бірлікте, ...

Толығырақ »

Алтын күз-2017

І Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, бүгінгі кештің қадірлі қонақтары! ІІ Жүргізуші: Армысыздар! Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! І Жүргізуші: Табиғат -күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы төрт мезгілі табиғаты әрдайым ерекше. Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да да, адамдар күзді берекелі күз, «алтын күз» деп баға береді. ІІ Жүргізуші: Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған. Ата – бабаларым «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, «Алтын күз – 2017» мерекесімен құттықтаймыз! І Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Алтын күз – 2017» кешін бастауға рұқсат етіңіздер! Олай болса, бұл сынға 5, 6, 7, 8  сыныптарының оқушылары қатысқалы отыр. ІІ Жүргізуші: Біздерде ойын — сауық басталады, Тамаша ән айтылып, би билейді.  Қошеметтеп қол соғып отырайық, Ұмытармыз күні бойы шаршағанды. Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз, Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып Еріксіз өзімізге қаратамыз, – деп ...

Толығырақ »

Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған

    Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп. Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келді.   Армысыздар, ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін біздің №4 топ — «Ертөстік» ортаңғы тобының жыл мезгіліндегі ең тамаша — «Алтын күз, ...

Толығырақ »