Home » Спорт

Спорт

Ағайынды қос батыр

           Спорт үшін туылған жандар десек, артық болмас. Бүгінде біз жас та болса бокс әлемінде талай белестерді бағындырып үлгерген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақтан тұтар, бірбеткей мінездерімен ерекше ағайынды Оралбай Айбек пен Нұрбек Рахатұлдарының Қазақстандық жас боксшылар арасындағы ойып тұрып алатын орындарына тоқталмақпыз. Себебі, әрбір қазақ спортшыларының жеңісі – ...

Толығырақ »

АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫЛАР БАСКЕТБОЛДАН РЕСПУБЛИКА ЧЕМПИОНДАРЫ АТАНДЫ

 Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен ІІ желілік баскетбол жарыстарының қорытынды кезеңі аяқталды. Жарысқа Зияткерлік мектептер арасындағы облыстық кезеңнің бірінші және екінші орындарының жеңімпаздары – 12 команда қатысты. Қыздар арасындағы абсолютті жеңімпаз Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы болды. Спорттық сайысқа Назарбаев Зияткерлік мектебінің 100-ге жуық оқушысы қатысты. Ойындар өте тартысты өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ...

Толығырақ »

Ел спортын дамытуға қызмет етуде

Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері саналатын кәсіби мамандар жетерлік. Солардың бірі – жоғары санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, әріптес аға  Тимур Исқалиев. Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім» деп, ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, ...

Толығырақ »

Мектебіміздегі спорт күні тартысқа толы өтті

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде салауатты өмір салтын ұстану мен спортқа деген көзқарас ерекше. Оқу жылы бойына түрлі жарыстар ұйымдастырылып, оқушылардың, ұстаздардың арасынан түрлі үздік спортшылар, командалар анықталып тұрады. Сол дүбірлі додалардың бастауы жыл сайын өтетін “Шынықсаң, шымыр боласың!” атты спорт күнімен тікелей байланысты. Білім ошағымыздағы денешынышынықтыру және эстетика кафедрасының ұйымдастыруымен  “Шаңырақтар” қауымдастығы арасында дәстүрлі түрде өткізілетін бәсеке ...

Толығырақ »

Ақ Жайық Асқар ұлын еске алды

Орал қаласында 12-14 тамыз күндері Әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған самбо күресінен және әскери самбодан ерлер арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Ақ Жайық жеріндегі дәстүрлі спорттық шараға Армения, Ресей, Грузия, Өзбекстан елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 180-ге жуық ...

Толығырақ »

Томасов тордағы арыстанға айналды…

          Кеше ғана футболдан «Уефа Еуропа лигасының» 2-ші іріктеу кезеңінің аясында Елордалық «Астана» футбол клубы Андорралық Санта-Каломамен кездесті. Чемпиондар лигасында «ЧФР» клубынан ұтылған отандастарымыз енді , Еуропа лигасында бақтарын сынауға мүмкіндік алған болатын. Андоррада өткен алғашқы ойында есеп ашылмай, қарсыластар 0-0 есебімен тең тарқасқан еді. Тиісінше, астаналық жанкүйерлер Астана-Аренада өтетін жауапты ойынды асыға күтті. Алма-кезек шабуылдармен ...

Толығырақ »

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ  

Ақмола облысының Шортанды ауданы 80 жылдық мерейтойын атап өтті. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған іс-шара екі күнге созылып, алыс-жақында жүрген барша шортандылықтардың басын қосты, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Мерекелік бағдарламада мәдени шаралармен қатар көкпар, аламан бәйге, аударыспақ, спорттық ойындар, аудандық «Қайнар» балалар мен жастар клубында жасөспірімдер мен қыздар арасында жүзуден жарыс, спорттық алаңның ашылуы, ...

Толығырақ »

А.Қ.Аймағамбетов ХХХ жазғы Универсиада жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті

22 шілде күні ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов XXX Дүниежүзілік жазғы Универсиадада xалықаралық деңгейде ел намысын қорғап, көк байрағымызды көкке көтерген спортшыларға алғыс білдіру және қолдау көрсету мақсатында Универсиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спортшылардың ата-аналары мен бапкерлеріне (Ғалымжан Джегельдиев, Олег Почивалов) Алғыс хаттар табыс етті. – ...

Толығырақ »

Біздің Елдос жеңіс биігінен көрінді

Елдос Сметов Будапештегі Гран-при турнирінде алтын алды. Жерлесіміз дзюдодан өтіп жатқан байрақты бәсекеде жеңімпаз атанды. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Е.Сметов жартылай финалда Нидерланды елінің Торнике Цжакадоеаны ұтты. Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті. Алдымен «ваззари» ұпайын алған біздің спортшымыз кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын «иппон» ұпайымен жеңді. Осылайша, дзюдодан ...

Толығырақ »

ФУТЗАЛДАН ЖЕЛІЛІК СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қызылордада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-8-сынып оқушылары арасында футзалдан II Желілік спартакиаданың аймақтық кезеңі аяқталып, жеңімпаз командалары анықталды.  Зияткер ұлдар мен қыздар арасындағы дәстүрлі спартакиада биыл екінші рет жалауын желбіретті. Сыр өңірінде бастау алған аймақтық кезеңде Ақтобе, Орал, Ақтау, Атырау, Шымкент және Қызылордадан барлығы 14 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Спартакиаданың ашылу салтанатында спортшылар шеру жасап, мемлекеттік гимнді орындады. Алғашқы құттықтау ...

Толығырақ »