Home » Бес сауал (page 6)

Бес сауал

ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЫН КЕЛТІРГЕН БРЕНДТІК БІЛІМ ОРДАСЫ

«Мектептің  жүрегі – жақсы мұғалім»,- деп ұлы даланың  дана педагогы Ы. Алтынсарин айтқандай, бүкіл  мектептің, тұтас ұлттың  болашағы─ ұстаздардың қолында. Жас өркеннің  жақсы  азамат, білікті тұлға  ретінде қалыптасуы мұғалімдердің  білімі мен кәсіби шеберлігіне, мемлекет пен  халық алдындағы  азаматтық  парызына деген  жауапкершілігіне тікелей  қатысты. Міне, осындай зор жауапкершілікті сезініп,  бүгінгі таңда ұстаздар алдында тұрған  жауапты міндеттерді  өз дәрежесінде  атқарып келе жатқан ...

Толығырақ »

Қазақ жүрегі — ауыл мектебі

 Білімнің шамшырағын жағып, нәрімен сусындатқан мектепті халық қашанда қадір тұтады. Тәуелсіз еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, білімді, өнерлі азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Солардың бірі –  ШҚО, Катонқарағай ауданы, Еңбек ауылындағы білікті ұстаз, іскер басшы Күршембаева Ғалия Сейітқұмарқызы басшылық ететін Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі.  Иә, ауыл – қазақ халқының ұлттық ...

Толығырақ »

ҚОРҒАЛЖЫН ӨҢІРІНІҢ МАҚТАНЫШЫ

                                                                        Баян ЖУСУПОВА, Қорғалжын мектеп-гимназиясының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары; Айгуль  УТКЕЛЬБАЕВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттері мектепте өткізген уақыты  болып  табылады. Мектеп — білім айдынындағы үлкен кеме.

Толығырақ »

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ТӨЛ ҚҰРДАС БІЛІМ ОРДАСЫ

Гүлмира СЕРІКБАЕВА, Алматы қаласы Тәу етер тәуелсіздігімізге қол жеткізгенімізге де 25 жыл болды. Тәуелсіз елімізді әлем танып, талай биік белестерді бағындырдық. Осы жылдар аралығында жеткен жетістіктердің барлығы -Тәуелсіздіктің жемісі. Алғашқы жылдары елімізде білім ордалары ашылған болатын. Солардың бірі  Тәуелсіздіктің туы тігілген шақта Алматы қаласында ашылған Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясы.

Толығырақ »

ӘДЕМІЛІК ӨМІРДІ ӘРЛЕНДІРЕДІ

Бүгінде Астанада 148 балабақша мен 25 орталықтар жұмыс жасайды. Соның бірі, Астана қаласы әкімдігінің №76 «Әдемі» балабақшасы, ол 2014 жылдың сәуірінен бастап өз ісін атқарып келеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме бүгінде 240 бүлдіршін мен 60-қа жуық қызметкерді  қамтып отыр. 

Толығырақ »
css.php