Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №189 бөбекжай-балабақшасында “Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тенденциялардың тәжірибеге трансфармациялануы” атты қалалық семинар-тренинг өтті. Бұл семинарға құзыреттілік орталықтары педагогтері мен мобильді топ мүшелері қатысты. Семинар-тренинг Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор, докторанттарымен бірлесе ұйымдастырылды. Семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімі жетекшісі Тумаева Раушан ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Жақсының жақсылығын айт
Бүгін “Жақсының жақсылығын айт” айдарымызда Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №167 бөбекжай-балабақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Бердыханова Фариза Мейрамқызы туралы айтамыз. Білім беру саласындағы белсенді қызметімен жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін қалалық, аудандық көптеген құрмет грамотасымен марапатталған. №041 Кәулік білім саласына қосқан айырықша еңбегі үшін «Үздік педагог — 2018» атты төсбелігісімен марапатталған. Республикалық аудандық журналдарға мақалалары жарияланған. «Этнопедагогика ...
Толығырақ »Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»
Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Әрине, ұстаз болу оңай емес. Білімділік,жауапкершілік, төзімділік, адалдық , адамға тән барлық жақсы қасиет бір ғана ұстазымыздың бойынан табылады. Қандай мықты маман болсын, тіпті Президенттің өзі ұстаздың алдында отырып білім алған. Мыңдаған бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, таудай азамат етіп ...
Толығырақ »«Даналық ұстаздан»
Оқу-ағарту министрлігі 5 қазан Ұстаздар күніне орай «Даналық ұстаздан» челленджін жариялаған болатын. Бұл шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. «Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді», — дейді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова. «Даналық ұстаздан» челленджін қолдау мақсатында біз ...
Толығырақ »Ұстаз болу-жүректің батырлығы.
«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. ...
Толығырақ »АЗАМАТТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУДА КӨМЕК КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА «QOLDAU» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 4 қазанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес, Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуда көмек көрсету мақсатында «Qoldau» акциясы өткізілді. Акцияның басты мақсаты азаматтарға, кәсіпкерлерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша көмек көрсету, кеңес беру болып табылады. Акция ...
Толығырақ »Көкшетаудағы “Біртұтас тәрбие”
Көкшетаудан сөйлеп тұрмын 02 Ақмола облысы Білім басқармасына қарасты облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Ләззат Сұрағанқызы таныстырған “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының облыстық әдістеме жетекшісі Темиргалина Салтанат Гапуровнаға еріп Ақмола облысы, Көкшетау қаласыда орналасқан М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясына бардым. Ол жерде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнаш Кенжинаның жұмыстарымен таныстым. — Айнаш Бурумбайқызы, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын қалай түсінесіз? — «Мың жылдығын ...
Толығырақ »Кешегіден бүгінге…
Көкшетаудан сөйлеп тұрмын… Ақмола облысының Көкшетау қаласында орналасқан білім басқармасында болдым. Басқарма басшысының есігі жабық, құлыптаулы, мөр басулы екен. Осы есіктің арғы жағында талай кісілермен кездестік. Оның ішінде елге шынайы жанашыры да, жанашырсымағы да болды. Жақсының жақсылығын айтасың- ау, жаманның несін айтарсың. Не болса да ішімізде. 2017-2020 жылдар арасында бұл тұтқаның иесі болған қазіргі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ақмола облысынан ...
Толығырақ »Күз қызықтары
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №131 бөбекжай-балабақшасында “Күз қызықтары” атты іс-шара өтті. — Бүгінгі іс-шараның мақсаты — табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру. Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және ой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру. ...
Толығырақ »Математика еліне саяхат
Алматы қаласының Білім басқармасына қарасты №131 бөбекжай-балабақшасында “Математика еліне саяхат” атты іс-шара өтті. Бұл шара — балалардың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту , сөздік қорын кеңейту. Балалардың апта күндері, тәулік бөліктерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту. 5 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, тура және кері санауға жаттықтыру, геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру. Топпен жұмыс істеуге ...
Толығырақ »