Home » Жаңалықтар (page 29)

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР: 126 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ БЕРІЛДІ

Қазақстанда колледждерге қабылдау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 126 074 өтініш берілді. Естеріңізге сала кетейік, құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталып, 18 тамызға дейін жалғасады. Биыл 97 мың білім гранты бөлінді. Сонымен қатар тегін білім алғысы келетіндер үшін квоталық санаттар тізімі кеңейтілді. Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін 5%, мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балаларға 1%, мүмкіндігі шектеулі балаларды ...

Толығырақ »

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2021 жылғы 5 тамызда ҚР педагогтерінің Тамыз конференциясы аясында «Өрлеу «БАҰО» АҚ Басқармасының ұйымдастыруымен «Педагогтің кәсібилігі және үздіксіз кәсіби дамуы» тақырыбында секция отырысы өтті. Іс-шараға ҚР БҒМ өкілдері, ЖОО ректорлары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының өңірлік білім басқармаларының басшылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары, «НЗМ» ДББҰ ПШО өкілдері, шақырылған қонақтар қатысты. Алғашқы болып сөз алған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТЕГІН ОҚИ АЛАТЫН ЕЛДЕР САНЫ АРТТЫ

ҚР БҒМ бастамасымен жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты. Қазақстандықтарға гранттарды Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам елдері бөледі. Осылайша, егер 2019 жылы білім беру саласындағы келісімдер аясында мемлекеттер тізімінде 7 ел болса, 2021 жылы олардың саны 10-ға дейін артты. Мемлекеттердің қатарында Венгрия, Польша, ҚХР, Украина, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан бар. Өткен екі жылда мыңға жуық қазақстандық ...

Толығырақ »

ВАКЦИНА АЛҒАН СТУДЕНТТЕР МЕН ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҚТАРЫН АЛЫП ЖАТЫР

Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары түрлі ынталандыру сыйлықтарын ала бастады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша университеттер білім алушылар мен қызметкерлер арасында вакцинацияны қолдауды ынталандыру шараларын әзірлеген болатын. Енді олар берілген мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары арасында Ыстықкөлге жолдама ойнатылды. Нәтижесінде 40 студент ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ЕЛІМІЗДЕГІ ОҚУЫН ЖАЛҒАСТЫРА ОТЫРЫП, БЕЛГІЛІ АМЕРИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ДИПЛОМЫН АЛА АЛАДЫ

Қазақстандық студенттер елімізде оқуын жалғастыра отырып, АҚШ-тың беделді жоғары оқу орны Аризона университетінің дипломын ала алады. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері осындай мүмкіндікке ие болды. Бұл аталмыш университетпен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылады. Қазақстандық тарап Аризона университетінің өкілдерін шақырды. Олар отандық жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері мен әлеуетін зерделеп, әріптес ретінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін таңдады. Делегацияның ...

Толығырақ »

ТАМЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz. жүргізіледі. Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоо-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Айта кетейік, осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім ...

Толығырақ »

Білім беру ұйымдарындағы тұлғааралық қатынасқа өзгерістер енгізу ұсынылды

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жеткізді. Қазіргі уақытта «педагог-педагог», «педагог-оқушы», «оқушы-оқушы» сәлемдесу үшін «Сәлеметсіз бе, апай (ағай)!», «Сәлем!» деген сөздер қолданылады. Көп жағдайда туыстық мазмұнға ие сөздер тұлға қатынасына сын түсіреді. Сонымен бірге, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі білім берудің зайырлы сипаты ...

Толығырақ »

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы күйді мектептерде қоңырау ретінде пайдалануды ұсынды

27 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесі өтті. Аппараттық кеңес аясында 2021-2022 оқу жылында  орта білім беру ұйымдарына арналған әдістемелік-нұсқау хаттың таныстырылымын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының президенті Ғани Бейсембаев жасады. Ғ.Бейсембаев өз сөзінде академияның домбырамен орындалған күйлерді музыкалық ендірме ретінде мектептерде пайдалану туралы ұсынысын жеткізді: сабақтың басталуы «төкпе» күйі арқылы, сабақтың аяқталуы – «шертпе» күйі ...

Толығырақ »

 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ФИЗИКА ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДА АЛТЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

         Қазақстандық оқушылар Физика және лингвистика пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадаларда 6 медаль жеңіп алды. Жас физиктер құрама қоржынына 5 күміс, лингвистер 1 қола медаль салды. Қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында құттықтады.           Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO-2021)  17-24 шілде аралығында Литвада онлайн форматта өтті. Зияткерлік байқауда әлемнің 76 елінен 368 оқушы бақ сынады. Қазақстанның ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША ӨТКЕН ЕУРАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕТІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

WorldSkills стандарттары бойынша өткен Еуразия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы жеті медальға ие болды. Қазақстан колледждерінің үздік студенттерінен жасақталған команда 2 күміс, 5 қола медаль алды. WorldSkills стандарттары бойынша Еуразиялық чемпионат 7 маусым мен 23 шілде аралығында онлайн форматта өтті. Біздің студенттер Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген құрдастарымен бәсекеге түсті. «Биыл Еуразиялық чемпионатты ұйымдастыруға қатысушы ...

Толығырақ »