Астана қаласы әкімдігінің №27 «Балауса» балабақшасында жаңа 2018-2019 оқу жылында балабақша ата-аналары үшін АШЫҚ ЕСІК күні ұйымдастырылды. Ашық есік күнін ұйымдастырудың басты мақсаты: балабақша күн тәртібі бойынша қызметкерлердің жұмысын көрсету, балалармен ұйымдастырылатын іс-шаралардың өткізілу барысымен таныстыру. Ашық есік күні барысында ата-аналар күн тәртібінің әр түрлі кезеңдері бойынша топ тәрбиешілерінің ұйымдастырылған оқу қызметтерімен (ҰОҚ) танысты. Оның ішінде дене шынықтыру нұсқаушысының, музыка, ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Целиноград ауданында алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхановты еске алды
Шалқар ауылының кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Әлихан Бөкейхановтың шығармашылығына арналған кеш өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникацялар қызметі. Аталмыш іс-шараның мақсаты оқырмандарға алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру. Таныстыра отырып, өткенге көз жүгірту. Өткен тарихты білмей болашаққа қадам басу мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі тәуелсіздігіміздің баянды болуы кешегі аталарымыздың жанкешті еңбегі, ...
Толығырақ »НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ БЕС ЖЫЛ
Биыл Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылғанына бес жыл толып отыр. Осыған орай оқу орнында салтанатты жиын өтті. Шараға «НұрОтан» партиясы облыстық филиалы, білім беру басқармасының өкілдері, пилоттық мектеп директорлары мен ата-аналар жиналды. Мұнайлы өңірде осыдан бес жыл бұрын ашылған Елбасы мектебін бүгінде 535 мектеп түлегі тәмамдаған. Олар қазір еліміздің және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда. ...
Толығырақ »«Мәңгілік Ел» -жарқын болашаққа бастар жол!
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мәңгілік ел — ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді… Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ — мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы— Мәңгілік ел», — деді. Мәңгілік ...
Толығырақ »Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу
«102 ЖББМ» КММ-де 11.09.2018.жылы оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымның мақсатында Жетісу аудандық ішкі істер басқармасының ювенальдық бөлімінің кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік испектор полиция лейтенанты Тұрсын Ж. және мектеп инспекторы лейтенант Ермекқызы Ж. «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу», «Есірткі заттардың зияны» тақырыбында мектеп оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ДТІЖО ...
Толығырақ »Астана армандардың қаласы №27 «Балауса» …
«Толқынды толқын» қуса, Арманнан арман туатыны тағы бар. Кейде қиялға беріліп, елеспен әлемді суреттеп жіберетін кездер болады. Бүгінде шимай салып, сол әрлі- берлі сызылған сызықтарда, қиялыңның қаншалықты шалғайда тұрғанын ескермеу мүмкін емес болыпты. Жә, нақты іске көшейін. Қыркүйектің алғашқы күндерінің бірінде Астана қаласының Білім басқармасына қарасты № 27 «Балауса» балабақшасының ұйымдастыруымен «Сурет салудың дәстүрден тыс техникасы» (Нетрадиционные техники рисования) атты ...
Толығырақ »Динар — Балалар Евровидениесі ұлттық іріктеуінің финалисі
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 –ші сынып оқушысы Динар Нәдірбекова ел тарихында алғаш рет өткізілгелі отырған «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық байқауы Республикалық іріктеуінің финалына шықты. «Хабар» агенттігі ұйымдастырған іріктеуге жалпы саны 200 –ге жуық үміткер өтініш білдірген. Алайда негізгі талаптарды ескере отырып, 134 өнерпаздың ғана өтініштері қабылданған. Жуырда ұйымдастырушылар іріктеудің ақтық сынына жолдама алған финалистердің есімдерін ...
Толығырақ »Мектеп қажеттіліктеріне ақша жинаудан бас тарту ата-ана Кодексінде тіркеледі
11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алаңында білім беру саласындағы мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өтті. Кездесу барысында республика бойынша мектептерде заңсыз ақша жинау, сонымен қатар «Астана – адалдық алаңы» жобасының осы бағытта жүргізген жұмысының қорытындылары туралы білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелер қарастырылды. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сондай-ақ, елорданың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарға қолайлы жағдай ...
Толығырақ »Оқушыларды ақылы тестілеу заңсыз – МҚІСЖҚА өкілі
Бұл туралы орта білім ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өткен жиын барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов әңгімеледі. Оның айтуынша, білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелердің бірі — мектеп оқушылары арасында ақылы тестілеу өткізу фактілері. Мәселен, Алматы облысында білім бөлімдерінің нұсқауы бойынша оқушыларды тестілеу тұрақты түрде өткізіліп тұрған. Мұндай тестілеудің бағасы әрбір ...
Толығырақ »«Отбасы күні» мерекесі атап өтілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Отбасы күні» мерекесін атап өтті. Шараға департамент қызметкерлері отбасының және арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Балалар – елдің болашағы» республикалық байқауының жеңімпаздары мен өнер иелері қатысты. Департамент басшысы Нұргүл Жанназарова жиналғандарды мерекемен құттықтады. «Қыркүйек айының екінші жексенбісі — Отбасы күні болып бекітілгені белгілі. Осы орайда біз департаменттің ...
Толығырақ »