Home » Жаңалықтар (page 142)

Жаңалықтар

Тұрғын: Арыстық ағамды таппай жүрміз

Гүлжан Сұлтанбекова апамыз өзінің жоғалған ағасы Сұлтанбекова Махамбетхан Кенжеұлына іздеу салады. Ол кісінің айтуынша, 1963 жылы туылған ағасы Арыс ауданы, Байырқұм ауылында тұратын Бинашев Рахметолла деген кісінің қойын жайып жүріп атымен бірге іс-түссіз жоғалып кеткен. Үйінде 4 баласы, келіншегі үміт үзбей күтіп отыр. Көрген-білген, қай жерде жүргенін естігендер болса +7 771 250 90 49 байланыс нөмеріне хабарласуыңызды сұраймын.

Толығырақ »

40 жылдан кейінгі жүздесу

Оқу ордасын тәмәмдап, дүниенің әр қиырына арман қуып кеткен, №7 мектеп түлектері Бас қалада бас қосты. Тіпті анау Германия, Ресей секілді елдерден 40 жыл бұрынғы сыныптастарын көріп, сағынышын басу үшін арнайы келгендер бар. Қуанышты кешке бір партада өмірінің біраз бөлігін өткізген дос-жарандармен қатар сол кездегі мектеп басшысы да қалыс қалмай төбе көрсетті. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында үлкен ...

Толығырақ »

АРЫС: 100 МЫҢ ТЕҢГЕ БЕРІЛЕТІН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 100 мың теңге өтемақы беру бойынша түрлі сауалдар туындауда. Көрші елді-мекен тұрғындарынан сұрақтар келіп түсуде. Алайда, ҚР Үкіметі бекіткен тізім бойынша өтемақы беріледі. Атап айтқанда, Арыс қаласы бойынша – 44 994 адам, Ақдала ауыл округінде –4 324 адам, Қожатоғай ауыл округі бойынша – 4 232 адам, Дермене ауыл округінде – 2 052 адам. Жалпы бірінші ...

Толығырақ »

 Арыстық балалар тегін демалуда

Оралдағы «Дарын» қосымша білім орталығындағы жазғы лагерьдің кезекті ауысымына жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының және РФ Самара облысынан «Ақ жол» аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымының оқушылары демалуға келді. Сонымен қатар Батыс Қазақстандағы орта жалпы білім беретін мектептердің 4-10-сынып оқушылары қатысуда. Бұл жолғы лагерь кезеңі «Үш тұғырлы тіл» тақырыбына арналыпты. БҚО білім басқармасының қолдауымен «Дарын» қосымша білім орталығы ұйымдастырған жазғы ...

Толығырақ »

АРЫСТА ТҮНДЕ ДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Жалпы, қалада 8401 үй тіркелсе, оның 7097-сі зақымдалған. Сонымен бірге 104 көпқабатты үйдің 94-іне жөндеу жұмыстары тағайындалған. Сондықтан осы үйлерді жылдам әрі сапалы жөндеу, қалпына келтіру үшін құрылысшылар түнде де жұмысты жалғастырып келеді. Мәселен, кейбір секторларда жер үйлердің шатырын жабу әрекеті түнде де толастаған жоқ. Жалпы Арыстағы құрылысқа еліміздің 14 облысы мен ...

Толығырақ »

Отандық ет өңдеуші тағы бір кешен іске қосылды

11 шілде күні Ақмола облысы Шучинск қаласында Kazbeef Group  саладағы ең ірі ет өңдеуші кешенінің ресми ашылу салтанаты болды. Қазіргі таңда KazBeef Group жемді өсіруден бастап, өнімді қаптауға дейінгі бүкіл толық өндіріс циклін американдық технология бойынша ұйымдастырып, мәрмәр сиыр етін өндіретін Қазақстан аумағындағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. Кешен жанында ондаған шағын ферма – «сателлиттер» шоғырланған, компания олардан жануарларды сатып алатын ...

Толығырақ »

АРЫС: ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ПЕН ҚАУЕСЕТ ТАРАТУ – ЕЛГЕ ЗИЯН

Бүгін Арыс қаласын қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өтті, деп хабарлайды «Білім айнасы». Жиында ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі, полковник Қайыргелді Хусаинов Арыс қаласынан 60 шақырым қашықтықта мамандардың күшімен оқ-дәрілердің жарылмаған жалғыз бөлшектерін жою жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге ол тұрғындарды расталмаған жалған ақпараттарға сенбеуге және таратпауға шақырды. «Құрметті арыстықтар! Әлеуметтік желілерде 12-15 шілде аралығында әскери қоймадан ...

Толығырақ »

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде баланың ішкі әлеміне назар аудару өте маңызды»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен Алматы қаласында болып қайтты. Сапар барысында министр «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына барды. Министр білім беру-сауықтыру орталығының қызметімен, сондай-ақ «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасымен танысты. — Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде балалардың ішкі әлеміне назар аудару өте маңызды. Ендігі кезекте оқушының алған білімді қалай пайдаланатыны өте маңызды: адамдарға зиянын келтіре ме ...

Толығырақ »

АРЫСТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен бүгін Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «Білім айнасы». Онда жергілікті 50 шақты тауарөндірушілер 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Тауарлар қала тұрғындарына базар нарқынан 30 %-ға төмен бағада сатылымға түсті. Жиналған өнімдердің жалпы құны 67 млн. теңгеден асады. Жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлық аудан, қалалардан даму басымдылықтарына сәйкес жинақталған. Ондағы ет және ет өнімдерінің ...

Толығырақ »

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша ақпарат (11.07.2019 ж. сағат 09:00 жағдай бойынша) Арыс қаласын қалпына келтіру мақсатында Шымкент қаласының əкімдігі 10 секторда келтірілген залалды есептеу жұмыстарын жүргізуде. Штабты Арыс қаласының əкімдігі М. Əуезов атындағы орта мектебінің ғимаратында ұсынды, штаб басшысы болып Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Б. Мамыталиев тағайындалды. Залалды бағалау жəне жою үшін барлығы Шымкент қаласы əкімдігінің жəне мердігерлік ...

Толығырақ »