Ақмола облыстық сотында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Әбдрәшит Жүкеновтің қатысуымен соттардың 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысын талқылау бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Кеңес жұмысына Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, облыстық соттың алқа төрағалары Ерлан Жанәділов және Раджаб Даминов, облыс судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері, жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты. Ақмола облыстық ...
Толығырақ »Жаңалықтар
АРЫСТА 1100-ГЕ ЖУЫҚ ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Қазіргі таңда Арыс қаласында нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған. Сондай-ақ, 4362 үйдің құрылыс және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Айта кетерлігі, Арыс қаласында 8409 жеке, 104 көпқабатты тұрғын үй бар. Жарылыс кезінде мүлдем жарамсыз күйге түскені – 186 жеке, 8 көпқабатты үй. Ал зақымдағаны – 7178 жеке, 95-сі көпқаббатты үй. Жалпы 17 сектор бойынша республиканың барлық облыстарынан – 5685, аудандардан ...
Толығырақ »Кітап алмасу науқаны
Демалыс күндері Ақжайық гүлзарында 70-ке жуық елорда тұрғыны кітап айырбастау науқанына қатысты. Кез келген адам оқыған кітаптарын өзімен бірге әкеліп жаңасына айырбастай алды. Іс-шараны Oрталықтандырылған кітапхана жүйесі Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының қолдауымен ұйымдастырды.
Толығырақ »«Болашақ»бағдарламасы талаптарын өзгерту керек — Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына қатысу талаптарын өзгертуді тапсырды. «Білім және Ұлттық экономика министрліктерінде вице-министрлер «Болашақ» бағдарламасы үшін өз лауазымдарын аяқасты тастап кеткені белгілі. 45 жастан кейін қайдағы «Болашақ» бағдарламасымен оқу? Мұндай мысалдар аз емес, төмен деңгейдегі бірнеше мекемеде де осындай жағдай орын алған. Қызметкерлер басшысына келеді де, «Мені «Болашақ» бағдарламасымен оқуға жіберіңіз» дейді. Осылайша, магистрант атанып кете барады», ...
Толығырақ »Мұғалімдер жаңа заңның игілігін сезінуі тиіс — Тоқаев
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыруды арттыру керектігін айтты. «Білім саласы экономиканың дамуына ықпал ететін маңызды бағыт. Тіпті, экономиканың толыққанды бір саласы деп айтуға болады. Дегенмен, бүгінде түйіні шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Қала және ауыл мектептерінің білім беру сапасында әлі күнге дейін айтарлықтай алшақтық сақталып отыр. Апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің мәселесі әлі де өзекті», — Қ. ...
Толығырақ »Асхат Аймағамбетов ауылдың дарынды балаларын қолдауды айтты
Ауылдардың, шағын қалалардың дарынды балаларын қолдаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Дарынды балаларды анықтаудың қолданыстағы жүйесі ауылдағы және шағын қалалардағы дарынды балаларды анықтап, қолдауға өте аз мүмкіндік береді. Олимпиадаларға, конкурстарға көбінесе қаланың гимназия, лицей оқушылары қатысып, жеңіп, ауыл балалары тасада қалатыны жасырын емес. Осыған орай, министрлік Тұңғыш Президент қорымен ...
Толығырақ »Тұрғын: Арыстық ағамды таппай жүрміз
Гүлжан Сұлтанбекова апамыз өзінің жоғалған ағасы Сұлтанбекова Махамбетхан Кенжеұлына іздеу салады. Ол кісінің айтуынша, 1963 жылы туылған ағасы Арыс ауданы, Байырқұм ауылында тұратын Бинашев Рахметолла деген кісінің қойын жайып жүріп атымен бірге іс-түссіз жоғалып кеткен. Үйінде 4 баласы, келіншегі үміт үзбей күтіп отыр. Көрген-білген, қай жерде жүргенін естігендер болса +7 771 250 90 49 байланыс нөмеріне хабарласуыңызды сұраймын.
Толығырақ »40 жылдан кейінгі жүздесу
Оқу ордасын тәмәмдап, дүниенің әр қиырына арман қуып кеткен, №7 мектеп түлектері Бас қалада бас қосты. Тіпті анау Германия, Ресей секілді елдерден 40 жыл бұрынғы сыныптастарын көріп, сағынышын басу үшін арнайы келгендер бар. Қуанышты кешке бір партада өмірінің біраз бөлігін өткізген дос-жарандармен қатар сол кездегі мектеп басшысы да қалыс қалмай төбе көрсетті. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында үлкен ...
Толығырақ »АРЫС: 100 МЫҢ ТЕҢГЕ БЕРІЛЕТІН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР
Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 100 мың теңге өтемақы беру бойынша түрлі сауалдар туындауда. Көрші елді-мекен тұрғындарынан сұрақтар келіп түсуде. Алайда, ҚР Үкіметі бекіткен тізім бойынша өтемақы беріледі. Атап айтқанда, Арыс қаласы бойынша – 44 994 адам, Ақдала ауыл округінде –4 324 адам, Қожатоғай ауыл округі бойынша – 4 232 адам, Дермене ауыл округінде – 2 052 адам. Жалпы бірінші ...
Толығырақ »Арыстық балалар тегін демалуда
Оралдағы «Дарын» қосымша білім орталығындағы жазғы лагерьдің кезекті ауысымына жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының және РФ Самара облысынан «Ақ жол» аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымының оқушылары демалуға келді. Сонымен қатар Батыс Қазақстандағы орта жалпы білім беретін мектептердің 4-10-сынып оқушылары қатысуда. Бұл жолғы лагерь кезеңі «Үш тұғырлы тіл» тақырыбына арналыпты. БҚО білім басқармасының қолдауымен «Дарын» қосымша білім орталығы ұйымдастырған жазғы ...
Толығырақ »