Home » Жаңалықтар (page 137)

Жаңалықтар

Ереже бұзып, ел қазынасына қаржы құйды

Конкурстық комиссия «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе қайтадан кіретін азаматтардың арасында іріктеу жүргізеді. Осы орайда, Ақтау қаласы әкімі аппаратына қарасты тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бас мамандарына уақытша бос орындарға жалпы конкурс өткізу кезінде конкурс комиссиясы әлеуметтік демалыстағы (бала күтіміне дейінгі) бас маман лауазымдарының орны бос емес екендігін ескерместен, үміткерлермен ...

Толығырақ »

Білім және ғылым министрі Президенттен эстафета қабылдады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны қолдады. Эстафетаның мақсаты – ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу. Өз кезегінде Білім және ғылым министрі эстафетаны білім саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттерге жолдады. ҚР БҒМ баспасөз қызметі.  

Толығырақ »

Елбасы кітапханасына шетелдегі қазақ диаспораларының балалары келмек

11 шілдеде, сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында шетелдегі оқушы қандастарымыздың қатысуымен іс-шара өтеді. Оның аясында жас меймандар Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Ә. Рахымжановпен кездесіп, «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмін тамашалайды. Жастарға Кітапхананың көрме залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, естелік кітаптар тарту етіледі. «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебінің аясында өтетін іс-шараға Иран, ...

Толығырақ »

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Хан Шатыр» сауда-ойын орталығындағы «Sky Beach Club» бассейнінде қайтыс болған Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 мектеп-гимназиясы оқушысының әкесінен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 3 маусым күні өтініш келіп түсті. Аталған жағдай бойынша барлық мәселелер ҚР Білім және ғылым министрлігінің тұрақты бақылауында. Осыған байланысты, 9-10 шілде аралығында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен № 10 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерінің қызметіне жоспардан тыс ...

Толығырақ »

Минск қаласында Қазақстаннан әкелінген өнімдердің алғашқы дегустациясы өтті

ПРЕСС-РЕЛИЗ 2019 жылдың 3 — 5 шілде аралығында Минскте қазақстандық тағамдық өнімдердің көрмесі, сонымен қатар Беларусь-Қазақстан Іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Қазақстан және Беларусь – байырғы серіктестер мен ниеттестер, егемендік алғаннан бері бір-бірімен байланысты ұзған жоқ және 25 жыл тәуелсіздік ішінде қуатты саяси және экономикалық ынтымақтастық негізін құрай алды. Екі мемлекетті жемісті сауда-экономикалық қарым-қатынас үшін қомақты құқықтық негіз болатын 70 астам ...

Толығырақ »

Ұлттық домбыра күні

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының бас алаңында биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев елорда тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, бұл мейрамды руханиятқа деген зор құрмет, баршамызға ортақ құндылықты ұлықтау деп түсіну керек екенін айтты. – Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ...

Толығырақ »

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ  

Астана күнін тойлау аясында және Көкшетау қаласының 195 жылдығы  қарсаңында көптен күткен автобустар партиясы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. «YUTONG» маркалы 31 автобус «Көкшетау автобус паркі» ЖШС бастамасымен МЖӘ шеңберінде сатып алынған және қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған. Көкшетау қаласының климаттық жағдайына бейімделген автобустар қосымша ішкі жылытқыштармен, қыздырғыш айналармен, бейнебақылау камералары, автоинформаторлармен, жолаушылардың қозғалысын ...

Толығырақ »

БУРАБАЙДА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Ақмола облысында «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының қабылдануының мерейтойлық жылында «Solar Fest Qazaqstan»  І Халықаралық іскерлік фестивалі өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аталған Заң 2009 жылы 4 шілдеде осыдан 10 жыл бұрын қабылданған болатын. Сондай-ақ, Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы ҚР Премьер-Министріне 4 шілдені жыл сайынғы «ЖЭК қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі ретінде енгізу туралы өтініш жасаған. ...

Толығырақ »

«BAQ League» жаңа маусымы басталды

Күннің ыстығына қарамай шілденің 7-ші жұлдызы БАҚ арасындағы футболдан маусымдық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Газет, радио, телеведение саласындағы азаматтардың өздерін аяқ добынан дәлелдейтін жаңа мүмкіндік. Былтырғы 2018 жылдың чемпионы «Хабар агенттігі» атанған. Бұл турнир 6—шы маусымына өтті. Жылдан жылға деңгейі өсіп келе жатырғанын байқадық. Маусым «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай өтпек. Барша журналистер қауымына сәттілік! Мирас Хизатолла BILIM AINASY

Толығырақ »

Туған күніңмен, Елорда!

Бүлдіршіндер елорда күнімен құттықтады  А.ж. 4 шілде күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасында «Бала және мәдениет» жобасы аясында қаламыздың ең кішкентай тұрғындары үшін «Туған күніңмен, Елорда!» балалар мерекесі өтті. Елорда күніне орай балалар мерекесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналған және бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — «Туған күніңмен, Елорда!»мен Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі білім беру ...

Толығырақ »