Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді. Жуырда №18 «Балдырған» бөбекжайында «Бәйтерек» тобында дәстүрлі «Берекелі алтын күз» мерекесі өтті. Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, осы ұйымдастырылған іс- шара ата-аналардың тікелей қатысуымен өткізілді. Өйткені, ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Павлодар қаласының НЗМ оқушылары Hackathon: Travel Tech байқауының жеңімпаздары
Ел астанасында Hackathon: Travel Tech туристік шешімдердің инновациялық конкурсы аяқталды. Байқау нәтижесінде Павлодар қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Team I/O» командасы, яғни 11-сынып оқушылары Азамат Бекболат, Елжан Еркебұлан және Тұрлыхан Тоқтағанов жеңімпаз атанды! Марапатқа оқушылар 250 000 теңге және комиконға билеттер жеңіп алды. «TourAR «жобасы арқылы адам үйден шықпай-ақ таңдаған жеріне нақты мөлшерде саяхат жасауға мүмкіндік алады. Жеңімпаздар 36 ...
Толығырақ »Жеке тұлғаның мінез бітістерін қалыптасытыру және тәрбиелеу жолдары
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана – сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, еліміздің ішкі рыногында әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі – «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы». Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау ...
Толығырақ »Келер жылдан бастап педагогтардың жалақысы 25%-ға өседі
13 қараша күні «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбектің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы педагог мәртебесін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша партия жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндамасында заң жобасының маңызды тұстарына тоқталып өтті. Ведомство басшысы педагогқа тән емес функцияларға тартуға тыйым салу, артық есеп беру, негізсіз тексерулер жүргізу арқылы жүктемені қысқарту бойынша ...
Толығырақ »Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Жаңа заң тек педагог мамандығының мәртебесін жоғарылатуды қолдау ғана емес, сонымен қатар, жалпы білім беру сапасын арттырудың негізі болуы тиіс»
Бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы педагог мәртебесін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағы көбінесе мұғалімнің қоғамдағы мәртебесімен және рөлімен анықталады. Тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін педагогтарымыздың мәртебесін арттыруымыз қажет», — деп атап ...
Толығырақ »Қуаныш пен шаттыққа толы күн
Әлемді аузына қаратқан әсем қаламыздың Алматы көшесінде бой көтерген №95 «Алматы» балабақшасы қаланың ажарына көрік қосқан бақыт ордасы. Астанамыздың 20 жылдық тойына тарту ретінде Алматы шаһарының бұрынғы әкім Бауыржан Бәйбектің басшылығымен салынған білім ордасының ашылуына Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуы тарихта қалар оқиға. Ел назарын аударған сол тарихи күнде тамаша тілектер айтылып, мектепке дейінгі ұйымдарда талай жылғы тәжірибесі бар біліктілігі ...
Толығырақ »Латын графикасына көшу жағдайында орфография, орфоэпия мәселелері
Қоғам дамуында кез келген тілдің емле ережесін түзу барысында тілтанымдық принциптерге негізделетіні белгілі. Қазіргі таңда латын графикасына негізделген қазақ тілінің емле ережесі дыбыстардың мағына ажарататын реңкін таңбалайтын фонематикалық принципті басшылыққа алып отыр. Ал күрделі сөздерді таңбалауда морфологиялық принцип, шеттілдік сөздерді қазақ тілінің дыбыстық әуезіне сай икемдеу үшін фонетикалық принциптер де қамтылған. Тілші ғалымдарымыз қазіргі оқыту әдістемесінде қазақтың төл сөздерін қазақ ...
Толығырақ »Бүгін «WorldSkills Kazakhstan 2019» Чемпионаты басталды
Бүгін «WorldSkills Kazakhstan 2019» — V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатының алғашқы күні. Оған еліміздің 17 аймағынан 22 жасқа дейінгі 400-ден астам маман келді. «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді. Чемпионатқа қатысушылар алдағы екі күнде WorldSkills-тің 38 құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша сайысқа түседі және таңдалған ...
Толығырақ »«Өрлеу» — ООБДИ» мемлекетаралық ынтымақтастық
«Өрлеу» БАҰО» АҚ делегациясы 2019 жылдың 06 қарашасында Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығы аясында Омбы қаласында екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен болып өткен ХVI Форум жұмысына қатысып қайтты. Омбы облысының білім беруді дамыту институты «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасырдың машықтары» Халықаралық әдістемелік орталығын салтанатты түрде ашты. ООБДИ бұл орталықты ашуына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен «Educare International Consultancy Сингапур ...
Толығырақ »Атырауда Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттауға арналған эстафета басталды
Атырауда поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында ақынның шығармаларын насихаттауға арналған акция басталды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қолға алған бұл жобаға облыс орталығындағы мектептер қатысуда. Аталған акция зияткерлік оқу орынында «Үздік Фаризатанушы» оқушылар байқауымен басталды. Бірнеше кезеңдерде өткен әдеби-танымдық сайысқа мектептің 8 оқушысы қатысты. Алдымен олар ақынға арнауын оқып, кейін Фариза шығармашылығына негізделген ғылыми ...
Толығырақ »