Home » Білім және тұлға (page 17)

Білім және тұлға

   ДАРА ТҰЛҒА

Халқымызда «Өткенін білмеген болашағын болжай алмайды» деген ұлағатты ұғым бар. Міне, осы ойлы ұғым Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалсында айтылған тұжырымды пікірімен сабақтаса түскендей. «Өмір-өзен» демекші, кезінде аудан орталығындағы  №3 «Балбөбек» балабақшасындағы өткен жылдарғы өмір жолым әлі көз алдымда. Мен алғашқы рет қазіргі өзім еңбек етіп жүрген балабақша табалдырығын аттағанда қарсы алған Амандық Тоқтарқызы Баймекешова  талапшыл, шығармашылықпен ...

Толығырақ »

«Үздік өзін –өзі тану пән мұғалімі» өңірлік байқауда жол көрсеткен аяулы ұстаз

Білім беру жүйесі — қоғам  дамуының  негізгі  бәсекеге  қабілетті ел болуы үшін қазіргі өмір талаптарына сай оқушыларға сапалы білім мен  саналы тәрбие беру, оларды жан-жақты дамытып қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Педогогтардың қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру,үздік мұғалімдердің озық педогогикалық іс-тәжірибесін  арттыру мақсатында Арыс қаласы «Білім бөлімі»мемлекеттік  мекемесінің жоспары бойынша, Облыстық жалпы білім беру ұйымдарының Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің  ...

Толығырақ »

«Өзі өлсе де ғалымның хаты өлмейді» – Екі тақырыпты мақала

Бес күндік жалған қамшының сабындай қысқа екенін біріміз білсек біріміз біле тұра түсінбей жүретін жайымыз бар. Кеше ғана жалындай жарқырап, оттай лапылдап тұрған шағында жас өрен Жанболат Тілеубек өмірден озды.  Тіршілікте жасаған жақсы амалдардың бірі әрі бірегейі ұстаздық ету, өнегелі іс қалдыру десем артық болмас деп ойлаймын. Сондықтан Жанболаттың тірі кезінде Қарағанды қаласының білім бөлімі ұйымдастырған «Менің ұстазым» байқауына жіберілген ...

Толығырақ »

     Ұстаз болу мәртебе ме?

Бойындағы бар күш-жігерін, зерделі ой танымын, жүректегі жан жылуын өскелең ұрпақтың білімі мен тәліміне арнаған ұстаздар қауымының қоғамдық ортада жұлдызы жанып, бітім болмысын танытар шағы да болады. Осындай бір шақта өзгелерден оқ бойы озық тұрып дараланып көзге шалынған Қарағанды қаласы №16 ЖББОМ мұғалімі Жандаулетова Айгуль Тиштыкбаевна мен жете танысқым келіп іргеміздегі білім ордасына баратын автобус маршрутын іздеп, сол бағытқа сырғи ...

Толығырақ »

Қарағандылық ұстаз, әрі басшы

  Ықылым заманнан бері ұстаз атаулының шоқтығы қашан да биік. Ұстазға құрмет көрсету- білімге құрмет көрсету. Адамның адамшылығы- жақсы ұстаздан» деп  Абай атамыз айтқандай, біз бүгін Қарағанды шахарындағы № 102 мектеп- гимназиясының  басшысы, үздік ұстаздарының бірі де бірегейі, білім ордасының шоқтығы, абыройын биіктеткен- ұлы ұстаз Мусина Айман Оразовна жайлы сөз етпекпіз.  Мектептің оқушыларына дейін үлгі алып, құрмет көрсететін биік тұлға ...

Толығырақ »

Қарағандылық ұстаздың ерекшелігі

«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» – демей ме бабаларымыз?!  Мінекей, бүгін де анасының ұстаздық жолын  жалғап келе жатқан Қарағанды қаласындағы №66 мектебінің тарих пәнінің ұстазы Қарлығаш Мұратқанқызы жайында сөз қозғамақшымын. Қарлығаш Мұратқанқызы 1974 жылы желтоқсан айының 5-ші жұлдызында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Нүркен совхозында дүниеге келген.  Анасы 30 жыл мектеп қабырғасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен ұстаздық еткен жайы бар. ...

Толығырақ »

ӨЗ ОТАНЫНЫҢ ПАТРИОТТАРЫ, ТӘЛІМГЕР, ҰСТАЗДАР БОЛҒАН АТА-АНАЛАРЫМЫЗДЫ  МАҚТАН  ТҰТАМЫЗ !

Бүгінгі күні мұғалімнің беделі туралы мәселе жиі  көтеріліп   келеді. Сол үшін де «Педагогтың мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, оны қабылдаудың қажеттілігін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы кезекті Жолдауында айрықша көрсеткен болатын. Батыс Қазақстан облысы орталығынан 350 шақырым жерде орналасқан Қазталов ауданындағы Қазталов кентінің әкімшілігі 2018 жылғы 12 қазанда Алма Оразбаева атындағы мектептің 150 жылдығын атап өтті. ...

Толығырақ »

АСҚАРАЛЫ АЛПЫС ЖАС

  Біздің қадірлі әріптесіміз, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының профессоры, техника ғылымдарының докторы, білім беру саласының белді қайраткері – Бесимбаев Ерік Тұрашович  биыл өмір жолының айтулы белесі – алпыстың шыңына шығып отырған өнегелі азамат. Ерік Тұрашовичті құрылыс саласында еңбек етіп жүрген көпшілік қауым бүкіл саналы ғұмырын білім саласын дамыту мен жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған зиялы азамат ретінде жақсы таниды.  Өзінің жарқын ...

Толығырақ »

Мектебіміздің ғана емес, Мемлекетіміздің де мақтанышы

Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы «Үздік педагог-2018» республикалық байқауының жеңімпазы Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы Алматы қаласы, Жетісу ауданы №57 жалпы білім беретін мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі,  педагог-шебер, филология магистрі, мектеп тренері. 1997-2001 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті қазақ  филологиясы факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын «үздікке» бітірген.2001-2003 жылдары Абай атындағы Алматы университетінің магистратурасын «үздікке» бітіріп, ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ БАҚЫТЫ – ШЫҢДАҒАН ШӘКІРТІ

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі — Ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаз — әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Ұстаз ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол ...

Толығырақ »