Home » Баяндамалар (page 22)

Баяндамалар

Дарынды балалар – еліміздің болашақ зияткер, зайырлы қауымының негізі

          «Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан – дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді.            Құрдастарына қарағанда оқуға деген жоғары зеректігі анық байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала «дарынды бала» деп саналады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық – іс-әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі».

Толығырақ »

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қорын дамыту жолдары

Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Қозғалатын мәселе орыс тілді оқушылардың қазақ тілінде сөздік қорын дамыту тәсілдері жайлы болмақ. Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Ал бұл сөздік ...

Толығырақ »

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің шеберлігін жетілдірудің тиімді жолдары

        Бүгінгі күнде қоғамның дамуы, оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені, қазіргі өркениетке жеткізетін құрал – білім. Сондықтан білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады. Өткен ғасырға көз жіберсек, 20-жылдардың басында Қазақстан жаңа білім идеяларын іске асыру мақсатында сауатсыздықты жою үшін, бастауыш және жеті жылдық мектептер аша бастаса, кейін педагогтардың қоғамдағы беделін арттырған жалпыға бірдей орта білім ...

Толығырақ »

Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жағдайы ретінде

Халық даналығында «Ұстаз талантты болса шәкірті талапты болады» деп бекер айтпаса керек. Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ. Кәсіби қызмет мұғалімнің өзін жан-жақты көрсетуі, өзін-өзі дамытудың, қарым-қатынастың кең ауқымын береді. Соңғы жылдары біздің елімізде білім беру мәселесі қарқынды қолға алынуда. Білім беруді дамытудың маңызды мәселелерінің бірі – ол мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін ...

Толығырақ »

Бастауыш сыныптарындағы оқушылардың көз ауруларына әсер етуші факторлар және олардың алдын алу

Жұмыстың мақсаты: Жас ерекшеліктеріне байланысты көру мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерімен танысу, оқушылар мен студенттер арасында анализаторлардың гигиеналық талаптары мен әртүрлі потологиялық аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Жұмыстың міндеттері: — Жас ерекшеліктеріне байланысты көру мүмкіндіктері; — Көру талдағышының патологиясы және алдын алу жолдары; — Рефракция; — Жақыннан көргіштік (МИОПИЯ); — Гиперметропия; — Іштен туа пайда болатын көз аурулары.  

Толығырақ »

Ағылшын тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың ауызекі тілін дамыту

XXI ғасыр – ғылым ғасыры.  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» — деген болатын. Осы ...

Толығырақ »

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби біліктілігі – заман талабы

Болашақта еліміз дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көрінуді мақсат етіп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін әрбір азаматты мектеп қабырғасынан кәсіби біліктілікке баулу қажет. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Мектептегі білім мен тәрбие беру негізі бастауыш сыныптардан басталады. Бастауыш сынып мұғалімі – пән оқытушы ғана емес, ол – бағбан, баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, ...

Толығырақ »

Педагогтардың кәсіби қабілеттіліктерін шыңдауы

ХХІ ғасырдың басындағы білім беру жүйесінде, сонымен қатар жалпы білім беруде, мектепішілік ұйымдастырушылық құрылымдары, жаңа әдістерін, түрін, мазмұнын және тағы басқа іздеу, мектептік білім беру мақсатын қайта қарау, білім беру үрдістерін жетілдіру мен ұйымдастыруда жаңа философиялық, психологиялық-педагогикалық тәсілдерді дайындау және жүзеге асыру талап етіледі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталуы, екіншіден, қоғамның ...

Толығырақ »

Тәрбие үрдісіндегі әдістемелік қамтамасыздандыру жүйесі

Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі – мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға ...

Толығырақ »

Үштілділікті үйретуде пәнаралық байланыстың ерекшелігі

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 жылғы Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі ...

Толығырақ »