Home » Балабақша (page 138)

Балабақша

Аяулы Анашым

Музыка әуенімен залға қыздар бір қатармен тізіле билеп кіреді.Артынан ұлдар кіріп қыздармен вальс билейді.Балалар төрт қатарға бөлініп қатарға тұрады. Жургізуші: Айналдым ана деген асыл аттан, Шуағын бар әлемге шашыратқан. Ойнап жүрген құлынын даладағы, Үйде отырып даусынан ажыратқан. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім-шапағатқа бөлене берсін.Әлемнің жарығын силаған аналардың мерекелері құтты болсын! Қайырлы таң шуақты нұрлы көктем, Құлпырып дүниені жібіткен.                                                    ...

Толығырақ »

Жомарт күз

Топ іші тақырыпқа сай безендірілген. Балалар қолындағы жапырақтарын ұстап музыкамен кіреді, орындарына барып тұрады, бірнеше  қимылдарды жасайды. Жүргізуші: Армысыздар қадірменді ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Мерекелі де, ырысты мерекемізді бастайық. Бүгінгі біздің «Ақсұңқар» тобының «Жомарт күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Олай болса, балаларымыздың күз мезгіліне  арнап жаттаған өлеңіне кезек берейік. Ән: «Күз тамаша» Жүргізуші: -Енді балаларымыздың күз мезгіліне  жаттаған тақпақтарын айтуға ортаға ...

Толығырақ »

Ынтымақты ұжымның белестері

Мектепке дейінгі тәрбие әлемі – ақ жаулықты әжелер мен асқар таудай аталарымыздың немерелері, шөберелері ардақты әкелер мен аяулы аналардың көзінің ағы мен қарасы сәбилердің балдай тәтті қылықтарымен елітетін ерекше сыйқырлы әлем. Сыйқырлы әлем символы – бүлдіршіндер десек, осы бүлдіршіндерге білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы Қазақстандағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласына» биыл 100 жыл толып отыр. 100 ғасырлық ...

Толығырақ »

Жеңісім саған, Астана! эстафеталық жарыс

Білім беру саласы: Денсаулық ҰОҚ: Дене шынықтыру Мақсаты:Балалардың көтеріңкі көңіл-күйлерін тудыру. Олардың  ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, төзімділікке ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денелерінің дұрыс дамуына, бұлшық етінің шымыр болуын дамыту. Жүргізуші: сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер, балалар және көрермендер! Бүгінгі балабақшамызда Ару қаламыз Астана күніне орай ұйымдастырылып жатқан «Жеңісім саған, Астана!» атты эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер! Балалар сіздерді спорт ...

Толығырақ »

«Әскер бала көзімен» әскери шеру

Әскери-патриоттық шерудің мақсаты: тәрбиеленушілерді Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отанға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балабақша тәрбиеленушілері 9 мамыр-Ұлы Жеңіске 73 жыл және 7 мамыр-Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына 26 жыл толуына орай   балабақшамыздың ересек топтары  арасында өткізілетін «Жас ұлан» әскери-патриоттық шеруіне қош келдіңіздер. Шеруге балабақшамыздың ересек топтарынан құралған  4 бөлімше қатысады. 1-ші-9 Ақжелкен бөлімшесі, 2-ші -10 Жауқазын бөлімшесі, 3-ші ...

Толығырақ »

Бірлігіміз жарасқан әріптестерміз (педагогтарға арналған психологиялық тренинг)

Мақсаты: Өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту. Міндеттері: Өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға топтық жұмыстар, ашуды тарқатуға үйрету, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату. Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы, арттерапия. «Сәлемдесу» ойыны Жүргізуші алақанын соғады,қатысушылар бір-бірінің қолын қысады. Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір-бірінің арқаларын сипайды. Жүргізуші сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен амандасады. «Жіп» ойыны Менің қолымдағы жіпті алып, өздеріңізге керегінше үзіп аласыздар. Үзілген ...

Толығырақ »

Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: — ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; — ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету; — ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; — қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы. Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный. Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы ...

Толығырақ »

Үй жануарлары

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Ұйымдастырылған оқу әс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру. Мақсаты: — үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; — табиғатқа, ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу; — танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру. Билингвальды компонент: қой – баран, ешкі – козел, жылқы – лошадь, сиыр – корова, түйе – верблюд. Қажетті құралдар: үй жануарларының суреті, үлестірмелі материалдар, дидактикалық ойындар, ...

Толығырақ »