Home » Мақалалар (page 4)

Мақалалар

Педагогтер тәжірибе алмасты

Алматы қаласы білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: Өзекті мәселелер мен тиімді нәтижелер» тақырыбында өңірлік семинар ұйымдастырды. Бұл жиын Әуезов ауданындағы №190 бөбекжай-балабақшасында өтті. Құзыреттілік орталықтардың озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында өткен іс-шараға Оқу-ағарту министрлігінің балаларды ерте дамыту институтының мамандары, өңірлік білім басқармаларының жауапты мамандары, облыстық, қалалық әдістемелік ...

Толығырақ »

«Мектеп өмірге үйретеді»

Жуырда Алматы қаласы Медеу аудандық №19 жалпы білім беретін мектебінде қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың  қолдауымен “Алматы мектебі» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде «Мектеп өмірге үйретеді» атты қалалық семинар ұйымдастырылды. —Білім беру сапасын жақсартуға ықпал ететін қолайлы әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар жасау, білім алушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін орта құру, баланы мектептен кейінгі өмірге дайындау, шыңдау — бүгінгі семинардың негізгі мақсаты,-деді ...

Толығырақ »

Балабақшадағы тәжірибе алаңы

Таяуда Алматы қаласы Алмалы ауданы №11 бөбекжай-балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудағы инновациялық әдіс – тәсілдер» атты тәжірибелік алаң ұйымдастырылды. Оған Алмалы ауданының балабақша әдіскерлерімен №7 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Камбарбекова Гүлдана Дүйсенбековна және  № 16 бөбекжай-балабақшасының  меңгерушісі Сакенова Айгүл Тулебаевна қатысты. Шараның мақсаты — мектеп жасына дейінгі балаларды  тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді, құзыретті тұлға ...

Толығырақ »

«Құндылыққа бағдарланған білім беру» семинары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Тәрбие ісінде ұлттық педагогика бастауларын да назардан шығармаған жөн. Балаларымыздың бойына қазақтың салт-дәстүрі мен құндылықтарын сіңіру аса маңызды» – деп айтқан болатын. Осыған орай, Алматы қаласы Алмалы ауданы Б.Атыханұлы атындағы  №36 гимназияда  «Алматы мектебі» және  «Біртұтас тәрбие» бағдарламаларын жүзеге асыру аясындағы «Құндылыққа бағдарланған білім беру» қалалық әдістемелік семинары өтті. Мақсаты – «Алматы мектептері» бағдарламасы аясында ...

Толығырақ »

Өңір педагогтері бас қосқан жиында не айтылды?

Бүгін, 5 наурыз күні Алматы қаласы Түркісіб ауданындағы №187 бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: Өзекті мәселелер мен тиімді нәтижелер» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Оған балаларды ерте дамыту институты директорының орынбасары Мария Ерманова қатысып, балабақшадағы мәселелерді сөз етті. Мария Ерманова педагогтар тарапынан жіберіліп жатқан қателіктерді айтып, білім сапасын одан әрі жақсарту қажеттігін жеткізді. -Өздеріңіз білесіздер, қазір мектепке дейінгі тәрбие ...

Толығырақ »

Өңірлік семинар 

Наурыздың 5-інде Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алатау ауданындағы № 76 бөбекжай-балабақшасында өңірлік семинар өтті. Семинардың басты мақсаты — мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруда құзыреттілік орталықтардың озық іс-тәжірибелерін тарату болды. Семинар шымылдығын Оқу-ағарту министірлігі балаларды ерте дамыту институтының маманы Гүлнар Мукушева ашты.  Шараға өңірлік білім басқармасының жауапты мамандары, облыстық, қалалық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері ...

Толығырақ »

Ата-аналар ертеңгілікке қатысты

Жуырда Алматы қаласы Медеу ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес №126 бөбекжай-балабақшасында “Мақал сөздің азығы, Жұмбақ ойдың қазығы” атты ата-аналардың қатысуымен ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі болған — әжелер балаларға мақал-мәтелдердің мән-мағынасы мен құндылығын түсіндірді. Шара барысында балалар мақал-мәтелдерді жатқа айтып, жұмбақтар шешті. “Тақия тастамақ” ұлттық ойын ойнатылып, өлеңдер оқылды. Мың бұралған бишілер тобы “Домбыра», “Қамшы” билерін биледі. Ертеңгіліктің ...

Толығырақ »

Балалар алғыс айтты

1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесіне орай Алматы қаласы Наурызбай ауданы “Балапандар” бөбекжай-балабақшасында іс-шара өтті. Іс-шара барасында тәрбиеленушілер шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі тілектерін өлеңдермен жеткізді. Әуелетіп ән айтып, биді де биледі. Сондай-ақ аналарына алғыс айтып, гүлдер тарту етті. —Балабақшаға бала тек таңда келіп, кешке қайтпау қажет. Балабақша -баланың болашағы. Сондықтан тек мереке кезінде емес, әр күн сайын ата-анасын ...

Толығырақ »

«Ата-ана. Оқушы. Ұстаз.» үштігі форумы

 Әбдіманап Дана, Алматы қаласы  Білім ордасы  —  тәрбиенің тал бесігі. «Тәрбие деген Тәңір бар» деген даналық сөздің өзі қасиетті, қастерлі ұғым екенін танытса керек. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК мен «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы, Бостандық аудандық филиалының ұйымдастыруымен  «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмыс жоспары негізінде «Ұлттық тәрбие бастауы — ...

Толығырақ »

Ұлағатты ғұмыр жалғасы

Қоңыр жел самал ескен қырат қырдан, Даласы сырға тұңған, жырға толған, Құтты мекен туған жерім, Қараобам-ай Жандары жаралғандай шырақ нұрдан,- деп жырлаған БҚО-ның Казталовка ауданы, Қараоба ауылында дүниеге келген педагог-шебер Қаратаев Нұржан Құспанұлының есімін ұлықтау, өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Ұлағатты ғұмыр жалғасы» тақырыбында еске алу кеші Астана қаласының №60 мектеп-лицейінде атап өтілді. Аталған іс-шараға ...

Толығырақ »