Home » Мақалалар (page 317)

Мақалалар

STARTUP — мұғалім алаңы: мүмкіндіктер мен болашағы

 «Өрлеу» Солтүстік Қазақстан филиалында «Жас ұрпақ» жастар бастамалары орталығы ұйымдастырған «STARTUP — мұғалім алаңы: мүмкіндіктер мен болашағы» атты жас педагогтардың облыстық форумы өтті. Форум Қазақстандағы жастар жылына және алдағы волонтер жылына арналған. Форумның негізгі мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас педагогтарды анықтауға, қолдауға және ілгерілетуге, олардың кәсіби-тұлғалық әлеуетін ашуға, кәсіби қалыптасу үшін жағдай жасауға бағытталған. Форум барысында жас педагогтардың ...

Толығырақ »

Педагогтардың кәсіби креативті құзыреттілігін жетілдіруде ұлттық ойындардың рөлі

Балабақшалар арасындағы түрлі  семинарларға куә болып жүрсек те,  ұлттық ойынымыз асықпен ойналатын  түрлі ойын түрлерін насихаттап келе жатқан  бірден бір білім ордасы №48 «Ақкөгершін» балабақшасы. Өткен жылы «Ұлттық ойын – бала денсаулығын нығайтудың кепілі» тақырыбында өткен қалалық семинар биылғы жылы балабақша меңгерушісі Сәбиева Ұлжан Әбенқызының бастамасымен Ұлттық академиялық кітапханада өтті. Рухани ордада  өткен басқосуға жиналған педагогтардың қатары көп болды. Өткен ...

Толығырақ »

Ұлттық аспаппен ұрпақ тәрбиелей білген ұлағатты ұжым

Орыс тілі мен әдебиеті пәні оқулығының бірінен  жазушы Кеңес Оразбекұлының домбыра жайлы жазған шығармасынан алынған үзіндіні ұлыммен бірге оқып отырып, тамаша бір ойға қалған едім. Онда кәдімгі домбыраны сазгер-әншілер тартқан кезде қандай жарасымды әуен шығарады! Құлақ құрышыңды қандырып тыңдай бергің келеді. Домбыраның қос ішегіндей, адамдар арасындағы достық та жарасымды. Өзіңе шын берілген сырлас, пікірлес, қайырымды, адал достарың көп болса, сенен ...

Толығырақ »

Инклюзивті білім беруде дарынды балалармен жұмыстағы оқу-тәрбие үдерісін жүйелеу және жандандыру

Дарындылық – бұл өмір сүру барысында дами беретін, адамның өзгелермен салыстырғанда әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін айқындайтын  психиканың жүйелі сапасы. «Дарындылық» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың  алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. Дарындылық — белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі. Елімізде дарынды балаларды іздестіру мен ...

Толығырақ »

ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстанның рухани өмір, мәдениет және ғылым саласындағы ұлттық қызығушылықтары қоғамның рухани жаңаруымен, оның адамгершілік құндылықтарын сақтауымен және қоғамда жоғары адамгершілік идеалдарды нығайту, патриотизм мен ізгілік, көпғасырлық рухани дәстүрлермен байланысты[1]. Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысовнаның идеясынан туындаған «Өзін-өзі тану» пәні өмірдің мәні және өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігі негізі ретіндегі мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтарды мақсатты түрде дамытатын бір жүйе ретінде қарастырылады. Бұл курс ...

Толығырақ »

Игі дәстүр жалғасын тапты

Балалардың экологиялық мәдениеттілік санасын оятып,  табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында Нұр- Сұлтан қаласындағы   № 13 мектепте эксперимент алаңы «Рука об руку» аясында  әрдайым көгалдандыру жұмыстары қолға алынады. Игі дәстүр бұл жолы да жалғасын тапты. Тағылымдық мәні зор іс шара  аясында мектеп шәкірттері декоративті өсімдіктерге  күтім жасап,  білім беру мекемесінің  ішін  көздің жауын алар  әсем гүлдермен көркейтіп,  безендіруге бір кісідей белсенділік  ...

Толығырақ »

Берекелі алтын күз

Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді.   Жуырда №18 «Балдырған»  бөбекжайында   «Бәйтерек»   тобында   дәстүрлі «Берекелі алтын күз» мерекесі өтті. Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, осы ұйымдастырылған іс- шара ата-аналардың тікелей қатысуымен өткізілді. Өйткені, ...

Толығырақ »

Латын негізді әліпбиді оқушыға оқу және жазу дағдысын меңгерту жолдары

 Қалыптасқан таңбалардан арылып, жаңаша латын графикасын меңгеру үшін қандай іс әрекетке барамыз? Ал бірақ, күндегіден басқа таңбалануы бөлек келетін латын гафикасын оқушыға қалай тез ұқтырып танымына енгіземіз? Қатесіз жазу мен таңбаны танып оқи білу үшін қандай тәсіл әдісті пайдаға жаратсақ болады? Осы сұрақ кез -келген білім саласында жүрген жанды тебірентпей қоймайды. Мен өзім сабақ беретін сыныптардан бес оқушыға латын таңбаларымен ...

Толығырақ »

Жеке тұлғаның мінез бітістерін қалыптасытыру және тәрбиелеу жолдары

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана – сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, еліміздің ішкі рыногында әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі – «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы». Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау ...

Толығырақ »

Қуаныш пен шаттыққа толы күн

Әлемді аузына қаратқан әсем қаламыздың  Алматы көшесінде бой көтерген №95 «Алматы» балабақшасы қаланың ажарына көрік қосқан бақыт ордасы. Астанамыздың 20 жылдық тойына тарту ретінде Алматы шаһарының бұрынғы әкім Бауыржан Бәйбектің басшылығымен салынған білім ордасының ашылуына Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуы  тарихта қалар оқиға. Ел назарын аударған сол тарихи күнде тамаша тілектер  айтылып, мектепке дейінгі ұйымдарда талай жылғы тәжірибесі бар біліктілігі ...

Толығырақ »