Home » Мақалалар (page 3)

Мақалалар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру жағдайындағы педагогтің инновациялық қызметі

Жумагулова Самал Болатовна Астана қаласы әкімдігінің №36 «Балапан» балабақшасы денешыныктыру нұсқаушысы Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту мәселелері көбіне соңғы 10 жылда шешілді. Соның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту 13 есеге артқанын атап өтуге болады. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беруді дамытудың басым бағыттары модельді іске асыруда көзделген сапалық көрсеткіштерді арттыру ға бағытталған. Модельді іске асыру мектепке ...

Толығырақ »

Балабақшада ерекше балалармен жұмыс жақсы атқарылуда

Алматы қаласы Думан ықшам ауданындағы  №166 бөбекжай-балабақшасында ерекше білімді қажет ететін балалармен әртүрлі ойын-түрі форматында жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде балабақшада психологиялық, медициналық,педагокикалық консультация қызметі тексерісінен өткен 40-қа жуық ерекше бала бар.   Мұның бірден бір себебі — тұқым қуалау, аяғы ауыр кезінде ананың күйзеліске түсуі, үшіншіден, дәрі-дәрімектерді қабылдауы, балалармен кері-байланысқа түспеуі, баланың қорқып қалуынан болады. Сондай-ақ, баланың дамуына ұялы телефонның да ...

Толығырақ »

“Табиғат және біз”

2023 жылдың шілде айында Алматы қаласы әкімдігі және білім басқармасының қолдауымен Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсы бойынша Лондон қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында болып келді. Англия балабақшаларының ерекшелігі — қалдық заттардан жасалынған бұйымдар қолданылады. Лондон іс-тәжірибесі негізінде Бостандық аудандық №152 бөбекжай-балабақшасында “Табиғат және біз” экологиялық жобасы ...

Толығырақ »

Балабақшада психологиялық ахуал қандай?

6 наурыз күні Наурызбай ауданындағы №194 бөбекжай-балабақшасында «Балабақшада психологиялық-педагогикалық жағымды қарым-қатынас орнату жолдары» атты аудандық семинар өтті. Оған аталған ауданның білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова мен Алматы қаласы әдістемелік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің жетекшісі Раушан Тумаева, бас маман Маншук Зеитова қатысты. Семинарда Салтанат Құсайынова қазіргі таңда тәрбиешілердің психологиялық жағдайы балаларға төзімсіз екенін айтты. -Балабақшада жағымды қарым-қатынас орнату ...

Толығырақ »

Ұлттық құндылық

Алматы қаласы Бостандық ауданы «№85бөбекжай-балабақшасы» басшысы Алмабекова Айнагүл Манапхановна мен әдіскер Ибрашова Гүлжанат Дәулетбаевна қолдауымен, балабақша педагогтары Боранбаева Толқын Багияновна, Сламкулова Гуля Ильясовна, Наурызбай Шырайгүл, Абай Аманай және «Қошақан» тобының тәрбиеленушілерімен бірлесіп Аудандық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауына қатысып, «Толағай» аңыз ертегісін сомдады. Байқау қортындысы бойынша І орын иеленді.        Алматы қаласы Бостандық ауданы КМҚК «№85бөбекжай-балабақшасы» Басшы: Алмабекова Айнагүл ...

Толығырақ »

Ана-өмірдің шуағы

Нәзік жанды қауымның мерекесіне орай Алматы қаласы №139 бөбекжай-балабақшасында мерекелік кеш өтті. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Ана — тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербететін аналарымызға күнде тағзым ...

Толығырақ »

Анашыма мың алғыс!

Жалбырова Л.Б.  Алматы қаласы №110бөбекжай- балабақшасының әдіскері Анашыма мың алғыс! Алматы қаласы, Білім басқармасы Медеу ауданы, КМҚК «№110 бөбекжай-балабақшасында» аналар мерекесіне орай барлық топта отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығын арттыру мақсатымен «Анашыма мың алғыс!» мерекелік ертеңгілігі өтті. Ана… Осы үш қана әріптен құралған ұлы сөзге әлемдегі барлық жылулық, барлық пәк сезім, барлық бақыт пен махаббат сыйып кеткендей. Бізің мақсатымыз балаларды кішкентай ...

Толығырақ »

Гүл өсіріп баптаудағы іс-тәжрибе.

Алматы қаласы КМҚК «№31 бөбекжай-балабақшасында» осы жылдың Ақпан айынан бастап, балабақша меңгерушісінің ұсынысымен, ата-аналардың қолдауымен балалар гүл көшеттерін отырғызу бойынша жоба бастаған болатын. Мұндағы басты мақсат- аналар мен әжелерге жалпы нәзік жандарымызға көңіл-күй сыйлап, оларды шынайы эмоцияға бөлеу еді.     Бұл жобамызға «Геацинт» гүлі таңдап алынған болатын. Екі аптада яғни жылдам бүршік жарып, өсу қарқыны да тез болғандықтан осы гүлді ...

Толығырақ »

Ақын – елдің ардағы

Кітап – халықтың рухани қазынасы, адамзат баласының сан ғасырлар жинақтаған білімдер жиынтығы. Кемелденген қоғам мүшесін қалыптастыруда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, тұлғаны дамытуда кітап оқу мәдениетін, үздіксіз оқу дағдысын қалыптстырудың маңызы зор. Сондықтан да кітап оқу мәдениетін дамыту бүгінгі адамзат қоғамында кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. Президент Қасымжомарт Тоқаевтың: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі» деген пікірі де оқу мәдениетін дамытудың халықтық ...

Толығырақ »

«Заманауи білім берудегі инновациялық тәсілдер»

Бүгінде елімізде ұлттық білім беру саясатында елеулі өзгерістер орын алуда. Білім беру жүйесі қоғамдық даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану бағыты бойынша жұмыстарды жүргізу қажеттілігін көрсетеді. 2023 жылдың қараша айында «Алматы мектептері бағдарламасы» бойынша Алматы қаласының 50 мектеп басшылары Эстония, Финляндия елдеріне тағлымдама алу мақсатында сапар шегіп, көптеген іс-тәжірбиелермен танысты. Аталған бағдарлама аясында құзыреттілік орталығының «Педагогикалық шеберлік» бағыты бойынша ...

Толығырақ »