2019 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Тараз қаласындағы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы болып өтті. Акция жоспары бекітіліп, жоспар бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады. Акция барысында 5-7 сыныптар аралығында «Қайырымдылық», «Мейірімділік», «Қамқорлық» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. 8-11 сынып оқушылары аралығында «Қамқорлық» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды. Мектеп оқушыларының қатысуымен қарттар үйіне барып «Қарттарым асыл қазынам» атты қайырымдылық концерт өткізілді.
Мектеп оқушыларының қатысуымен қайырымдылық концерттер, жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Акция барысында түскен қаржыға мектебіміздің аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға оқуға қажетті оқу құралдарымен көмек көрсетілді. Көмек көрсетілген оқушылар саны – 18.
Акцияға мектебіміздің барлық оқушылары мен мұғалімдері ат салысты. Акция қорытындысы туралы мәлімет қалалық білім бөліміне өткізілді. 2018-2019 оқу жылында да Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өз жалғасын тапты.
Аманбаева Зарина Дүйсеналықызы,
Шона Смаханұлы атындағы
№44 орта мектебінің әлеуметтік педагогы ,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы