Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайын өткізу әдетке айналды. №100 ЖББМ де 2019 жылдың 5 шілдесінен «Жүректен жүрекке!» ұранымен қайырымдылық акциясы жұмысын жалғастырды.
«Мектепке жол» акциясы — көп балалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға, жетім балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсету, қол ұшын беру. «Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады» деген екен ата –бабамыз. №100 мектеп ұжымы мектеп жасындағы оқушылардың мектепке дайындықпен келуіне көмек көрсету жолында жұмыс жүргізілуде. Бұл акция ата-аналарға оқушыларды мектепке дайындау барысында үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.
«Мектепке барар жол» акциясы шараларына мектеп ұжымы , ата-аналар, белсене қатысуда. Өмірдің қиын жағдайына душар болған балалар мен жасөспірімдер біздің қоғамымызда бар екені белгілі. Олар бүгінде мейірім мен ізгілікке, қайырымдылыққа зәру. Міне, осындай жылылыққа зәру балалар мен жасөспірімге ізгі ниетті жандар қол ұшын беруде. Атап айтатын болсақ аз қамтылған отбасына 3 балаға (қыз балаларға арналған) сарафан, кофта және тағы да бірнеше оқушыларға оқуға қажетті кеңсе тауарлары, спорттық киімдер, аяқ киімдер таратылды. Бұл игі іске белсенді азаматтар, мектептің түлектері, ерікті жандарды тарту шараларын ұйымдастырылуда.
2019 жылғы 5 шілдеден бастап рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мақсаты: сабаққа бармай қалған, «қауіпті топтағы», қыдырымпаздарды, панасыз, қадағалаусыз мигранттар мен аз қамтылан отбасыларды анықтау. Оның ішінде, мектеп ықшам ауданында базарлар, тұрмысы қолайсыз отбасылар, үй жертөлелері, компьютерлік салондар, көңіл көтеретін орындар, пәтерлер тексерілуде.
Бұл игі істің бастамасы, атқарылар іс әлі де алда. Бір-бірімізге жақсылық жасаудан жалықпайық.
Нурсеитова Альгиза Атамкуловна,
№100 ЖББМ
əлеуметтік педагогы
Алматы қаласы