Home » Балабақша » Математика әлеміне саяхат

Математика әлеміне саяхат

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:

Мақсаты: Балалардың жылдық білімдерін қорытындылау. Математикалық мазмұндағы дидактикалық ойындар арқылы білімдерін тексеру. Математикалық амалдарды орындау арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Геометриялық пішіндер мен денелерді табуға үлкен, кішіні салыстыруға бейімдеу. Жұмбақтарды, қисынды есептерді бере отырып, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Сонымен қатар, балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлықтарын тексере отырып, білімдерін тиянақтау. Білімділікке бейімдеу бағытында сандардың қатарын ауызша санауға жаттықтыру, жыл мезгілдерін, апта күндерін, ретімен атауға, тақпақтар айтуға үйрету. . Оларды жеке талдап, жұмыспен дәлелдеп көрсету. Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, сан тізбектері.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу Билингвалды компонент: бауырсақ-колобок-зэ бан, қасқыр-волк- э улф, қоян-заяц-э хэа, түлкі-лиса- э фокс, аю-медведь- э бэа, ата-дедушка-грэнфазэ, әже- бабушка-грендмазэ.

Таңғы шеңбер:  Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Всем,всем,добрый день!

Здравствуй, солнце золотое !

Здравствуй, матушка земля!

Гуд монинг,гоулд сан,

Гуд мониң дия гестс

Гуд монинг май френдз.

Уи уине ю ол зэ юэсте

Барысы: -Балалар математика әлемінде болып жатқан қызықтарды бірге тамашалауға дайынсыңдар ма? -Ия, дайынбыз. Математика әлеміне болып жатқан қызықтарды бірге тамашалау үшін мен сұрақтар қоямын, сендер сол сұраққа толық жауап берсеңдер.

  1. Бір аптада неше күн бар? (7)

-Қанша демалыс күн бар? (2)

-Жексенбі, жұма аралығындағы күнді ата (сенбі)

-Бүгін сейсенбі болса,ертең қай күн? (сәрсенбі)

— Аптаның төртінші күні қай күн? (бейсенбі)

— Аптаның бірінші күні қалай аталады? (дүйсенбі)

— Біз кешке тамақтанамыз, ал жаттығуды- (таңертең жасаймыз)

— Көктемде ағаштар (бүршік атады)

—Қай уақытта жапырақтар сарғайып түседі (күз мезгілінде)

— Суға шомылып, дем алатын уақыт- (жазда)

-Шаңғы теуіп, сырғанап ойнайтын уақыт- (қыста)

— бір жылда неше мезгіл бар ? ( 4 )

— 1-ден 10-ға дейін орысша санау (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10)

— Ағылшынша 1-ден 10-ға дейін санау ( уан,ту,сри,фо,файф,сикс,сэбэн, эйт, найн, тэн)

— Апта туралы санамақ білесіңдер ме?

Рамазан: Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік клубта.

Жексенбіде үйде болып, дем алдық,

Осылайша өте шықты бір апта.

Сандарға байланысты жұмбақтар:

1.Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді. (Аптаның 7 күні)

  1. Асан ,Айша екеуі,

Қос қуыршақ,

Бір құлыншақ,

Екі ойыншық

Құстай ұшып,

Үйден шықты.

«Бәрі нешеу» (Жетеу)

3.Дүкеннен көп сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бәрі? (Алтау)

  1. Бір үйде біз нешеуміз

Кел санайық екеуміз:

Бас бармағым–папам,

Балаң үйрек- апам,

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек,

Титтей бөбек сен

Бір үйде біз нешеуміз? (бес саусақ)

5 .Табақта бес алма,

Қолымда екі алма.

Қосқанда барлығы,

Болады неше алма?

Бір алма апама,

Бір алма атама.

Екі алма беремін

Мамам мен папама.

Нешеуі қалады табақта? (үшеу)

Ойын : «Артық сөзді ата »

  1. Қыс, жаз, таңертең, көктем, күз
  2. 1,2,3,4, түс, 5,6,8
  3. Аю, қасқыр, мысық, қоян, түлкі
  4. Математикалық пішіндерді ата? (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер)

Тәрбиеші: Балалар орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті.
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез алда,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қолың да бос тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

Жарайсыңдар,балалар! Орнымызға отырайық.

Тәрбиеші: Балалар, сендер  жұмбақ шешкенді ұнатасындар ма? Олай болса, мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ:    Тегіс домалақ,

Сырты қызарыңқырап әдемі болып піскен.

Терезе алдына суытып қойған.

Бұл қай ертегі кейіпкері? (Бауырсақ)

-Жарайсыңдар, балалар. Сендер жұмбақты да, жақсы шешеді екенсіңдер. Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері қонаққа келеді. Олар бауырсақты жеп қоймақшы.  Біз бауырсақ ертегісіне көмектесуіміз қажет болып тұр. Бауырсақ ертегісін есімізге түсірейікші.  Бауырсақ бірінші кімге кезедеседі?

Балалардың жауабы. (Қоянға кездеседі.)

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар.

Топқа бауырсақ келеді:

Бауырсақ:

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып.

Терезеге қойып суытқан,

Мен атамнан қаштым,

Апамнан да қаштым.

Лә-лә-лә.

Тәрбиеші сөзі: Осы уақытта қоян кездеседі.

Қоян : — Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: -Мені жеме, қоян.

Қоян : — Менің бір тапсырмам бар,соны орындасаң жіберемін.

Бауырсақ : -жарайды, орындаймын.

1 — тапсырма.
Пішіндер туралы жұмбақтар.
Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар? (Үшбұрыш)
— Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл — үшбұрыш. Алдарындағы пішіндердің ішінде үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз.
(Балалар көрсетеді, түсін айтады)
— Үшбұрыш неге ұқсайды екен?
— Дұрыс айтасыңдар, балалар, келесі жұмбақты жасырайын.
— Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бар.
Бұл қай пішін?
— Ия, дұрыс. Төрт бұрыш неге ұқсайды екен?
— Алдарындағы пішіндерден төртбұрышты көрсетіңдерші, түстерін айтыңдар.
— Тағы бір жұмбақты жасырайын
Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар?
— Өте жақсы
— Дөңгелек неге ұқсайды?
— Өте жақсы балалар.
Ал, енді алдарындағы пішіндердің ішінен шеңберді көрсетіңдерші, түстерін айтамыз.
— Өте жақсы, жарайсыңдар!
Қоян: -Жарайсың бауырсақ, тапсырманы өте жақсы орындадың, мен жемеймін, сені жіберемін.

Қоян. : -Рахмет, бауырсақ.

Тәрбиеші сөзі: Балалар, бауырсақ қоянның тапсырмасын орындады, енді біз суреттегі қоянның суретін алып қоямыз. Тәрбиеші: -Бауырсақ орманда келе жатса, алдынан қасқырға кездеседі.

Тәрбиеші: Осы уақытта бауырсақтың алдынан не кездеседі.

Балалар: -Қасқыр.

Қасқыр кіреді.

— Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: -Мені жеме, қасеке

Қасқыр : — Менің бір тапсырмам бар, соны орындасаң сені жіберемін. Тәрбиеші: — балалар, кәне, бауырсаққа көмектесіп, қасқырдың тапсырмасын бірге шығарып көмектесейік.

Ал, қасеке, сен дем алып балалармен бірге есепті шығарып, тексеріп отыр.

  1. Тапсырма: «Салыстыру» (Карточкаларда жазылған сандарды салыстыру)

Тәрбиеші: Бауырсақ қасқырдың көңілін көтеріп, бір сергілту жаттығуын орындайық.

Қасқыр: -жарайсың, бауырсақ мен саған ризамын,рахмет саған.

Тәрбиеші: -Балалар, қасқырдың тапсырмасын орындадық, енді суреттегі қасқырдың суретін алып қояйық.

Тәрбиеші: :бауырсақ орманда келе жатса, алдынан аюға кездеседі.

Аю кіреді. — Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: -Мені жеме, аю

Аю: -Менің әкелген тапсырмаларым бар, соны орындасаң, мен сені жіберемін.

2 — тапсырма.
Тура және кері санау.
— Балалар, біз санау білеміз бе?
— Қане, олай болсақ, санайықшы.
— Ал, енді, осы сандарды кері санайық

Аю: Менің көңіл-күйім болмай тұр, маған дос табуға көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Балалар аюдың көңіл-күйі болмай тұр, көңілін көтеріп, дос табуға көмектесейік. Алдымызда тұрған геомертиялық пішіндерден аюға дос құрастырайық.

Аю: -Жарайсыңдар, балалар, сендерге рахмет! Мен жалғыз жүр едім. Маған көп дос табуға көмектестіңдер.

Балалар, аю сендермен ойын ойнамақшы.

Ойын: Математикалық пішіндерден үй құрастыр. «Кім жылдам?»

Тәрбиеші: Ал, балалар аюдың көңілін көтеріп, бір сергілту жаттығуын орындап берейік.

Аю: -Бауырсақ менің көңілімді көтердіңдер, рахмет. Бауырсақ мен сені жемеймін. Көңілімді көтеріп, тапсырманы орындап, көп дос табуға көмектестіңдер.

Тәрбиеші: Балалар аюдың тапсырмасын орындадық, енді суреттегі аюдың суретін алып қояйық.

Тәрбиеші: :бауырсақ орманда келе жатса, алдынан не кездеседі?

Түлкі кіреді. Әй ,бауысақ неге әндетіп кеттің? Дауысын қатты шығып кетті ғой.

Түлкі: — Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: Қорыққанынан аузын жаба қалады.

Бауырсақ: түлкіжан, мені жей көрмеші, не тапсырмаң болса да соны орындауға дайынмын.

Түлкі : — Менің қолымда 2 конвертте тасырмаларым бар. Біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Осындағы тапсырмаларымды орындауға көмектессең, мен сені жіберемін.

Бауырсақ : -балалардан көмек сұрайды.

Тәрбиеші: -балалар бауырсаққа көмектесіп, түлкінің тапсырмасын бірге орындап, бауырсаққа көмектесейік.

1.Тапсырма: «Жұмбақ есептер құрастырып, жауабын шеш»

1.Балапаның көгалда,

Санай алмай тауық жүр.

Жетеуі жүр жүгіріп,

Үшеуі жем шашып жүр,

Қанша барлық балапан,

Санап көрші балақан.

  1. Үш сәбізді бақтағы

Тиін барып жинады,

Ең әдемі тәттісің

Қоянға сыйлады.

Ыдыстағы сәбіздің

Санап көрші қалғанын!

2.Тапсырма: «Адасқан цифрлар»

Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру. шарты: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған кішкентай үйшіктер. карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атап, рет-ретімен қою.

Түлкі: -Жарайсың, бауырсақ, бір амалын тауып, менің тапсырмамды жақсы орыңдадыңдар.

Түлкі: Бауырсаққа мен ризамын. Жарайды, бауырсақ, келе жатқан жолыңмен бара ғой.

Тәрб: Балалар түлкінің тапсырмасын орындадық, енді суреттегі түлкінің суретін алып қояйық.

Тәр: -Бауырсақ жолдағы аңдардың тапсырмаларын орындап,аман-есен атасы мен әжесіне келіп жетті.

Бауырсақ: балалар сендерге көп-көп рахмет, ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер. Сендер математика есептерін көп біледі екенсіңдер.Жарайсыңдар,балалар! Өте ақылды балаларсыңдар. Ризамын, рахмет. Мен сендерге өзіммен бірге сыйлық ала келдім.

Тәрбиеші: Бұл бүгін қай ертегі кейіпкері бізге қонаққа келді? Балалар: Бауырсақ-колобок-зэ бан, қасқыр-волк- э улф, қоян-заяц-э хэа, түлкі-лиса- э фокс, аю-медведь- э бэа, ата-дедушка-грэнфазэ, әже- бабушка-грендмазэ. Жартылай шеңбер болып ортаға тұрайық.

Қорытынды: Хормен айту.

Ал,балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Кездескенше күн жақсы,

Сау, саламат болайық.

Тагаева Шынар Жармукановна

ШҚО Жарма ауданы

КМҚК «Алтынай» балалар бақшасы
тәрбиеші

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.