Home » Жаңалықтар » Маңғыстауда инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы жүзеге асырылуда

Маңғыстауда инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы жүзеге асырылуда

         Ағымдағы жылғы 22 тамызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Инвистициялық-инновациялық даму басқармасымен бірге Маңғыстау облысы әкімдігінде «Protecting business and investments» («Бизнесті және инвистицияларды қорғау») жобасы шеңберінде бизнес-кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға 20 отандық және шетелдік инвесторлар Департаменттің кызметкерлері, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Маңғыстау өңірлік өкілдігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының облыстық филиалының қызметшілері және қоғам өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аумақтық департамент басшысының бірінші орынбасары С.Қаныбеков аталған жобаның негізгі мақсаты қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру деп атап өтті.

Кәсіпкерлерге әлеуметтік желілер, мессенджерлер, Агенттіктің 1424 шұғыл желісіне хабарласу арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында кездескен сыбайлас жемқорлық деректері бойынша хабарласа алатыны түсіндірілді.

Сонымен қатар, Инвистициялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Т.Абдықадыров өңірдің инвистициялық  ахуалы туралы баяндап, қазіргі уақыттағы облыс деңгейінде жүзеге асып жатырған инвистициялық жобалар туралы атап өтті.

Кездесуге келген бизнес саласының өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тиісті жауаптарын беріп, көтерілген мәселелерін бақылауға алатындығын түсіндірді.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.