Білім беру саласы: Денсаулық, Әлеумет, Таным, Шығармашылық, Коммуникация.
Бөлімі: Ағылшын тілі.
Мақсаты: Балалардың жануарлардың түрлерін, сандар, түстерді ағылшын тілінде атай білуге дағдыландыру, жаңа технологиялармен жұмыс жасай білуге үйрету, ой, есте сақтау дағдыларын логикалық тапсырма арқылы қалыптастыру. Оқу қызметі барысында күнделікті қолданатын іс әрекетті ағылшын тілінде түсініп, орындату.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі-түсті ленталар, сиқырлы таяқша, пазлдар, «Танграм» ойыны, шағын шыны банкалар, түрлі түсті беторамалдар, су, гуашь бояғышы, баулар, түрлі түсті шыны.
Билингвальді компонент: көлік-car; автобус-bus; кеме-ship; ұшақ-airplane; тікұшақ- helicopter;
Оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші: Hello, children! Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар: Hello, teacher!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу қызметімізге көптеген қонақтар келген екен, ізгілік білдіріп, үш тілде амандасайық.
Балалар: Саламатсыздарма! Здравствуйте! Hello! Good morning!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз сендердің көңілдеріңнен шығады деген үміттемін. Себебі, бізді бүгін сиқыр перісі өзінің «Magic Town» еліне шақырды. Біз онда қандай көлікпен барсақ болады?
Балалар: Автокөлікпен!
Ұшақпен!
Автобуспен!
Тәрбиеші: Жақсы, көлік түрлерін біледі екенсіңдер. Біз «Magic Town»ға автобуспен барамыз. Ол автобуспен бару үшін бізге жүргізуші және жолсерік керек болады. Ол үшін біз санамақ ойнайық.
Олай болса, жолға шығайық!
Көңілді ән шырқайық!
Интерактивті тақтада видео көрсетіледі,
балалар сол әнді орындап, көңілдері көтеріңкі келеді.
«Magic Town»да балаларды Сиқыр перісі күтіп алады.
Fairy: Hello, children!
Балалар: Hello!
Fairy: Welcome to «Magic Town»! Nice to meet you! How are you?
Балалар: I am OK!
I am fine!
Fairy: Бүгін мен сендерді «Magic Town»мен таныстырсам деп едім. Мына тақтаға қарасаңдар осы қалашықтың кескін картасы көрсетілген. Ол кескін картада қалашықтың бел бөлігі орналасқанын көруге болады.
1th town is – «Animals world»;
2nd town is – «Numbers world»;
3th town is – «Warm up world»
4th town is – «World of Logic»;
5th town is – «World of Fruits and Vegetables».
Бірақ мен осы кескін картаны асығыста жыртып алдым.Will you help me?
Балалар: Yes, we will help you!
Fairy: Oh, thank you. It’s very good. Бірақ ол үшін біз қызықты тапсырмалар орындауымыз керек болады. Are you ready?
Балалар: Yes, of course.
Тәрбиеші: Сиқыр перісі менің шұғыл жұмыстарым шығып қалды. Балаларымды сізге зор сеніммен табыстаймын. Жылдам келемін деп уәде беремін балалар, ал сендер ақылды, тәртіпті балалар баолыңдар!
Fairy: Good. Иә, жарайды. Олай болса, жарыс ұйымдастырып, екі топқа бөлінейік. How do you like it?
Балалар: OK. It is great idea!
Fairy: Well, let’s start! Let’s play the game «Day and night». Бұл ойынның шарты бойынша, мен «night» дегенде, сендер көздеріңді жұмып, ұйықтайсыңдар. Ал мен «day» дегенде көздеріңді ашып оянамыз. Шарты түсінікті болды ма?
Балалар: Yes!
Fairy: Let’s start!
Жарысымызды бастамас бұрын, менің сендерге сұрағым бар.
«ТРИЗ» технологиясы:
Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Балалар: Автобус, кеме, ұшақ, автокөлік, тікұшақ.
Fairy: Сендер осында қандай көлікпен келдіңдер?
Балалар: Автобуспен!
Fairy: Балалар не көрдіңдер?
Балалар: Жануарларды, құстарды. Monkey, bear, cat, dog…
Жаңа сөздер: Fairy: көлік-car; автобус-bus; кеме-ship; ұшақ-airplane; тікұшақ- helicopter;
І тапсырма: Пазл құрастыру.
Fairy: Әр топқа үш пазылдан беремін, сол пазлды құрастырып, ағылшын тілінде атап көрсетулерің керек.
«Animals world» қалашығының кескін картасы табылды.
ІІ тапсырма: «Танграм» ойыны.
Fairy: It’s great! You are activity boys and girls! Берілген суреттің сиқыры неде екенін мынадай түрлі түсті шыныны пайдаланып, шыны арқылы көрінген сандарды «Танграм» ойнымен көрсетіп, ағылшын тілінде атап береді. Let’s start.
«Numbers world» қалашығының кескін картасытабылды.
ІІІ тапсырма: Сергіту сәті.
Fairy: Ok. May be you are tired? Let’s make replacing exercises. Look at the board and repeat!
Балалар: Видеода көрсетілген жаттығуды жасайды.
ІҮ тапсырма: Логикалық тапсырма.
Fairy: Бұл тапсырмада санау таяқшаның көмегімен пішіндерді көрсетіп, ағылшын тілінде атап айту. So, let’s begin.
- 5 санау таяқшаның көмегімен 2 бірдей үшбұрыш құрастырыңдар;
- 7 таяқшадан 2 бірдей төртбұрыш (шаршы) құрастырыңдар;
- 5 таяқшадан 1 шаршы, 2 үшбұрыш құрастыр.
«World of Logic» қалашығының кескін картасы табылды.
Ү тапсырма: Баумен жұмыс.
Fairy: Бұл жеке тапсырма. Әр балаға үлгі бойынша баудың көмегңмен нүктелерді қосып, сурет бойын дұрыс сызып көрсету керек.
«World of Fruits and Vegetables» қалашығының кескін картасы табылды.
Тәрбиеші: Сиқыр перісі сізге көп рахмет, балалар уақытты қызықты өткізген сияқты.
Fairy: Иә, балаларыңыз маған көмек көрсетті. Thank you! Енді менің де сендерге қызықты сиқырым бар, көреміз бе?
Балалар: Yes. I like the magic!
Сиқыр көрсетеді.
Жеңімпаз топ пен жеңілген топтар марапатталады.
Рефлекисиялық түзетушілік:
Тәрбиеші:
— Балалар сендер бүгін қайда келдіңдер?
— Ол қалашықта кім күтіп алды сендерді?
— Сендер онда не істедіңдер?
— Қандай тапсырма ұнады?
— Сиқыр көңілдеріңнен шықты ма?
Fairy: Thanks for you! Good-bye! See you at the next lesson.
Балалар: Good-bye!
Төребек А.Т.,
№11 бөбекжай-бақшасының
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы, Тараз қаласы