Home » Ашық сабақтар » Lesson Study: теориядан іс-әрекетке

Lesson Study: теориядан іс-әрекетке

Қазіргі күнде әр бір ұстаз өзінің білімін, дағдыларын жетілдіру үстінде. Барлығымыз білетіндей білім беру процессі бір орында тұрмай, үздіксіз дамып жатыр. Соның негізінде біз білім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдері, техникаларды пайдаланамыз. Сондай тәсілдердің бірі — Lesson Study. Lesson Study тәсілінің негізгі қағидасы іс-әрекеттегі зерттеу болып табылады. Lesson Study мұғалімдерге не үшін қажет? Ол, мұғалімдерді ынтымақтастыру арқылы оқытып, тәжірибелерін дамытуға септігін тигізеді. Осы орайда мектебімізде жасаған тәжірибемізбен бөліскім келеді.

Біздің жасаған жұмысымыз үш циклдан тұрады. Бірінші циклда біз Lesson Study   тобына бірігудің мақсатын айқындадық. Қазақстан тарихы, Қазақ тілі және орыс тілі пәндері бойынша біріктік және сыныпта кездесетін барлық қиындықтарды қарастырдық. Бұл бізге оңай соқтырған жоқ. Себебі, әр түрлі пәндер болғандықтан ондағы мәселелер де әр түрлі болды. Жақсы талқылаудың нәтижесінде төмендегідей зерттеу сұрағын құрастырдық: «зерттеу сұрақтары арқылы оқушылардың оқылым дағдыларын қалай дамытуға болады?». Тобымыздың ішіндегі тиімді пікір-таластың барысында оқушылардың қабілеті мен оқу үлгеріміндегі кедергілерді талдадық, кездесу және сабақ жоспарлау уақыттарын анықтап алдық (Сурет №1: жоспарлау жасау).  Кейіннен мектебіміздегі 7-сынып оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарының төмен болуы талқыға салынды. Бірінші семестрдің қорытындысы бойынша мектебіміздегі білім сапасын төмен көрсеткіш көрсеткен сыныпты таңдап алдық. Ол сыныптан деңгейлері 3 түрлі оқушыны анықтап, «А-жақсы», «В-орташа», «С-төмен» оқушылары деп өзімізге белгіледік. Одан соң бір-біріміздің сабағымызға қатысып оқушыларды бақылауға алдық. Бірінші циклдің соңында мәтінді оқыта отырып, аргументтерді іздеуге бағыттауды іс-тәжірибеден өткіздік. Бұл тәжірибе барысында байқағанымыз «С» оқушысына бұндай тапсырманы орындау қиындау болды. Содан соң мәтінге сүйне отырып деректі, концептуалды, пікір-таласты сұрақтарды өздігінен құрастыруға үйретттік. Үнемі сабақтың басында және сабақтың соңында оқушылармен сұхбаттасып отырдық. Бұл іс-әрекеттердің соңында нысанға алған оқушыларға жекелеген тапсырмалар ойластыру керек деген қорытындыға келдік.

Осы кері байланыстарды басшылыққа ала отырып, сабақтарымызды жоспралауға кірістік. Сөйтіп, екінші циклді екінші мәрте сабақты бақылаудан бастадық (Сурет №2: оқушыларды бақылау). Кілт сөздер арқылы сұрақтар құрастыру, «карточки на выход», «диктоглос», «жүгіретін сұрақтар», «идеал» әдістерін сабақ барысында қолданып, оқушылардың жұмыс жасау деңгейлерін анықтадық. Сабақ бақылаудың үшінші айналымында біз оқушылардың жұмыс жасауында өзгеріс байқадық.  Яғни оқушылардың көпшілігі мәтінді толықтай талдай алды, қызығушылықтары байқалды және меңгерген мәтін негізінде оқушылар өз өнімдерін ұсына алды. Нақытрақ айтатын болсақ, «А» оқушысы өте мықты оқушы болғандықтан онда айтарлықтай өзгерістер болмады, орта деңгейлі «В» оқушысында афективті дағдылары дамығаны байқалды, ал төмен деңгейлі «С» оқушысында белсенділік байқалып, білім деңгейі көтерілгендігі көрінді.

Үшінші циклде біз зерттеудің тиімді жақтарын, кездескен кедергілерін қарастырып, болашаққа ұсыныстар жасадық. Әр бір жасаған жұмысымызды хаттамаларға түсіріп отырдық. Жалпы, жұмыстың қорытындысын педагогикалық кеңесте барлық ұстаздарға постер түрінде демонстрация жасадық (Сурет №3: lesson study постеріне демонстрация жасау). Жасаған жұмысымыздың нәтижесінде оқушыларының кітап оқуға қызығушылығы артты, шығармалар мен оқиғаларды зерттеуге қызығатын болды, шығармаларды талдай алатын болды, білім сапасы жоғарылады.

Сурет №1: топтың lesson study бойынша жоспарлау

 

Тусупбаев Акбар Аскарулы,
Астана қаласы Халықаралық мектебі
«тарих» пәнінің мұғалімі

 

Қолданылған әдебеиттер тізімі:

  1. Абдраманова Ж.Б., Биярова С.Б., Зейнолдина Г.Т. Lesson Study: өз сабағын зерттегісі келетіндер үшін: әдістемелік ұсыным. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015.
  2. Дадли П. Lesson Study: нұсқаулық. – Кембридж, 2011.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.