Home » Мақалалар » «Lesson Study»- оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі

«Lesson Study»- оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі


«Ең оңайы — еліктеу, Ең  ащысы — тәжірибе,

 Ең  мәртебелісі – ойлау»

Конфуций


     Шымкент қаласы №19 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ақпан айында «Жаңартылған білім — жаңашылдыққа бастама» айдарымен онкүндік өткізді. Бұл онкүндіктің мақсаты: жан–жақты дамыған, өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақты тәрбиелеу. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру.

    «Елді түзету ісін бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деп, ұлтымыздың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жас ұрпақты оқыту мен еліміздің болашағының тұтқасы етіп тәрбиелеу-әрбір мектептің, әрбір мұғалімнің міндеті. Мұғалімдердің негізгі мақсаты: оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытып, зaмaн тaлaбынa caй cындaрлы ой aйтып, aлғaн білімін керекті жерінде қолдана алатын тұлға тәрбиелей отырып, білім сапасын көтеру арқылы жалпы мектептің білім сапасының артуына жетелеу, болашақ ұрпақты жаңа өмірде өз орнын таба алатын, білімді, жан-жақты дамыған, кез-келген ортада жақсы тіл табысып кете алатын, ойы ұшқыр, шығармашыл, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатқа жету жолында мектебіміздің мұғалімдер қауымы халықаралық талапқа сай, озық технологияларды пайдаланып кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде. Мұғалімнің өз кәсіби білімін жетілдірудің ең тиімді әдісі- «Lesson Study».  Бірнеше мұғалім бірігіп, ынтымақтастықпен тәжірибе алмаса отырып, бір мақсатта бір-біріне қолдау көрсете отырып, жақсы нәтижеге жетуге ұмтылатын бірлескен педагогикалық тәсіл. Бұл әдістің балаларды оқытуда тиімділігіне көз жеткізу үшін және мектептің болашағын дамыту. №19 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде  мұғалімдер тобын біріктіріп «Lesson Study» зерттеуін өткізуді жөн көрдік. Осы әдісті тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатында тізбектелген сабақтарды өткізуді  жоспарладық. Бұл зерттеу жұмысын бастамас бұрын «L.S» жобасы өткізілетін сыныпты түрлі сауалнамалар және білім деңгейін көрсететін тест жұмыстары арқылы анықтап алдық. «L.S» жобасының зерттеу нысаны ретінде 8«В» сыныбын алынды. Сыныпта ойларын ашық айтуда ұяңдық танытып, өз ойын жеткізуде жұтаңдық байқалады. Бір-бірімен пікір таластырып, бәсекелестік тудыруда белсенділік таныта қоймайды. Сол себепті де осы оқушылардың белсенділігін арттырып,білім сапасын арттыру мақсатында зерттеу нысаны ретінде алдық. «L.S» зерттеу жобасында тізбектелген сабақтарды математика пәні мұғалімі- Махат А. жоспарлап жүргізді, ал қалған топ мүшелері: Тәңірбергенова С.-ағылшын тілі пәні мұғалімі; Саудбаева А.-орыс тілі пәні мұғалімі; Жорабекова Н.-тарих пәні мұғалімдері сабақ барысындағы оқушылардың іс- әрекеттерін зерттеп, сабақтың өтуін қадағалады. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне талдау жүргізді. «Lesson Study»-дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін сабақ барысындағы нәтижелерді есепке ала отырып, келесі сабақты қайта жоспарлады. Екінші сабақ. шығармашылық топқа сабақ өте жоғары қарқынмен өткендей көрінді, сабақта бірнеше әдіс түрі қолданылды.Бірақ рефлексия және оқушылармен әңгімелесу барысында сабақтың оқушыларға да ұнағаны байқалды

Бұл сабақтар тізбесін өткізген кезде мұғалімдер бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, өзара тәжірибе алмасты..Әр түрлі әдіс-тәсілдер үйренді.Тәжірибе молайды. Кәсіби біліктіліктері артты. Болашақта «Lesson Study» тәсілдердін қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды мақсат етеміз. Қазіргі кезде көптеген мектеп оқытушылары өз жұмыстарын осы әдіске негіздей бастаған. Мұндай топтардағы ұстаздар өзін-өзі басқарып, өз әлеуетін өзі дамытатын ортасын қалыптастырады. Өйткені «Lesson Study» әдісін пайдаланған мұғалімнің сабаққа дайындалуы да сабаққа қатысу мәдениетіде өзгерері сөзсіз.

Қорыта айтқанда  қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала береді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұғалім тек қана өз шәкірттеріне ғана емес,жан-жақты, білімді, заман ағымына сай жаңашыл ұстаз болса, өз идеяларымен, ой-мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбасшыларына айналады. Lesson Study-оқушыларға саналы білім берудің кепілі екені айқын.

 

З.Бектөре
Шымкент қаласы
№19 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта білім беретін
мектептің тарих пәнінің мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.