Қазіргі таңда көптеген саясаткерлер, кәсіпкерлер және ағартушылар оқушылардың білім алуында өмірге керекті дағдылары қалыптасу керектігін қолдайды. Қазір біз жаңа оқыту әдісі мен қабілеттілікті талап етеміз. Ал бұл оқыту әдісі оқушыға бағытталған – сыни тұрғыдан ойлау, талдау, зерттеушілік, проблеманы шешу және синтездеу дағдыларын қалыптастыратын оқыту әдісі болу керек. Жобаға бағытталған оқыту жоғарыда аталғанның бәрін қамтиды.
Бұл тәсіл оқушының шығармашылығын, сұрақ қою, талдауын дамыта отырып, оқушының сыни тұрғыда ойлау, коммуникация, ынтымақтастық дағдыларын жетілдіреді.
Жобаға бағытталған оқытудың басты кілттері:
- Шынайы проблема немесе жоба
- Топтық жұмыс
- Көп қырлы бағалау
Жобаға бағытталған оқыту оқушылардың шынайы проблемалармен жұмыс істеуін, бірлесіп жұмыс істеуін қамтамассыз етеді және қоғам шаруасымен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл көптеген оқулықтарда көрсетіліп қолдау тапқан тәсіл. Сонымен қатар Жобаға бағытталған оқыту мұғалімдердің бірлесе жұмыс істеуінде қамтамассыз етеді. Мысалы, белгілі бір тақытып бойынша биология сабағынан зерттеу жобасы жүргізілетін болса, ағылшын тіліндегі баспаларды қолдану үшін ағылшын тілі пәні мұғалімінің көмегі керек болуы мүмкін немесе осы биология пәні мен химия пәні бірлесе жоба жасауы мүмкін. Шынымен де, бұл осы әдістің бір артықшылығы.
Жоба барысында оқушылар даыйн ақпаратты біліп қана қоймай жаңа тәжірибе жинайды, олар криеативті ойлап жаңлық ашады. Бұл әдіспен оқытуда оқытушылар шынайы кейстерді қолдана отырып сұрақтар мен тапсырмалар құрастыра отырып жұмыс жасаса болады. Тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарап түрлі деңгейде жасап, сыныптан сыныпқа көтерілгенде тепшек тәрізді күрделендірсе тиімді болады. Тапсырма соңынан оқушылар презентация қорғап, дайын жұмыс немесе продукт дайындауы тиіс.
Жобаға бағытталған оқыту әдісін қолдану арқылы мұғалімдер келер ұрпақты қоғамда жұмыс істеуге тәрбиелейді және бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырады.
Ахмедов Нұрлан Нұрғалиұлы
Жаһандық көзқарастар және Жобалық жұмысы пәні мұғалімі
Сәлеметсіз бе. Осы жоба жөнінде толығырақ мәлімет алғым келеді.