Home » Білім және өнер » «LAULA — 2017» халықаралық байқауы мәресіне жетті

«LAULA — 2017» халықаралық байқауы мәресіне жетті

Елордамыз – Астана қаласындағы «Оқушылар сарайында» алғаш рет балалар шығармашылығының «Laula — 2017» халықаралық байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты – шығармашылық әлеуетті дамыту үшін жағдайлар жасау және балалар мен жасөспірімдер арасында дарынды орындаушыларды анықтау болды.  Сайыс төрт аталым бойынша бағаланды:  вокал, хореография, аспапты музыка және бейнелеу өнері. Оған  Қазақстанның 9 аймағынан 820-дан астам жас жеткіншектер қатысты. Павлодар облысынан Қашыр аудандық музыка мектебінің тәрбиеленушілері байқаудың эстрадалық вокалы аталымына қатысты. Қазылар құрамының қорытындысымен, Федоровка ЖОМ 5-сынып оқушысы Марина Галегузова І және Қашыр ауылының № 1 ЖОМ 6-сынып оқушысы Даниил Папанов ІІ орындарды жеңіп алды. Қатысушылардың екеуі де «Халық әні» аталымында көрермендерді тамаша өнерлерімен сүйсінтіп, таланттарына тәнті етті. Ал Қашыр аулының №2 ЖОМ 5-сынып оқушысы Ульяна Еремеева болса, «эстрадалық вокал» аталымында ІІІ орынға ие болды. Оқушыларын аталмыш сайысқа баптап, қолдау таныта бірге барған Қашыр музыка мектебінің мұғалімі О.М. Колмогорова: «Вокалдық дайындық дәрежесі, дұрыс ән орындау ұстанымдары, тембрдің көркемдігі мен нақтылығы, балалардың әртістік қабілеттері олардың өздерін лайықты деңгейде көрсете білулеріне мол мүмкіндік берді. Бүгінгі сайыс олардың өз шеберліктерінің одан әрі жетіле түсуіне жаңа күш-қуат бермек» — деп өз пікірімен бөлісті.

Айгүл МОЛДАШ,

Білім айнасы,

Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.