Home » Tag Archives: Өтебай Құрманғазы

Tag Archives: Өтебай Құрманғазы

Білім және ғылым министрі ҰБТ алаңында

Бүгін, яғни 2019 жылдың 20 маусымында еліміздің барлық аймағында жоғары оқу орындарының гранттарын сарапқа салатын ұлттық бірыңғай тестілеу басталып кетті. Еліміздің бас шаһары Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде  басталған мектеп түлектерінің сынағына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы келіп, емтихан тапсырушы үміткерлерге өзінің жылы лебізін білдірді. Емтиханға қатысушылар ішінен шыққан ерікті үш адам тест сұрақтары мен жауап парақтары қымтала ...

Толығырақ »

Мұрагердің мұраты…

Біздің заманымыздың асыл ойлы тұлғасы болған, ағылшынның данышпан-физигі Стивен Хокинг: «Білімнің басты жауы – надандық емес, білімділік  иллюзиясы» дейді. Өте дәл айтылған. Алып қосар ештеңе жоқ. Біздің мемлекетің қоғамында бұл дертті құбылыс етек жайған. Оны  жасанды статистиканың құрбандары жасайды. Қазақстан адам дамуының индексі жағынан алдыңғы топта. Оған бірден-бір себеп халықтың жаппай сауаттылығы. Дегенмен хат тану мен жаратылыстану ғылымдарының дәмін тату ...

Толығырақ »

Иллюзия — ұлт тағдырының жендеті

Қазақстан мемлекетінің абыройы мен қазақ ұлтының тағдыры миын мәңгүрттіктің дерті меңдемеген әр саналы алаш баласын толғандырады. Жалпақ жұрттың жұпыны жағдайы мен сағым тербеген сайын даланың бүтіндігін ойлап, жоғын жоқтап жүрген атпал азаматтар баршылық. Көкбас бүгелектің буғанына шыдамай, басын бар бәледен шұлғи қашқан қойшының шабан торысындай зиялы қауым өкілдері де жетерлік. Осы мәселеге қалам ұстаған ұлт перзенті ретінде мен де өз ...

Толығырақ »

Шешендік өнер –  тіл жауһары

Қап тауы мен Алтай шыңдарының арасындағы ұлан ғайыр даланы мекендеген Алты алаштың баласы  сөз қадірін ертеден білген. Күллі Еуразия кеңістігін дүрліктіріп адамзатқа арғымақтан қанат, темірден болат, дөңгелектен арба, теріден іштон силаған түркілердің ұрпағы қазақ халқы да ЮНЕСКО-ның мәдени құндылықтарын өзінің күй, айтыс сияқты бай мұраларымен толықтыруда. Сөз құдіреті – соғыс отын тұтатып-сөндірген, пенде ісінің ақ-қарасына сендірген тіл байлығының жебесі мен ...

Толығырақ »

Қазақтың қайсар қыранына 100 жыл

Қазақ құзғынның ғұмырынан, қыраннның өлімін артық көрген. «Біздің тілде сатқындық деген сөз жоқ» — деген батыр Бауыржан. Оған дәлел Ұлы Отан соғысында Қызыл Армия қатарында ұлтымыздың ұландарының жасаған ерлігі. Фашизм – үлкен дерт. Ол бірінші соны ұстанған елдің нәубет кеселі. Оны жеңу тек қанды қырғынмен жүзеге асады. Сондай сойқанға ел басына күн туған заманда біздің елдің ұл-қыздары да аттанған. Қазақстандық ...

Толығырақ »

Самұрықтың ұясындағы ұлық мереке

Қазақтың сайын даласына «Ұлыстың ұлы күні» де келіп жетті. Алты айға жуық ақ көрпеге оранатын Арқада қардың көбесі сөгіле бастады. Ақ сақалын желбіретіп, демімен ақ қар мен аяз бүріккен қыс қария шапанының етегін жиып, жаңарудың жаршысы  ару көктемге орнын босатып, терістікке беттегендей. Күн менен түн теңеліп, «ұзын сары» аяқталуға жақындады. Қала ішіндегі қара жолдың бетіне су иіріле бастады. Сөйтіп Сарыарқаның ...

Толығырақ »