Түрлі тауқыметті тартып, қиын жағдайды бастан кешіріп жатқан қаншама жандар бар?! Әсіресе сәбиінің аурудан қиналғанын көрген ана жүрегінің мұңы…. Көмекке мұқтаж жанға кездессең жарқын бейнесі, өмірге деген құштарлығы жаныңа қуат береді… Талпынысы талаптандырып бойыңа күш қуат, рух сыйлайды. Өмірдің бергеніне шүкірлік ете алмай жүрген жаныңа тыныштық ұялайды. Қарашаның соңғы жұмасында Нұр-Сұлтан қаласындағы №32 «Балдәурен» балабақшасында өткен дәстүрлі қайырымдылық шарасынан осыларды ...
Толығырақ »Tag Archives: Әлия Ғалымбекқызы
Педагогтардың кәсіби креативті құзыреттілігін жетілдіруде ұлттық ойындардың рөлі
Балабақшалар арасындағы түрлі семинарларға куә болып жүрсек те, ұлттық ойынымыз асықпен ойналатын түрлі ойын түрлерін насихаттап келе жатқан бірден бір білім ордасы №48 «Ақкөгершін» балабақшасы. Өткен жылы «Ұлттық ойын – бала денсаулығын нығайтудың кепілі» тақырыбында өткен қалалық семинар биылғы жылы балабақша меңгерушісі Сәбиева Ұлжан Әбенқызының бастамасымен Ұлттық академиялық кітапханада өтті. Рухани ордада өткен басқосуға жиналған педагогтардың қатары көп болды. Өткен ...
Толығырақ »Ұлттық аспаппен ұрпақ тәрбиелей білген ұлағатты ұжым
Орыс тілі мен әдебиеті пәні оқулығының бірінен жазушы Кеңес Оразбекұлының домбыра жайлы жазған шығармасынан алынған үзіндіні ұлыммен бірге оқып отырып, тамаша бір ойға қалған едім. Онда кәдімгі домбыраны сазгер-әншілер тартқан кезде қандай жарасымды әуен шығарады! Құлақ құрышыңды қандырып тыңдай бергің келеді. Домбыраның қос ішегіндей, адамдар арасындағы достық та жарасымды. Өзіңе шын берілген сырлас, пікірлес, қайырымды, адал достарың көп болса, сенен ...
Толығырақ »Қуаныш пен шаттыққа толы күн
Әлемді аузына қаратқан әсем қаламыздың Алматы көшесінде бой көтерген №95 «Алматы» балабақшасы қаланың ажарына көрік қосқан бақыт ордасы. Астанамыздың 20 жылдық тойына тарту ретінде Алматы шаһарының бұрынғы әкім Бауыржан Бәйбектің басшылығымен салынған білім ордасының ашылуына Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуы тарихта қалар оқиға. Ел назарын аударған сол тарихи күнде тамаша тілектер айтылып, мектепке дейінгі ұйымдарда талай жылғы тәжірибесі бар біліктілігі ...
Толығырақ »Абайды білген ұрпақ бақытты
Адамзаттың асыл мұраты, мәдениеті мен білім деңгейі қоғамның өлшемі ретінде қаралатын жаңа ғасырдағы жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы күн санап артып келеді. Ертеңгі ел болашағы жас ұрпақты жастайынан ізгілікпен мейірімділікке, қайырымдылыққа адамгершілік атты ұлы қасиеттерді бойына сіңіріп, сенімділікке тәрбиелеу ата-ана мен балабақша тәрбиешісінің қос міндеті. Балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршінге патриоттық тәрбие беруде түрлі технологияларды пайдалану баланың ой-өрісін дамытумен қатар көркем ...
Толығырақ »Өнерге баулу бір күндік дүние емес ….
Табиғатынан өлеңге үйір, ертегіге қызыққыш, өнерге әуес қазақ баласының рухани әлемі бүгінгі күні қандай күйде? Ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарға бай ұлттық кодтың құпясын ашатын шығармаларды дәріптеп жүрміз бе? Бала болмысына келсек тіл меңгеруге, психологиясын ашуға келгенде өнердің тигізер пайдасы зор. Ән мен биге икемді жас ұрпаққа осы бағытта білім беріп жүрген тәлімгерлердің күнделікті жұмысы қандай? Көкейде жүрген осы сауалдарға жауапты ...
Толығырақ »«Шаңырақтың шаттығы» қалалық сайыс
Мен мұндалаған алып тау шыңдары, асау өзендері бар әсем табиғаты көз тартатын «қала бақ» атанған Алматының лебі есіп тұрды… Табиғаттың бар сұлулығын жинап алған, тау-тасының өзі талай тарихтан сыр шертетін әлемдегі ең сұлу қалалардың бір Алматы бір бүйірін бұрған жылы мекен №95 «Алматы» балабақшасы.Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы шаһары сыйға тартқан сәулеті келісті, көркіне көз сүйсінер бақыт мекенінде жырдан шашу шашылып, күмбірлеп ...
Толығырақ »«Есіл Сұлтаны» сайысы
Біз асыға күткен,сағына күткен іңкәр көктемнің жарқыраған күні… Айнала жайма шуақты күйге енген мерекелі де берекелі күніміз Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №78 «Асыл» балабақшасында басталды.Қырдағы көз тартатын қызғалдақтар ғана жетіспеген қазақтың ақбоз киіз үйінің маңына жиналған жұрттың қарасы көп. Қаланың шуынан, кең сахараның төсіне еніп кеткендейміз… Айналаға зер салып қарасаңыз, жүздері жайдары, көңілдері шат-шадыман жандар, алтыбақанда еркін тербелген балалар мен құрақ ...
Толығырақ »Өнер әлеміне ену
Жүзінен нұр төгілген мақтануды білмейтін, туралықты қалайтын, ұстамдылығы мен қарапайымдылығы, жылы сөзі баурап алған жанның басқаратын шаңырағын көрсем деген қызығушылығым арта түсті…. Айналып қайта есік ашқан Нұр-Сұлтан қаласындағы Кеңесова Айсұлу Егізбайқызы басқаратын тарихы терең, іргесі мығым білім ошағы №33 «Алтын дән» балабақшасы. Ойыма ой қосқан қалам тартуыма себепкер болған басшының білімі мен біліктілігі өзге әріптестерінің қолы жете бермейтін тәрбиешілердің тәлімгері, ...
Толығырақ »Ертегі терапиясы арқылы балалардың шығармашылығын дамыту
Қарапайымдылықтың үлгісі ретінде жақсылығын сөзбен емес іспен дәлелдейтін өзі туралы мадаққа, артық жарнамаға мұқтаж емес жанды көргенде оған деген құрметтің артары сөзсіз. Нұр-Сұлтан қаласындағы Үркер шағын ауданындағы №91 «Еңлік» балабақшасы сәулеті келіскен ғимаратта орналасқан.Аумағы атшаптырым жерді алып жатқан кең жазықта тыныстауға, еркін жүруге таптырмас жылы ұяда осы Үркер тұрғын алаптарының кішкентай бүлдіршіндері тәлім –тәрбие алуда. 12 топқа бөлінген, 240 орындық ...
Толығырақ »