Home » Tag Archives: Қашықтықтан білім алу жүйесінің тиімділігі

Tag Archives: Қашықтықтан білім алу жүйесінің тиімділігі

Қашықтан білім алу жүйесінің тиімділігі

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №8 жалпы білім беру орта мектебінің информатика пәні мұғалімі А.Ж.Аманжулова Бүгінгі күніде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болған жағдайда  өз  бетінше    білім  алуға  мүмкіндік  беретін,  ізденуді  қажет  ететін ерекше жүйе қашықтықтан білім алу жүйесі мүмкін болып отыр. Қазіргі таңда қашықтықтан  білім  алу Мұнайлы ауданы №8 жалпы білім беру орта мектебінің    үштік одағына  (мұғалім-оқушы-ата-ана)     өзіндік  жеке  қажеттілігін ұғынуға, өзіне қажетті білімді  іздене отырып үйренуге жаңа мүмкіндік беріп отырғаны сөзсіз. Қашықтықтан  оқыту  технологиясы  –оқу  үрдісі  кезінде  оқып үйренушілер  мен  оқытушылар  арасында  интерактивті  өзара  іс-әрекетте оқытылып,  материалдың  негізгі  көлемін    оқып  үйренушілерге  жеткізуді қамтамасыз  ететін,  оқылған  материалдарды  меңгеру  бойынша,  сонымен бірге  оқу  үрдісі  барысындағы  оқып  үйренушілердің  өз  бетімен  жұмыс істеуіне  мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтықтан  оқыту  –  компьютерлік  және  телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде  үздік  дәстүрлі  және  инновациялық  әдістер  қолданылатын, орта білім,күндізгі  және  сырттай  білім  алу  ретінде  білімді  қабылдау  түрі  бол-ып табылады. Қашықтықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша  өзіне  ыңғайлы  жерде  оқуға  мүмкіндігі  болатын,  оқытудың арнайы  құралдары  жиынтығы  өзінде  бола  отырып,  электронды  және қарапайым  пошта,  телефон  арқылы  оқытушылармен  келісілген  байланыс жасауына,  сонымен  қатар, ата-анаға таптырмас   қарқынды  жұмыс барысын  құрайды. Қашықтықтан  оқытудың  тиімділігі төмендегідей  болып табылады: — кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар; — кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады; — оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық —  технологиялардың жаңа жетістіктерін  пайдалана отырып, білімгерлер мен оқытушылар арасындағы белсенді сұхбат, оқу ақпаратына мүмкіндік беру; —  білім  алушының  мекен  жайына,  денсаулық  жағдайына  және материалдық  жағдайына  қарамастан  тепе  —  тең  дәрежеде  білім  алуға мүмкіндігі бар

Толығырақ »