Home » Tag Archives: тәрбие

Tag Archives: тәрбие

Жарқын елдің шамшырағы жас маман

«Жастай берген тәрбие-жас шыбықты игендей». Ы.Алтынсарин Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев биылғы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Бұл бізге яғни жастар үшін тың бастама деп ойлаймын. Жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғам өрге басатыны анық. Заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім» десек, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы — мектеп. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған ...

Толығырақ »

Ұлттық тәрбиенің алтын қазығы – әйел адамы

Бүгінгі қоғамның бет-бейнесі алуан түрлі. Өйткені жаһандану дәуірінде ел болашағына сыртқы күштердің әсері тым мықты. Бұған дәлел ұрпақ тәрбиесіне батыс пен шығыстың салт-дәстүрлерінің, жалпы өмір сүру қағидаларының кірігуі. Ал, қазақ халқының сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық тәрбиеміз қайда қалды? Ұлттық тәрбиені біз балаларымызға сіңіріп жүрміз бе?  Ескіліктің көзін көрген және әр қазақтың қазақ болып қалуын ойлайтын ел-ағаларының тәрбие мәселесіндегі басты ...

Толығырақ »

Жаңа заман тәрбиешісі қандай болады?

  Жаңа заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам. Бұл бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог. Бұл – бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын маман. Жаңа заман педагогы дегеніміз – үнемі ізденіс үстінде болып, жаңа әдіс-жолдарын пайдалануға құштар және жақсы ...

Толығырақ »

Балабақша — тәрбиенің алтын бесігі

Бала деген – болашағы даланың Бала деген қуанышы ананың. Егер бала тәрбие алса данадан, Биік шыңы адалдықтын, сананың. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын кеңінен насихаттау болып табылады.Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Қазіргі кезеңде ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ...

Толығырақ »

Бала тәрбиесі — балабақшадан

Жалпы адамзат алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі — саналы ұрпақ тәрбиелеу екенін бәріміз білеміз. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» — деп, бекер айтпаса керек дана халқымыз. Бала –біздің болашағымыз, еліміздің –ертеңі. Ендеше, бала тәрбиесіне бей-жай қарау мүмкін емес, ол әрбір ата-ананы, тәрбие ісімен айналысатын мамандарды толғандырар үлкен жауапты іс. Айналасындағы үлкендердің,  ересек балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы, көңіл-күйі, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті ...

Толығырақ »

Патриоттық тәрбие беру — басты бағытта

№ 29 орта мектебінде «Патриоттық тәрбие» айлығы өткізіліп, іс-шараның жоспары жасалды. Осы жоспарға сәйкес, іс-шараның мақсаты оқушылар арасында патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды. Қатысушылар мұражайға барып экскурсия жасады. Қалалық мәдениет үйінде «Жауынгерлік даңқ» атты көрме өткізілді. Көрмеде біздің мемлекетіміздің тарихымен, салт-дәстүрімен таныстырды. Экскурсиялар балаларға үлкен әсер қалдырды. Оқытушылар, ұйымдастырушылар және сынып жетекшілер, «Отанымыз — Қазақстан», «Біз — біздің ...

Толығырақ »

Жамандыққа жәрдемші болма!

Сан ғасырдан  бері  қаймағы бұзылмаған қазақтың  бала тәрбиесінен қазір қандай олқылық кетті?  Кім қай жерде қателесті?  Неге бүгінгінің  балалары қылмысқа бейім? Дәл осы сұраққа келгенде шегі  жоқ жауаптар айтарымыз анық. Оның  бірі қазір мүмкіндігі мол ғаламтор, екіншісі  бала тәрбиесімен айналысатын ата-ананы  шырмаған  күйбең тіршілік  тағысы тағы бар. Иә, сұрақ біреу жауап көп. Осы сұрақтың жауабын тауып, кеткен кем-кетіктің орнын толтыру ...

Толығырақ »

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМІЗДІ АРТТЫРДЫ

«Мұғалім рухын бірде-бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да». Адольф Дистервег «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы аясындағы «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы үш ай мерзімге жоспарланған біліктілік арттыру курсына қатысып, педагог ретінде ғана емес, адам ретінде мол рухани азық алдым. Дәрісханалық оқытудың бірінші кезеңінде «Жүректен жүрекке» «Сабақтағы ...

Толығырақ »

Қай ұлтың баласын тәрбиелеп отырмыз?

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология пәнінің лекторы Түрдәлі Қаратаевпен сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз. – Қазақ тілі шын мәніндегі мемлекеттік мәртебесіне қашан ие болады? Мәскеу басқарған Кеңес Одағы заманында көршілес, тілі бір, діні бір бауырлас ұлттарға қарағанда тілінен, салт-дәстүрінен, ұлттық сана-сезімінен көбірек айрылып, көбірек орыстанып кеткен ұлттың бірі – Қазақ екенін сен менен артық біліп отырсың. Әсіресе, өз ана тілінен, ...

Толығырақ »

Бала – байлығымыз, ал ең асылы — оның тәрбиесі

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп, атам қазақ бекер айтпаса керек. Әрине бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс. «Балалар – еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын нығайтып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен білім беру – біздің мақсатымыз» — деп Н.Ә. Назарбаев айтқандай білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы – балабақша. ...

Толығырақ »