Home » Tag Archives: Семей

Tag Archives: Семей

   Аңсаған – Абай оқуларының жүлдегері

         Жуырда Семей қаласының  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 10-11-сынып шәкірттері арасында аймақтық «Абай оқулары» байқауын өткізді. Дәл осы байқауға мектебіміздің 10 «К» сыныбының оқушысы Аңсаған Серікқызы қатысып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. — Аңсаған Абай атасының 105 өлеңін жатқа біледі. Байқауға тыңғылықты дайындалғанының арқасында 3  кезеңнен де сүрінбей ...

Толығырақ »

«Ел үміті» — Тұрарда   

                Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Тұрар Кәметай І республикалық Әбіш Кекілбаев оқуларында жеңімпаз атанды. «Алтын глобус» халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясы ұйымдастырған байқауда шәкіртіміз «Жазушы шығармаларын жатқа оқу» аталымы бойынша үздік деп танылды. — Оқу маусымының 2-ші тоқсанында Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев оқулары ...

Толығырақ »

Семейлік ұстаздар Абай әнін орындады

           Дана Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары ақынның қаламынан туған әнді шырқады.  Олар осы арқылы артына өшпес мұра қалдырған Хәкімнің шығармашылығын насихаттауды мақсат етіп отыр. Ұлы ойшылдың сырлы да сазды лирикаға толы «Желсіз түнде жарық ай» әнін нақышына келтіре орындауда мектеп басшылығы мен ұжымдағы ер-азамат ұстаздар белсенділік танытқан. — Эстафетаны қаламыздағы Абай ...

Толығырақ »

Үздіктер лездемеде марапатталды

Мектебіміздегі оқу жылының әр тоқсаны қорытындысы бойынша түрлі бағытта үздіктер қатарынан көірен білген шәкірттерімізді марапаттау дәстүрге айналған. Осыған орай, кезекті лездеме өткізіліп, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан озат оқушыларға құрмет көрсетілді.          Шараға мектеп директоры Бағдан Қайыржанов қатысып, біздің оқушылардың арасында дарынды, талантты балалардың көп екенін айтып, жоғары көрсеткіштің  арқасында мектеп, сынып, ата-ана абыройы арта беретіндігін атап өтті.     Ізгі ...

Толығырақ »

Тәжірибе таратуға арналған кезекті семинар

   Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тәжірибе тарату бойынша кезекті семинар өтті. Семинарға Семей қаласындағы жетекші, қалаға қарасты елді-мекендердегі, Бесқарағай ауданындағы Борас және Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы орта мектептердің мұғалімдері қатысты. Бұл жолғы семинарда барлық пәндер бойынша 2019-2020 оқу жылының 3- ші тоқсанына арналған оқу жоспарын вертикальді және горизонтальді жоспарлау, сонымен бірге бөлім бойынша жиынтық ...

Толығырақ »

Семейлік оқушылардың Ақтөбеге сапары сәтті болды

Жыл сайын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушылары үшін ұйымдастырылатын «Туған елге тағзым» өлкетану-экспедициялық жобасы шәкірттеріміз үшін таптырмас қосымша білім беру үрдісі. Бейтаныс өлке тарихымен таныса отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайлы мол мағлұматқа қанығатын сапар әрі қызық әрі ғибратқа толы. Биыл Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ақтөбе қаласында болып қайтты. Аптаға жуық уақыт ішінде көптеген тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық ...

Толығырақ »

Экология және денсаулық

Жуырда Семей қаласында «Экология. Радиация. Денсаулық» атты XIV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Алдымен Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыка-драмалық театрында пленарлық отырыс ұйымдастырылды. Шараны ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров және Семей медициналық университетінің ректоры Ерсін Жүнісов жүргізіп отырды. Радиациялық экология және радиациялық қауіпсіздік, клиникалық медицинаның өзекті мәселелері, медицинадағы зертханалық диагностиканың қазіргі заманғы мәселелері, экологиялық жағынан сәтсіз аумақтарда тұратын тұрғындардың науқастануын ...

Толығырақ »

Семейдегі Зияткерлік мектепте 10 –шы мәрте алғашқы қоңырау соғылды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі білім күнін ерекше қарсы алды.  Өйткені, биыл мектебіміз 10 –шы қатарынан өз шәкірттеріне алғашқы  қоңырауын  соқты.  «Мәдениетті ұрпақ – ел тұтқасы» тақырыбымен өткізілген салтанатты лездемеге мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар, арнайы шақырылған қонақтар қатысты.  Биылғы алғашқы қоңырау мерекесі  танымдық-тәрбиелік мәні зор ел көлеміндегі айрықша мерекелермен орайластырылды. Атап айтқанда, «Жастар жылы», 2020 жылы аталып өтілетін ...

Толығырақ »

Семейде Рубик текшесін жылдам құрастырудан халықаралық чемпионат өтуде

  Семейде Назарбаев Зияткерлік мектебінің қолдауымен рубик текшесін жылдам құрастырудан «Cubing Semey Open 2019» атты халықаралық чемпионат өтуде. 3 күнге созылатын жарыс «SemeySummerFest» халықаралық фестивалінің аясында ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің 25 қаласынан бөлек, Ресей, Украина, Беларусь елдерінен келген 300 –ден астам ойы мен қолы жүйрік интеллектуалды азаматтар қатысуда. —  Жарыс WCA (World Cube Association) ұйымы бекіткен 18 тәртіптің 16 түрінен өтуде. ...

Толығырақ »