Home » Tag Archives: САЛАУАТҚЫЗЫ (page 2)

Tag Archives: САЛАУАТҚЫЗЫ

БҚО-да 13 мыңнан астам бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданады

Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық комуникациялар қызметі БҚО филиалының ақпараттық алаңында болған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Гумарова мәлімдеді. Осы аптадағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісіне қатысқан басқарма өкілі облыстағы білім беру мекемелерінің 2019-2020 оқу жылына дайындығын баяндады. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстанда 30 мыңнан астам баланы қамтыған  507 (446-сы – мемлекеттік, 61-і – жеке) мектепке дейінгі білім ...

Толығырақ »

Оралдық зияткерлердің тағы бір жаңалығы

Түрлі жаңалықтарымен бөлісуге асығатын Оралдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері мен оқушылары тамақтану орындарына арналған жаңа төлем жүйесін жасақтады. «Pie Pay» бойынша тұтынушы мекеме ұсынған арнайы pау карта арқылы тө­лем жасай алады. Бұл туралы Оралдағы зияткерлік мектептің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған жобаның жетекшісі  – АҚШ-тағы Вирджиния унисерситетінің студенті, мектеп түлегі Шымболат Тналиев. Баспасөз мәлімдемесінде келтірілгендей, талапты жас Финляндия, Түрк­ияда ...

Толығырақ »

Табиғат Құрманғазиев: «Ұлттық қолөнерді жаңа технологиялар арқылы үйретемін»

Көптеген мамандықтардың ішінен өзінің кәсібін адаспай тапқан осы жанның қолынан шыққан дүниелер талайды тамсандырғаны сөзсіз. Біз де іскер, әрі шебер мұғалімнің шығармашылық жолы туралы өзінен сұрап-білгенді жөн көрдік. Бүгінгі кейіпкеріміз – БҚО Қазталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылындағы Ғ.Молдашев атындағы ОЖББ мектебінің І санатты технология, сызу, бейнелеу пәндерінің мұғалімі Табиғат Құрманғазиев.   Табиғат Сатқалиұлы, ұстаздық жол – қиын жол деп жатамыз. ...

Толығырақ »

Ономастика мәселелерін өңір жұртшылығына түсіндірді

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген танымал қоғам қайраткері, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дос Көшім өңір аудандарының және Орал қаласының тұрғындарымен кездесіп, ономастика мәселелерінің бағыт-бағдарын тұрғындарға түсіндірді. Сондай кездесудің бірі маусымның 20-сы күні Оралдағы Жастар мәдениет үйінде өтті. «Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі» тақырыбындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы кешенді кездесуді облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы ...

Толығырақ »

«Ерекше» балаларға қоғамның назарын аударту шаралары

2 сәуір – бүкіләлемдік аутизм жйлы ақпаратты тарату күні. Соған орай Орал қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Мүгедек балалардың облыстық «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің қала және облыс әкімдігімен бірлесе ұйымдастырған шаралары «Асыл мирас» аутизм орталығынан бастау алды. Мұндағы орталықтан көмек алушы балалар мен олардың ата-аналары «Орал жастары» еріктілерімен бірге көкке шар ұшырды. Бұдан әрі орталықтың қызметі таныстырылып, «ерекше» балалармен жүргізілетін арнайы бағдарламалар ...

Толығырақ »

Педагогтар шеберліктерін жетілдірді

Оралда «Батыс өсу векторы» жобасының бастауыш сынып және «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған кезеңі ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 26-28 наурызы аралығында қаладағы М.Ықсанов атындағы №36 орта мектепте өткен семинар жұмысына жүз шақты оқытушы қатысты. Өткен жылдың тамыз айында өңірімізде бастау алған «Батыс өсу векторы» жобасы мамандарды жаңашылдыққа үйретуге бағытталған. Әрбір сала бойынша кезең-кезеңмен өткізіліп келе жатқан жоба бұл жолы бастауыш сынып ...

Толығырақ »