5 әріптен тұратын «Ұстаз» сөзі. 5 ке оқы деп тұрған секілденді. 5 ке оқып сабақты менде күнде, Көрсетемін күнделікті 5 күн бойы. Ұ-ұқыпты, С-салмақты Т-тәртіпті А-ақылды З- зейін бол! — деп құралған сөздерді мен, Күнде айтқым келеді! Күнде айтқым. Ұстаздарым ...
Толығырақ »Tag Archives: поэзия
Өмір деген…
Өмір деген өтіп барат тоқтаусыз, Бекер жылжып жатқандай еш жалғаусыз, «Өмірімде не жақсылық істедім?» деп, Ой-санама сауал келер санаусыз. Өмір деген қиын екен соны ұқтым, Жамандарды байқаусызда пір тұттым, Жан-тәніммен сенім берген адамдардан, Бал орнына қып-қызылдай қан жұттым. Өмір деген қиял, ғажайып, ертегі Сол қиялым адастырды бір мені, Бұл өмірде көп армандап кеткен едім, Өмір деген алдамшы екен белгілі. ...
Толығырақ »Барлық бала бақытты болу үшін жаралған
Көзін ашып жаңа келген өмірге, Өмірінің өзгерерін білген бе? Жазығы не сол кішкене сәбидің, Барлық бала күлу керек тегінде. Неге ғана мылқау болды балақай? Өзің қолда мейірімді Жаратқан! Сәуле шашқан өміріне сол жанның Нұрыңды төк, таңдарына әр атқан! Үнсіз өмір, тыныш күндер, мылқау жан, Бір сөз айту бұл балаға бір арман. Көп қиындық көрседағы өмірден, Тағдырдың ол сынағына ...
Толығырақ »Өлеңдер топтамасы
Аяулы ана, Сағындым сол мөлдіреген көзіңді, «Боташым» деп еркелеткен сөзіңді, Сағындым ғой, сағындым жан ана, Күлімдеген жылы шырай жүзіңді. Асыл ана, Өзіңнен шалғай кетсем жабырқадың Кейде өзіңді ұмытсам жабықпадың. Алыстағы перзенттіне алаңдап, Хабарласуын күте-күте тағат таптың. Қамқор ана, Түн ұйқынды төрт бөлдің мен дегенде, Ақ сүт бердің жылаған кездерімде Бір әнін бар еді ғой үнемі айтқан Сол әнін ...
Толығырақ »ОТАН Айтшы достым, Білесің бе, Отан деген немене, Естігенде Бойыңды бір қайрат — жігер жеңе ме? Отан деген, Жалғыз сөздің астарына мән беріп, Терең оймен Мағынасын зерттеп білгің келе ме? Білгің келсе Жақында дос, отыр менің қасыма, Именшектеп Ұялмай сен, қайратты бол жасыма! Отаныңның Қырын — сырын білу үлкен қасиет, Көз жүгіртші Саналы оймен даласына, тасына. Отан деген, ...
Толығырақ »Ақын Бақыт Исаеваның өлеңдер топтамасы
НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ Қысқан аяз, Ақпанның қары кетіп, Келді Наурыз Күн жылып, құстар жетіп. У – шу асты Аспанның тәтті үндер, Жадыратты Көңілді ғажап етіп. Малдар төлдеп, Бүршік жарып тал деген, Көктер шықты, Жайлап жаңа көктеген. Айдынында Өзен – көлдің, аққу – қаз, Жағасы – ну, Көк құрақпен көмкерген. Жаңбыр жауып, Найзағай ұрып көктен, Жер босады ...
Толығырақ »БАЛАЛАРҒА Балаларым оқу оқы, Сөз маржанын ойға тоқы. Болашақта жейтін наның, Дәнін тауып, құстай шоқы. Өнер қуып, білімді бол, Тек білімде – сара жол. Ізденсеңдер талаптанып, Орындалар арман мол. Жасы үлкен қартты көрсең, Өтпе алдынан, сәлем бер. Ерте тұрып ерінбестен, Ет еңбекті төгіп тер. Намысы бар бол азамат, Жақсылыққа жаны үйір. Жоламаңдар, үлгі алмаңдар, Жамандықтан бір түйір. ...
Толығырақ »Менің Қазақстаным – менің болашағым.
Алып ұшып жүрегімнің сезімін Батырдың-ау көңілімнің төзімін, Атам заман тарихынан суырып, Бізге жеткен көңіл шіркін жібитін. Туған елім, туған жерім сен дейтін, Алабұртып жүрегіме көнбейтін. Ізі келіп жол көрсетіп біздерге, Жоғалтпа деп жүрегіңнің төзімін. Ашар болсам өткен тарих есігін, Сақ, түркінің тербетуге бесігін. Керей, Жəнібек Қозыбастың төрінде, Құрды хандық таңдап «Қазақ» есімін. Қазақ жұрты тарихы бар тамырлы, Ұлт басынан ...
Толығырақ »Ана. Исаханова Акмарал Аманхановна
Күн көзіндей күлімдеген ай нұрың Ұқтырғандай ана жүрек көп сырын. Дем бересің жылы сөзбен, көзбенен Бір өзіңе арналады, ән жырым. Ана сенің саяңда саяладым, Алақанмен маңдайымнан аяладың. Жұпар исі аңқыған бір өзіңнен, Аяулы жан еш жерден таба алмадым. Ана мен бақыттымын, бақыттымын, Тәңірім сыйлады маған жаһұт нұрын. Еш қашан сағым сынбас өзің барда Алдыңнан ашылғандай бақыт күнім. Отан Отан — ...
Толығырақ »Төредей төрде Төлеген
Төлеген Айбергеновтің 80 жылдығына арнау Қазаққа жақсы атың қалды Төре деген, Төлеген деген кім десе Төре дер ем. Ел мақтаған ақындарға мың алғыс, Аналарды құрметтеуді үйреткен. Келді міне 80-жасы атамыздың, Ақын əрі кемеңгер, данамыздың. Қалдырған отты өлеңдер жалын жырлар, Мұра болған ізімен бабамыздың. Ақын жырын жазады жас дəуренді, Махаббатқа, сезімге толы өлеңі. Жастайынан танылған дарынымен, Ақын жырын оқиды сүйіп елі. ...
Толығырақ »