2021 жылдың соңына дейін білім беру саласындағы 9 мемлекеттік қызмет автоматтандырылады. Осылайша, аттестаттауға құжаттарды тапсыру кезінде бюрократияға тап болатын мұғалімдердің жұмысы жеңілдемек. Бұл жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлім етті. Оның пікірінше, қазіргі уақытта ұстаздардың бума-бума құжаттарды жинауға кететін уақытын зая жібермей, керісінше, біліктіліктерін арттырып, аттестаттауға дайындалуға мүмкіндік беру үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. ...
Толығырақ »