Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика әдістемелік бірлестігі белгілі ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қажи Нұрсұлтанұлы Нұрсұлтановтың атында 5-6 сынып оқушылары үшін математикадан І аймақтық олимпиада өткізді. Олимпиадаға 130-ға жуық оқушы қатысып, бақтарын сынады. Бар ғылымның атасы саналатын есепке кімнің жүйрік екендігін анықтады. Олимпиада аясында әдістемелік-тәжірибелік конференция қоса өтіп, мектеп мұғалімдерінің көкейінде жүрген өзекті мәселелер ортаға салынды. — ...
Толығырақ »