«BILIM AINASY» республикалық газетінің тілшілері «Жеті сауал» жобасының сауалнама сұрақтарына жауап алу мақсатында қала мектептерін аралауын тоқтатқан жоқ. Бұл жолы «№74 мектеп-гимназясына» бас сұқты. Мектептің бүгінгі өміріне, жаңалықтарына куә болып, сауалнама сұрақтарына жауап алып қоймай, үздік оқушыларымен де танысты. Сондай алғыр оқушылардың бірі әрі бірегейі – Сабыржанова Гүлнұр Талғатқызы. Нұр-Сұлтан қаласының төл перзенті қазіргі таңда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, ...
Толығырақ »Tag Archives: Жұпар Сансызбаева
«Шашудың» шуағына шақыру
Бүгін «Білім айнасы» республикалық газетінің негізін қалаушы Қуантай Амантайұлы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «№20 орта мектепте» болды. Орта мектептің бір күндік өмірімен танысқан бас редактор даярлық тобының ұстаздарымен кездесіп, өзінің авторлық «Шашу» атты оқу-танымдық кешенімен таныстырды. Кешеннің жеті артықшылығына қаныққан ұстаздар ерекше қызығушылық танытты. Алима Қисымқызының ғылыми жетекшілігімен дайындалған кешеннің әдістемелігі мен бір күндік қысқа мерзімді жоспары кеңінен талқыланған кездесу оң ...
Толығырақ »Ерейментаудағы ерекше кездесу
«Білім айнасы» республикалық газетінің негізін қалаушы Қуантай Амантайұлы Ақмола облысы, Ерейментау ауданының орталығы – Ерейментау қаласында болды. Мақсат – өзге өңірлердің білім беру мекемелерімен танысып, ұстаздарымен кездесіп, тығыз қарым-қатынас орнату. Сол мақсатта Қуантай Амантайұлы, алдымен, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәуле Мейрамқызымен, мектепке дейінгі білім беру бөлімімен жұмыс жасайтын маман Елена Николаевнамен кездесті. Алған ақпараттарға сүйенсек, аудан бойынша 5 ...
Толығырақ »Қарттарымыз — қазынамыз
«Аман сау жүрші, қарттарым!… ». Дәл осындай атаумен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№86 мектеп-гимназиясында» 1-қазан қарттар күніне орай мерекелік кеш өтті. Мақсат — оқушы бойына асыл қасиеттерді сіңіру, үлкенді құрметтеудің ерекше үлгісін көрсете отырып, қарттарды мерекелерімен құттықтау. 30-ға жуық қарт әдеби-сазды кештің сыйлы қонақтарының қатарында болды. Кеш шымылдығы мектеп оркестрінің орындауындағы «Балбырауын» күйімен түріліп, білім ордасының жезтаңдай қыздарының әсем әніне ұласты. ...
Толығырақ »