18 қаңтарда “Оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологияның тиімділігі” тақырыбында аудандық семинар өтті. Оған Бостандық ауданының мектептерінен жас мамандар қатысып, тәжірибе жинақтады. Семинар барысында мектептің химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Бектасова Назира Турганбековна жас ұстаздарға “Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісінде оқушылардың білімін бағалаудың тиімділігі” тақырыбында баяндама оқыды. Биология пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Молдабаева Әсел Ғабитқызы “Жеке бренд — табысты ұстаз құпиясы” атты коучинг өткізді. ...
Толығырақ »