Көкжиектен құланиектене көтерілген күн жылы жүзбен ұзатылған сұлу қыздай сылаңдап, күймесімен күлім қаға, әдеттегі қалпынан бір танбай күмбезіне ақырын ғана шеру тартты. Шапағын жаға жаныңды жадыратты. Бар дүние нұрға бөленді, тотыдайын түрлене, жандана, жайнай түсті еркін дала төсі. Таңғы жібектей ескен самал желі бетті өбсе, ақшаңқан түтілген мақтадай ақ бұлты әуеде қалықтап, сайрауыш сан түрлі құстары әнімен тербеген. Кеудеңде шаттық ...
Толығырақ »