Жас ұрпақты ата — баба дәстүрімен тәрбиелей отырып әже тәрбиесін үлгі етіп,әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану,әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу мақсатында балабақшаның бейімді әдіскері Тегісбаева Ақшагүл және балабақшаның білікті тәрбиешісі Қансұлу Айжанқызының ұйымдастыруымен балабақшамызда «Ал, қанекей,әжелер» сайысы өтті. Сайысқа Ақоразова Сәнбике,Саркенова Баян,Аязова Алтынгүл атты әжелер қатысты.Әжелер ата-дәстүрмен өздерін таныстырып,өнерлерін көрсетті.Ұлттық тағам дайындап,тоқыма және тігін шеберліктерін көрсетті. ...
Толығырақ »