Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Ведомство басшысына бейнебайланыс арқылы тікелей эфирде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, сонымен бірге Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары жүгінді. Сұрақтардың басым бөлігі балабақшалар мен мектептерге қатысты болды. Оның ішінде, білім беру ұйымдарында ақша жинау және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану мәселелері. Екі өтініш бойынша келіп түскен ақпарат негізінде ...
Толығырақ »Tag Archives: Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың ФБ парақшасынан
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады. Пандемия жағдайына байланысты олимпиада жеңімпаздарымен жыл сайынғы кездесу онлайн форматта өтті. Дегенмен, Нұр-Сұлтан қаласының оқушыларына Министр медальдарды жеке табыстады. Іс-шара №89 мектеп-лицейінде өтті. Асхат Аймағамбетов оқушыларға арналған басты зияткерлік сайыста жақсы нәтиже көрсетуге көмектескен педагогтерге жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ ол дарынды оқушылардың ата-аналарына ...
Толығырақ »Қазақстан тарихына қатысты базалық мектеп оқулығын даярлау мәселесі талқыланды
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов тарихшы ғалымдармен кездесті. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Министрдің жазуынша, кездесуде ғалымдармен және мұғалімдермен Қазақстанның тарих ғылымын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері, Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық басылымды, Қазақстан тарихы бойынша базалық мектеп оқулығын дайындаудың ұйымдастырушылық және әдіснамалық мәселелері, мектептерде тарихты оқыту проблемалары, оның ішінде үлгілік бағдарлама дайындау туралы мәселелер талқыланған. Бұл ортақ ...
Толығырақ »Педагоктер степендиясы 42 мың мөлшерінде болады
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мамыр айындағы отырысында білім мен ғылымды дамыту мәселелері негізгі тақырып болды. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев білім және ғылым жүйесі үшін маңызды тапсырмалар берді. Мысалы, педагогикалық мамандықтарға түсетін абитуриенттерге қойылатын талаптарды арттыру және стипендия мөлшерін 42 мың теңгеге дейін ұлғайту тапсырмасы берілді. Өткен жылы стипендия мөлшері 21 мың теңгені құраса, Президенттің тапсырмасынан кейін желтоқсан ...
Толығырақ »