Home » Tag Archives: Ақерке Амангелдіқызы

Tag Archives: Ақерке Амангелдіқызы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, КМҚК “№72 бөбекжай-балабақшасында” мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Бұл конференцияда Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Қасымбек Айгүл Жұмабекқызы және білім бөлімінің бас маманы Шолпан Муратовна, Алматы қаласының бөбекжай-балабақшаларының меңгерушілері және Астана қаласы Toddler балабақшалар желісінің негізін қалаушысы — Сайлаубекова Жансая Дулатқызы, Астана қаласы МКҚК ...

Толығырақ »

Білім алушыларды рефлективті ойлауға үйрету

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №203 жалпы білім беретін мектебінде “Білім алушыларды рефлективті ойлауға үйрету” тақырыбында тәжірибе бөлісу мақсатында қалалық семинар өтті. Семинар музыка пәнінің мұғалімі Оханов Бекзат Нарбекұлының күмбірлеген күйімен ашылды.      “Білім алушыларды рефлективті ойлауға үйрету” тақырыбында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша КДИ «Педагогика және әдістеме» кафедрасының аға оқытушысы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жартынова Жанар Алибековна семинар ...

Толығырақ »

Ұлттық құндылықтар — бала тәрбиесінің қайнар көзі

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Бұл бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Осы мақсатта Алматы ...

Толығырақ »

ҮЗДІК ҰСТАЗДАН – ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №178 мамандандырылған лицейінде Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Үздік ұстаздан-үздік тәжірибе» атты қалалық семинар өтті. Семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегі елімізге белгілі ұстаз, Қазақстанның білім саласындағы алғашқы Еңбек ері Аягүл Миразоваға берілді. Лицейдің бүгінгі даму мен жаңғыру жолы, тыныс-тіршілігі туралы «Құрмет» орденінің иегері, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, 2014 жылдың  «Үздік педагогы»,  №178 мамандандырылған лицей директоры ...

Толығырақ »

Қарттарым-қазынам

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №60 гимназияның ұстаздары мен шәкірттері “Қамқор” қарттар үйіне барып қайтты. Негізінде бұл сапар «Қарттар айына» орайластырып ұйымдастырылды және мектеп ұжымы биылғы оқу жылындағы игілікті іс-шаралар легін осындай кездесуден бастауды жөн санаған екен. Балалардың келгеніне қатты қуанып қалған қарттар мен мекеме қызметкерлері риза болып, жақсы көңіл-күйде қуана қарсы алып алды. Оқушылар қарияларға амандасып, халдарын сұрап, өздері дайындап ...

Толығырақ »

Республика күні

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №131 бөбекжай-балабақшасында 25-қазан Республика күні мерекесіне орай ертеңгіліктер өткізілді. Сан жылдар бойы азаттықты көксеген ел үшін бұл күннің орны ерекше. Тарихи күннің мән-маңызын түсінген балалар да ертеңгіліктерге тыңғылықты дайындалған. “Қазақ елім, Қазақстаным” деп ұрандатқан бүлдіршіндердің шырқаған әні мен жатқа айтқан тақпақтары көз сүйсіндіреді. Олар бар өнерін ортаға салып, патриоттық әндер орындады.      «Республика күні – ...

Толығырақ »

Қазақстан — туған елім, ұлы өлкем!

25 қазан — Қазақстан үшін ерекше маңызы бар күн. Бұл күн Республика күні ретінде аталып өтеді және еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Республика күні – ұлттық мереке, ол халықты бірлікке, отансүйгіштікке шақырады. Бұл күнде еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік шаралар өтеді. Мерекелік іс-шаралардың бірі бүгін Алматы қаласы, Бостандық ауданы, КМҚК №113 бөбекжай-балабақшасында «Қазақстан — туған елім, ұлы ...

Толығырақ »

Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел

Алматы қаласы, Алмалы ауданы №14 бөбекжай-балабақшасында Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Республика күні халықтық мереке. Бұл күні елде мерекелік көңіл-күй орнап, концерттік бағдарламалар қойылып, халық шад-шадыман күйде жүреді. Қазақстан өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем картасында орын алды. Шара басталардан бұрын-ақ бөбекжайда әуезді әуендер ойнап,  балалардың ерекше көңіл-күйі сезіліп ...

Толығырақ »

Қастерлейтінім — қазақ тілі

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №203 жалпы орта мектебінде Республика күні қарсаңында «Қастерлейтінім — қазақ тілі»тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Парасат” орденінің иегері, дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистровамен кездесу өтті.         Қазақтың қара домбырасын шертіп, күміс көмей даусымен қазаққа танымал болған Татьяна Николаевна 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы қаласындағы «Ұлттық өнер» мәдени орталығының басшылық қызметін атқарып, Республикалық «Айтыс» ...

Толығырақ »

Балабақша — бақыт баспалдағы

Дүние есігін алғаш ашқан әр сәби отбасында ата-әжесінің, әке-анасының және бауырларының махаббаты мен жылулығына бөленіп өседі. Әр отбасында берілетін тәрбие түрліше болады. Өздерінің қалыптасқан  отбасылық құндылықтары арқылы  тәрбиеленеді. Ал білім мен тәрбие беретін балабақшада жаңашылдық пен заманауилықты ұштастыра  отырып, елін сүйетін, адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуге үлкен жауапкершілікпен қарайды.       Мақаламызға арқау болып отырған Алматы қаласы Түрксіб ауданында орналасқан, куаттылығы 145орындық, КМҚК «№118 Бөбекжай-балабақшасы». ...

Толығырақ »