Home » Tag Archives: Арыс

Tag Archives: Арыс

АРЫС: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Бүгін республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Арыстық балғындар қуанышқа кенелді. Жаңа оқу жылының алдында бастамаға ұйытқы болған «KAZAKHSTAN ASELSAN ENGINEERING» (KAE) ЖШС-і. Акцияның мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық компания өкілдері, өздерінің әріптестеріне қолдау білдіру мақсатында, мекемеде қызмет атқаратын жұмысшылардың, мектеп оқитын балаларына көмек қолын созу. Яғни мектеп оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен сертификат табыс етілді. Шараға арнайы қатысқан «ҚазТехнология» компаниясының ...

Толығырақ »

100 МЫҢ ТЕҢГЕНІ АЛУ ҮШІН АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА БАНК КАРТОЧКАЛАРЫ ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

100 мың теңге тіркеуде тұрғандарға түгел таратылады. Анықталған 55 мыңнан астам адам 12 тамыздан бастап қаражатқа қол жеткізеді. Бүгінгі таңда екі ауылдық елді мекен мен Арыс қаласындағы 17 секторда банк карточкалары таратылуда. Қызылорда, Жамбыл және Шымкенттен «Халық банкінің» 120 қызметкері Арысқа арнайы келіп жұмыс жүргізуде. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, ақшаны алудың тәртібін түсіндірді. «Осы уақытта 33 мың банк ...

Толығырақ »

АРЫСТЫҚ 2 МЫҢ ТҰРҒЫН ЖОБА АЯСЫНДА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК АЛДЫ

Болат Өтемұратов қоры, Қазақстанның «Қызыл Ай» қоғамы мен ForteBank-тің «Көмек картасы» бірлескен жобасының шеңберінде Арыс қаласының 2 мыңға жуық тұрғыны қаржылай көмекке ие болды. Бөлінген ақшаға құрылыс материалдарын сатып алуға, шаруашылық тауарларын түгендеуге және киім-кешекті бүтіндеуге беріліп отыр. Бүгінгі таңда Арыс қаласының әкімдігі мен «Қызыл Ай» және Болат Өтемұратов қоры көмек алушыларды анықтады. Олардың қатарында медициналық жәрдемге жүгінгендер, көпбалалы отбасылар, ...

Толығырақ »

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА АРНАЙЫ КЕЛДІ

Арыс қаласындағы бір қатар әлеуметтік нысандардың қайта жөндеу жұмыстарын ұлттық қор қаржыландыруда. Мәселен, бүгінгі таңда бөлінген ақша тиімді жұмсалып, мектеп, балабақша, аурухана және теміржол вокзалы жаңалану үстінде. Жауапты мердігер компаниялар тірлікті берілген мерзімде аяқтайтындарына сенімді. Осындай ауқымды істің қалай жүріп жатқанын көру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Арыс қаласына арнайы келді. Бірінші аялдаған нысан «Көктем-2» ...

Толығырақ »

АРЫС: «ЕМБІМҰНАЙГАЗ» ҰЖЫМЫ 400-ДЕН АСТАМ БАЛАНЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ

Бүгін Арыс қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ұжымы «Арыс. Біз біргеміз» республикалық акциясына үн қосып, 400-ден астам арыстық оқушыға мектеп жабдықтары мен киім-кешек сатып әперді. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтың бастамасымен арнайы өкілдерін жіберген атыраулық мұнайшылар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сынып оқушыларын қуантып, Арыс жұртшылығымен бірге ...

Толығырақ »

АРЫСТА 1870 ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Арыс қаласында 1870 үйдің жөндеу жұмысы аяқталды. Бұл туралы бүгін Арыс қаласында өткен облыс әкімдігінің аппарат отырысында айтылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдайдың зардаптарын жою, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу, тұрғындарға жан-жақты жағдай жасау мәселелерін қозғап, құрылысты кешіктіріп жатқан сектор басшыларына жұмысты күшейту керектігін айтты. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жалпы Арыс қаласында жеке ...

Толығырақ »

АРЫСТЫҚ 250 БАЛА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ТӨЛЕБИДЕ ӨТКІЗЕДI

Астанадағы Елбасы негізін қалаған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы осы шілде айында Арыстағы жарылыстан зардап шеккен отбасылардың үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескере отырып, мектеп жасындағы арыстық 250 оқушы балаға арналған «ENU Team» атты жазғы демалыс лагерін ұйымдастыруды қолға алды. Шараның мақсаты – 30 күндік мерзім ішінде мектеп оқушылары онда жай демалып қана қоймай бос уақытын тиімді пайдаланып, ...

Толығырақ »

АСҚАР МАМИН АРЫС ҚАЛАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Қазір Арыс қаласында 1544 жекеменшік тұрғын үйде құрылыс жұмыстары аяқталған, 7089 жеке тұрғын үйде және 96 көпқабатты үйде қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың 4683 үйлерінде жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 126 жекеменшік үйде және ...

Толығырақ »

АРЫСТА ЕШҚАНДАЙ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІП ЖОҚ

Арыс қаласы тұрғындарының тынысы тарылып, белгісіз індеттен көз жұмып жатыр деген ақпарат жалған. Шаһарда орын алған апаттан кейін шығып жатқан мұндай дәлелсіз ақпарларға ермеуге шақырамыз. Осы орайда әлеуметтік желілер мен дәлелсіз жалған ақпарат тарқатқан кейбір БАҚ-тағы мәліметтердің шындыққа еш жанаспайтынын жеткіземіз. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов Арыс қаласы әкімдігінде өткен брифингте мәлімдеді. Түркістан облысының ...

Толығырақ »

АРЫС: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ТИЕСІЛІ СЕКТОРДА 50 ҮЙ ЖӨНДЕЛДІ

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы келді. Ол Жамбыл облысы жауапты болып бекітілген 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру барысын көзбен көріп, 11 көшенің белсенді тұрғындармен кездесті. Асқар Исабекұлы штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін айтты. Өз кезегінде 3-сектор аумағындағы арыстық тұрғындар әулеиаталық құрылысшылардың жұмысына көңілдері толатындарын жеткізіп, алғыстарын білдірді. Бүгінде Жамбыл облысына тиесілі ...

Толығырақ »