Home » Tag Archives: Абуова Айна Хасановна

Tag Archives: Абуова Айна Хасановна

Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы №11 орта мектеп Информатика пәнінің оқытушысы Абуова Айна Хасановна   Бүгіндегі жастарға оқу міндет, Тек қана оқуменен өнер білмек, Өнер — білім, адалдық, ар – намысты Жоятын надандық қой емсіз індет.  (Сұлтанмахмұт Торайғыров)  ХХІ  ғасырға  аяқ  басқаннан ақпараттық технология мен  телекоммуникация  құралдарының    жедел  түрде  дамып,  әлемде ақпараттың  жыл  сайын  еселеніп  өсуді  салдарынан  білім  және технологияның  жаңа  салалары  қарқынды  дами  бастады.  Жаңа  ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін  жетілдіріп  отыруды,  қажет  болса өз қызметіне жақын, тіпті жаңа мамандықты игеріп отыруды талап етеді. Орта мектепте оқушылар білімдерінің негізі қаланатын болғандықтан,  олар  жан-жақты  білімді  болу,  әлемде  болып  жатқан өзгерістерден  тыс  қалмау  үшін,  ауқымды    желіге  қосылу,  қажетті ақпаратты  іздеп  табуға  дағдылануы,  ақпараттарды  қажеттілігіне  қарай қолдана алуды үйренуі тиіс. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына ...

Толығырақ »