Home » Tag Archives: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі (page 3)

Tag Archives: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Жаңа форматтағы педагогикалық кеңес

Жуырда Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кезекті ерекше педагогикалық кеңес өтті. Оқушылардың үй тапсырмаларын, яғни жалпы жүктемелерін жеңілдетудің жолдарын қарастырған кеңес «БҰҰ моделі» форматында ұйымдастырылды. Рас, жасыратыны жоқ шәкірттер үшін мектеп бағдарламасын меңгеруде қиындықтар кездесіп тұрады, әр оқушының материалды қабылдауы мен оны меңгеруі, оқу дағдылары, тіптен үлгерім қабілеттерінің әртүрлі екенін екінің бірі жақсы біледі. Бірақ, пән бойынша қорытынды ...

Толығырақ »

Оқушылар «Шәкәрім. Жолсыз жаза» қойылымын тамашалады

Дүниеге келмей тұрып пешенесіне тағдырдың тәлкегі жазылған тау тұлғалардың бірі — Шәкәрім. Ойшылдың саналы ғұмырында тартқан азабы мен көрген қорлығы жайлы әдебиет беттері, түрлі басылымдар мен әлеуметтік желілерден оқып танысқанымызбен, көз алдымызға елестете алмағанымыз шындық. Ал Семейдегі «Дариға-ай» жастар театрының бел бүгілердей батпан жүкті арқалап алып, ақынның шырғалаңға толы өмірін шығармаға айналдырып, сахналанған «Шәкәрім. Жолсыз жаза» атты спектаклі әр адамды ...

Толығырақ »

Желілік жобаның жемісі

Ағымдағы оқу жылының алғашқы жарты жылдығы аяқталар тұста мектебімізде нағыз шығармашылық кеш өтті. Мектебімізге қабылданғандарына санаулы ғана ай өткен 7 сынып оқушылары «100 ән», «100 күй», «100 кітап» жобалары аясында үйренген өнерлерін ортаға салып, ұстаздары мен ата-аналарын қуанышқа бөледі. Еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ғана тән аталмыш жобалар қолға алынғалы дарынды оқушыларымыздың тағы бір қырлары ашылып, білім мен өнерді қатар алып ...

Толығырақ »

Семейдегі Зияткерлік мектепте «Ашық есік» күні өтті

«Семейге Зияткерлік мектеп үшін көшіп келдік», -дейді немересінің болашағына бей-жай қарамайтын ақсақал. Бекқали Ахметқалиұлы шаһарға  осы жылы Абай ауданынан қоныс аударған. Басты себеп – немересін физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға беру. Қазір қаламыздағы №8 мектептің 6 сыныбында оқып жүрген Данара Бекқалидің арманы – осы мектептің шәкірті атану. Есепке жүйрік оқушы математиканы төменгі сыныптан қызығушылықпен оқитын болып шықты. -Немеремнен үлкен ...

Толығырақ »

Тәрбиешілер тәжірибе таратады

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына арнаған биылғы Жолдауында атап өтілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу тәжірибесін тарату тапсырмасына орай нақты істерді жүзеге асырып жатқандар қатарында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасы тәрбиешілері де бар. Соңғы 2 жылдан бері жатақханада тұрып білім алатын шәкірттерімізге қосымша білім мен тәрбие беріп келе жатқан «Тәрбиешілер» әдістемелік бірлестігі өздерінде қалыптасып, бір ізге түскен озық тәжірибелерін ...

Толығырақ »

Көшпелі көрменің кереметі көп

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне көшпелі көрме келді.  Шаһарымыздағы Абайдың әдеби –мемориалдық қорық мұражайы қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған шара қазақтың бас ақынына арналған. Білім ордамыздың дәлізіне қойылған көрмеден Хәкім Абайдың өнегелі өмірімен жақынырақ танысуға болады. — «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы», — деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, адамзаттың Абайы атанған ...

Толығырақ »

«Тұңғыш – Первый» кино апталығы өтті

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Тұңғыш — первый» кино апталығы өтті. Апталықта Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы кемеңгер саясаткер Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуы жолындағы өлшеусіз еңбектері баяндалатын фильмдер көрсетілді. — Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы үшін жасаған оң қадамдары мен ерен еңбектері елімізде ғана емес, әлемде де жоғары бағаланып келеді. Тәуелсіз мемлекетімізді дамыған елдердің қатарына қосуға ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАЛДАН ЖИНАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛДЫ

Қайырымдылық – адамның ізгі қасиеттерінің бірі. Көмекке мұқтаж жандарға қолұшын беру әрбір тұлғаның қоғам алдындағы міндеті деп білеміз. Осы ретте  Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздары мен оқушылары көпке үлгі болып келеді. Мәселен, олар қайырымдылық Вена балын 5- ші жыл қатарынан ұйымдастырды. Шара Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 10 жылдық мерейтойына ...

Толығырақ »

Ұлы мекеннен үлкен ілім

 Ел мен жердің тарихын жатқа білу әр өскелең ұрпақтың өткені мен ұлтына деген құрметтің бірі болар еді. Бұл ертеңгі күнге бағдар жасауға да көмектеседі. Төл тарихымыздың қатпар-қатпар беттерінде ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы мен өмірлік ұстанымы, тұрмыс –тіршілігі, артына қалдырған мол мұралары жатыр. Оны танып білу бүгінгі заман адамының үлесінде. Осы мақсатты басшылыққа алған Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ...

Толығырақ »

Аттанды сапарға …

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мен Елордамыз Астананың 20 жылдығы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 10 жылдығына орайластырылған түлектер кеші салтанаты өткізілді. Салтанатты шараға қала әкімі Ермак Сәлімов қатысып, «Алтын белгі» иелерін марапаттады. — Сіздер бақытты ұрпақсыздар. Еліміз кемелдену жолында өмір сүріп, білім алып, қолжетімді барлық мүмкіндіктерді еркін пайдаланып отырған дәуірдің түлегісіздер. ...

Толығырақ »