Home » Tag Archives: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі (page 2)

Tag Archives: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Рүстем Ресейден жүлдемен оралды.

Сәуір айының соңғы аптасында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында  химия пәнінен 53-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Олимпиадаға әлемнің 30 елінен жас химиктер командалары келіп, өз елдерінің  намысын қорғады. Тіптен Қытайдың ұлттық құрама командасы алғаш рет қатысып, нағыз  «Титандар шайқасы» болды. Еліміздің командасы құрамында республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарында бірнеше рет дайындықтан өткен 8 оқушы Қазақстан намысын қорғады. Солардың бірі ...

Толығырақ »

ІІ қалалық GIN конференциясы өтті

GIN – жаһандық мәселелер желісі ғана емес, оны шешудің жолдарын қарастыратын серпінді жобалар мен еркін пікір алаңы. ХХІ ғасырдың нағыз көшбасшысы бойынан табылуы тиіс жаһандық азаматтық та осы GIN мақсаттарымен үндес. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде осымен 2 -ші мәрте қалалық конференция ұйымдастырылып, қоғамдағы күрделі мәселелерге бей-жай қарамайтын оқушылар жобаларының басын біріктірген қорытынды жиын өтті. — Бүгінгі конференцияға ...

Толығырақ »

Ришат Ресейді мойындатты

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Ришат Еркінбек ХХ бүкілресейлік жоғары сынып оқушыларының  «Ғылым мен техникадағы жас зерттеушілер» атты зерттеу жұмыстары конференция-сайысында  1 орынға ие болды.  Сайысқа «Линейная Эрозия» жобасымен қатысты.  Осы арқылы тиісті сала мамандарының назарын Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылындағы жыралардың пайда болуымен оның қоршаған ортаға тигізер әсеріне аударғысы келген. — Жобаны қорғау үшін бір ...

Толығырақ »

«Redamancy» — би патшайымдары

Оқу жылы басында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар қызығушылығын тудырған сайыс басталған болатын. «World of Dance» аталған би бәсекесі «ә» дегеннен өзінің қатысушыларының көптігімен ерекшеленді.  Білім ошағымыздың 7-11 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған өнер бәйгесіне 15 топқа біріккен 50 үміткер қатысуға ниет білдірді. -Мектеп тарихында дәл осындай ауқымды жоба екінші мәрте өткізіліп отыр. Биылғы сайысты өткізу идеясын мектебіміздің ...

Толығырақ »

«Екі жұлдыз» байқауы жаңа таланттарды танытты.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Мектеп оқушыларына арналған «100 ән» жобасының аясында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – оқушы мен ұстаз, ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа таланттарды анықтау. Білім ошағымыздың тәрбие бағытының бірс аласына енетін жоба дәстүрлі түрде 3 -ші мәрте қолға алынды. — Мұғалім мен шәкірт арасындағы сыйластық ...

Толығырақ »

Бала тәрбиесіне бей-жай қарамалық

Мықты отбасы —  кез-келген мемлекеттің мызғымас тірегі. Шаңырақ тұтастығы оның әрбір мүшесіне де байланысты. Олардың ауызбіршілікте болып, кіші үлкенді сыйлап, үлкен кішіге ізет көрсетіп тұрса бақытты жанұя деген сол емес пе? Еліміздегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қарасты білім ошақтарының барлығында бір демде ұйымдастырылған «Берік отбасы» жобасы БҰҰ бірлесіп, Ұлыбританиядағы атақты Оксфорд университетінің ғалымдары дайындаған бағдарламасының негізінде жүзеге асуда. 10-14 жас ...

Толығырақ »

Мектептегі «Көшбасшылар кеңесін» ұлықтау

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Көшбасшылар кеңесі» қайтадан сайланып, оларды ұлықтау рәсімі өтті. Бұл мектеп тарихындағы 8-ші жаңа құрам. Мектеп акт залында оқу мен шығармашылықта алда жүретін озат оқушылардан құралған кеңес Президенті мен мүшелерін көпшілікке салтанатты түрде таныстырылды. Жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар қатысты. —  «Көшбасшылар кеңесі» — мектептегі ұстаздардың көмекшісі деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, білім ...

Толығырақ »

Айғаным Абу-Дабидегі американ университетіне оқуға түсті

Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетіне кезекті шәкіртіміз оқуға түсіп отыр. Мектебіміздің мақтаулы оқушыларының бірі –Айғаным Хамитханова «SAT Reasoning» және «IELTS» халықаралық емтихандарының нәтижесінде әлемдегі рейтингі жоғары оқу орнына қабылданды. Осылайша, ата-анасын ғана емес өзі білім алатын мектеп ұжымының мерейін өсірген ол болашағын әлеуметтік зерттеулер саласына арнамақшы. — Былтырғы жылдың қараша айында  ағылшын тіліндегі халықаралық тестілеу жүйесіне қатысып (IELTS), тиісті 9.0 балдың 7,5 ...

Толығырақ »

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ТӘЖІРИБЕСІ ТАРАТЫЛДЫ

Қазір Семейдегі негізгі орта білім беру мекемелеріне Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу тәжірибесін ғана емес, тәрбие жұмысы бағытындағы жұмыстарды да тарату жүргізілуде. Мәселен, апта басында білім ошағымызға арнайы келген №31 орта мектеп оқушылары біздің шәкірттер күшімен жүзеге асатын әлеуметтік жобалармен танысып, мол ақпарат алды. — Сіздердің мектепте 4 жетекші, 72 оқушы келіп отыр. Мақсатымыз – Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүзеге асып жатқан ...

Толығырақ »

Зияткерлік мектеп студенттерге әдістемелік көмек көрсетті

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында орта мектептердегі білім беру ісі де назардан тыс қалған жоқ. Президент өз сөзінде: «Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады.»,- деп атап өту арқылы Зияткерлік мектептердің қоғам алдындағы ...

Толығырақ »