Home » Tag Archives: Кәмшат Ізбасарова (page 2)

Tag Archives: Кәмшат Ізбасарова

Жер қойнауын пайдаланушыларға ақбөкендерді сақтау шараларына белсенді қатысуға ұсыныс жасалды

Ақтау қаласында «ҚазАзот» АҚ келісімшарттық аумақтарында Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің кейбір талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Басқосуда экологтар жер қойнауын пайдаланушыларға ақбөкендерді сақтау шараларына белсенді қатысуға шақырды. Ақбөкендер мекендейтін аймақтарда тұрып жатқан жергілікті қауымдастықтар бұл мәселеге бұрынғыға қарағанда енді назар аудара бастағандығы байқалады. Бұл туралы тәуелсіз эколог, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының Маңғыстау облысындағы филиалының төрағасы ...

Толығырақ »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жойқын соққылар нәтижесіз емес  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам Ұлт жоспары барлық салаларды қамтитыны белгілі. Оның ішінде кәсіби мемлекеттік аппаратты құру, мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту керектігі айтылады. Маңғыстау өңірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында бірқатар ауқымыды жұмыстар жүргізіліп келе жатқандығы туралы «Азаматтық құқық» үкіметтік емес ұйымының директоры Айнагүл Байбатырова ...

Толығырақ »

Маңғыстаулық көркем гимнастика шеберлері төрткүл дүниені мойындатпақ 

 Маңғыстаулық көркем гимнастшылардың Азия, Еуропа, Әлем және төрт жылда бір келетін жазғы Олимпиада ойындарында топ жаратын күндері алыс емес. Небір биіктерді бағындыруды осы бастан мақсат еткен олардың қазіргі дайындығына мамандар жоғары баға беріп отыр.  Жақында ғана Ақтау қаласында көркем гимнастикадан 2003-2012 жылдары туған қыздар арасында ІІ халықаралық «Шағала» турнирі өз мәресіне жеткен болатын. Биылғы жылы өткен турнирдің ерекшелігі гимнастиканың халықаралық ...

Толығырақ »

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының Маңғыстау облысы бойынша жеңімпаздары марапатталды

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында және  «Бес әлеуметтік бастамада» халықтың әлеуметтік мәселесі басты назарда екендігі нақты көрсетілген. Бұл — Елбасының, халқына ерекше қамқорлығы мен жанашырлығының айқын көрінісі. Алғашқы болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев осылай дей келе, билік партиясы барша азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес ...

Толығырақ »

Маңғыстауда табиғат қорғаушылар марапатталды

Ақтауда дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Облыстық экология департаментімен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бірлесіп өткізген шара Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тарапынан қолдау тапты. Алдымен қонақтарға Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жылдығына орай арнайы дайындалған сюжеті көрсетілген соң, мерекелік құттықтау сөзін жеткізу үшін сахна төріне облыс әкімінің ...

Толығырақ »

Маңғыстауда бірқатар мерекелік шаралар өткізілмек

«Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының 2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асыратын жобаларымен таныстыру мақсатында баспасөз конференциясын өткізді. Азаматтық сектор аясында болып жатқан кейбір өзгерістерді атап өткен Маңғыстау облысы Азаматтық Альянсының президенті Жібек Ахметованың айтуынша, 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің кейбір түрін үкіметтік емес ұйымдар көрсете бастады, 2017 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ...

Толығырақ »

Ержүрек Дархан марапатқа бөленді

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ел ауызында «батыр бала» атанып кеткен 13 жастағы маңғыстаулық Дархан Әмірханға құрмет көрсетілді. Соңына ерген бір інісі мен үш қарындасын өрттен аман алып шыққан 7 сынып оқушысына белесебет, бағалы сыйлықтар және төтенше жағдайлар департаменті басшысының алғыс хаты табысталды.   Шараға «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты, депутаттар, ассамблея мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Оқиға ...

Толығырақ »

Әке, ана және мен – спорт сүйер жанұя

Еліміздің әр өңірінде дәстүрге айналған отбасылық сайыста Ақтау қаласы да қалыс қалмай, спорттық шараны жоғары деңгейде өткізе алды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Данияр Орал хабарлады.  Өңірдің мемлекеттік қызметшілері арасында Теннис орталығында ұйымдастырылған шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша ...

Толығырақ »

Маңғыстауда «Нұр Отан» партиясы ұсынған жаңа жобалардың жүзеге асырылуы қарқынды

Билік партиясы нақты әлеуметтік топтарға бағытталған 7 партиялық жобаны іске асырған болатын. Журналистермен және мектеп оқушыларымен кездесуде «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев осылай деді. Оның айтуынша, Елбасының партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес 22 жаңа жоба қолға алынып, оларды тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше меморандумдарға қол қойылған. Жаңа реформаның басты мақсаты – ...

Толығырақ »

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

Ақтаудағы барлық мемлекеттік балабақшалар қатерлі ісікке шалдыққан Алима есімді бүлдіршінге қаржы жинауға көмек қолын созды. Қасиетті Рамазан айында Ақтаудағы №26 «Қарлығаш» бөбекжайында «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты жәрмеңкесі өтті. Халықтан түскен  549 220 теңге Астаналық Алима Көпей есімді бір жас бес айлық қызға көмек ретінде берілді.  Қазір ол Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында химиотерапия курсынан өтуде. Дәрігерлер қызды қатерлі ісік дертіне ...

Толығырақ »