Home » Tag Archives: білім айнасы (page 45)

Tag Archives: білім айнасы

Кітап алмасу науқаны

Демалыс күндері Ақжайық гүлзарында 70-ке жуық елорда тұрғыны кітап айырбастау науқанына қатысты. Кез келген адам оқыған кітаптарын өзімен бірге әкеліп жаңасына айырбастай алды. Іс-шараны Oрталықтандырылған кітапхана жүйесі Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының қолдауымен ұйымдастырды.

Толығырақ »

«Болашақ»бағдарламасы талаптарын өзгерту керек — Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына қатысу талаптарын өзгертуді тапсырды. «Білім және Ұлттық экономика министрліктерінде вице-министрлер «Болашақ» бағдарламасы үшін өз лауазымдарын аяқасты тастап кеткені белгілі. 45 жастан кейін қайдағы «Болашақ» бағдарламасымен оқу? Мұндай мысалдар аз емес, төмен деңгейдегі бірнеше мекемеде де осындай жағдай орын алған. Қызметкерлер басшысына келеді де, «Мені «Болашақ» бағдарламасымен оқуға жіберіңіз» дейді. Осылайша, магистрант атанып кете барады», ...

Толығырақ »

Мұғалімдер жаңа заңның игілігін сезінуі тиіс — Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыруды арттыру керектігін айтты. «Білім саласы экономиканың дамуына ықпал ететін маңызды бағыт. Тіпті, экономиканың толыққанды бір саласы деп айтуға болады. Дегенмен, бүгінде түйіні шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Қала және ауыл мектептерінің білім беру сапасында әлі күнге дейін айтарлықтай алшақтық сақталып отыр. Апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің мәселесі әлі де өзекті», — Қ. ...

Толығырақ »

Асхат Аймағамбетов ауылдың дарынды балаларын қолдауды айтты

 Ауылдардың, шағын қалалардың дарынды балаларын қолдаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Дарынды балаларды анықтаудың қолданыстағы жүйесі ауылдағы және шағын қалалардағы  дарынды балаларды анықтап, қолдауға өте аз мүмкіндік береді. Олимпиадаларға, конкурстарға көбінесе қаланың гимназия, лицей оқушылары қатысып, жеңіп, ауыл балалары тасада қалатыны жасырын емес. Осыған орай, министрлік Тұңғыш Президент қорымен ...

Толығырақ »

Тұрғын: Арыстық ағамды таппай жүрміз

Гүлжан Сұлтанбекова апамыз өзінің жоғалған ағасы Сұлтанбекова Махамбетхан Кенжеұлына іздеу салады. Ол кісінің айтуынша, 1963 жылы туылған ағасы Арыс ауданы, Байырқұм ауылында тұратын Бинашев Рахметолла деген кісінің қойын жайып жүріп атымен бірге іс-түссіз жоғалып кеткен. Үйінде 4 баласы, келіншегі үміт үзбей күтіп отыр. Көрген-білген, қай жерде жүргенін естігендер болса +7 771 250 90 49 байланыс нөмеріне хабарласуыңызды сұраймын.

Толығырақ »

40 жылдан кейінгі жүздесу

Оқу ордасын тәмәмдап, дүниенің әр қиырына арман қуып кеткен, №7 мектеп түлектері Бас қалада бас қосты. Тіпті анау Германия, Ресей секілді елдерден 40 жыл бұрынғы сыныптастарын көріп, сағынышын басу үшін арнайы келгендер бар. Қуанышты кешке бір партада өмірінің біраз бөлігін өткізген дос-жарандармен қатар сол кездегі мектеп басшысы да қалыс қалмай төбе көрсетті. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында үлкен ...

Толығырақ »

Отандық ет өңдеуші тағы бір кешен іске қосылды

11 шілде күні Ақмола облысы Шучинск қаласында Kazbeef Group  саладағы ең ірі ет өңдеуші кешенінің ресми ашылу салтанаты болды. Қазіргі таңда KazBeef Group жемді өсіруден бастап, өнімді қаптауға дейінгі бүкіл толық өндіріс циклін американдық технология бойынша ұйымдастырып, мәрмәр сиыр етін өндіретін Қазақстан аумағындағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. Кешен жанында ондаған шағын ферма – «сателлиттер» шоғырланған, компания олардан жануарларды сатып алатын ...

Толығырақ »

АРЫС: ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ПЕН ҚАУЕСЕТ ТАРАТУ – ЕЛГЕ ЗИЯН

Бүгін Арыс қаласын қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өтті, деп хабарлайды «Білім айнасы». Жиында ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі, полковник Қайыргелді Хусаинов Арыс қаласынан 60 шақырым қашықтықта мамандардың күшімен оқ-дәрілердің жарылмаған жалғыз бөлшектерін жою жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге ол тұрғындарды расталмаған жалған ақпараттарға сенбеуге және таратпауға шақырды. «Құрметті арыстықтар! Әлеуметтік желілерде 12-15 шілде аралығында әскери қоймадан ...

Толығырақ »

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде баланың ішкі әлеміне назар аудару өте маңызды»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен Алматы қаласында болып қайтты. Сапар барысында министр «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына барды. Министр білім беру-сауықтыру орталығының қызметімен, сондай-ақ «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасымен танысты. — Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде балалардың ішкі әлеміне назар аудару өте маңызды. Ендігі кезекте оқушының алған білімді қалай пайдаланатыны өте маңызды: адамдарға зиянын келтіре ме ...

Толығырақ »

АРЫСТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен бүгін Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «Білім айнасы». Онда жергілікті 50 шақты тауарөндірушілер 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Тауарлар қала тұрғындарына базар нарқынан 30 %-ға төмен бағада сатылымға түсті. Жиналған өнімдердің жалпы құны 67 млн. теңгеден асады. Жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлық аудан, қалалардан даму басымдылықтарына сәйкес жинақталған. Ондағы ет және ет өнімдерінің ...

Толығырақ »