«Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу»
М.Дулатов
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, білім шыңына қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,- деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгі таңда ел болашағы – жас ұрпақты заман талабыналайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру болып отыр.Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге ала отырып, бастауыш сынып пәндері бойынша оның құрылымымен, материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұны және мақсаттарымен танысып жұмыс жасаудамыз.
Бұл бағдарламасының негізгі ерекшелігі – тақырыптардың күрделеніп спиральді қағидатпен берілуі, пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін «ортақ тақырыптардың» болуы. Әр пәндегі тақырыпқа нақты мақсат қойылған. Сол мақсатқа жету үшін, тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушыны жан-жақты дамыту болып табылады. Соның нәтижесінде оқушы бойында өзіне деген сенімділік, өз ойын еркін айта алатын, өзіне-өзі баға бере алатын тұлға болып қалыптасады. Қазіргі сабақтардағы оқушылардың бір-біріне көмек көрсетуі, жұптық жұмыс жасау, өзара диалог құру, бірлесе отырып шешім қабылдау, зерттеу жүргізу, өз ойын жеткізу, топты бағалау, өзін-өзі бағалау т.б. дағдылары дамып келеді.
Қорыта айтқанда, жаңартылған бағдарлама – сапалы білім кепілі. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Оқу саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермей,сауатты,жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов. «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады» — деген екен. Бұл сөз,ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай.
2ә сынып оқушылары
Кыдырканова Карлыгаш Шарипхановна,
Алматы қаласы «№76 жалпы білім беретін мектеп»
Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі